Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын-сарын | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Түсіну/Жауап беру 11.1.4. 1.Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Көркем шығармадан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптарды қозғап жазған шығармашылық жұмыстарды тиімді пайдалану | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Мұхит, игілік, балықшы, асыраушы т.б. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| - Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық; - жаңашылдық; - ғылыми ілгерілеушілікке қызығу; - ұлттық рухани жаңғыру | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, география | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | ||||||||
Бастапқы білім | 11-сыныпта өтілген материалдар | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықты ояту Суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжату - Сабақ тақырыбы қандай? - Сіздің ойыңызша бұл шығармада не туралы айтылады? Болжап көр. ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | Слайд 1 Слайд 2 | |||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 2 минут 15 минут 7 минут | 1-тапсырма. Ж Оқылым І бөлім Мәтінді мұқият оқыңыз Шал теңіздің жасыл тасбақасын жақсы көретін, мұны түсінің әдемілігі, қозғалысының ширақтығы үшін және бағасының қымбаттығы үшін ұнататын; ал, физалияны көзін жұмып тұрып жалмайтын, әңгілеу, қимылы ебедейсіз, бисса деп аталатын, үсті сары сауытпен қапталған дүңкиген сарғылт тасбақаны ол онша тәуір көрмейтін-ді. Теңіз тасбақасын аулаушылармен бірге көп жыл қатарынан кәсіп қылған кісі болса да, бұ шал теңіз тасбақасына өш емес еді. Ол бұларды аяйтын; тіпті ұзындығы қайыққа пара-пар келетін, салмағы бір тоннаға жететін, терісі қалың, теңіздің лут деп аталатын ірі тасбақаларына да жаны ашитын. Жұрттың көбі теңіз тасбақасын аямайды, тасбақаны өлтіріп, етін парша-парша ғып тастағанда да оның жүрегі көпке дейін соғып жататынын біле бермейді сол жұрт. "Менің де жүрегім сол тасбақаның жүрегіндей ғой, - деп ойлады шал, - қол-аяғым да тасбақаның аяғындай". Шал өзіне әл бітіру үшін теңіз тасбақасының аппақ жұмыртқасын жейтін ылғи. Ірі жайындардың суда көп жөңкілетін кезі – қыркүйек, қазан айларында қуатты болу үшін бүкіл мамыр айының өн бойында жейтіні - сол жұмыртқа болатын. Және балықшылардың құрал-сайманы сақталатын сарайдағы үлкен бөшкеде тұратын сұйық майдан – акуланың ертілген бауыр майынан күнде бір шәшкесін ішіп алатын-ды шал. Бұл майдан балықшының қайқайсысы болса да, тәбеті шапса, барып ішуіне болатын. Балықшылардың көбі майдың дәмін ұнатпайтын еді, бірақ, ыдысқа құйып алып ішкен кезде, дәмі онша жаман да көрінбейтін: суықтан, көздің ауыруынан сақтауға бұл майдың себі көп. Шал аспанға көз салып еді, фрегаттың теңіз үстінде қайғадан үйіріліп жүргенін көрді. – Балықты аңдыды, - деп үн қатты шал Су беті тыныш еді, ыршып секірген қанатты балық көрінбеді, маңайдан ұсақ балықтар да байқалмады. (242 сөз) Э.Хемингуэй «Шал мен теңіз» Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап беріңіз. 1. Шал теңіз тасбақасын не үшін ұнататын 1 2. Шал өзін тасбақаға қалай ұқсатады? 1 3. Шал су бетінің тыныштығын неден байқады? 1 4. Сарайда тұратын сұйық майдың қандай пайдасы бар? 1 5. Фрегаттың теңіз үстінде жүруін шал неге жорыды? 1 Дескрипторлар:
Өзін-өзі бағалау дескрипторларға сай жүзеге асады. 2-тапсырма. Ж Мақсатты аудиторияға арналған жазылым тапсырмасы Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасындағы мұхит игілігі тақырыбы» тақырыбына шағын мақала жаз. Сөз саны 150. Дескрипторлар: Сөз таптарын орнымен пайдалана алады; Көркемдік тіл құралдарын тиімді қолданады; Жазба жұмысының стилі мен жанрын сақтап жазады Ыстық орындықта отырып, оқиды, өзара бағалау жүргізіледі.
Кері байланыс: «3Қ» Сабақтың қиын тұсы Сабақтың қызық тұсы Сабақтың қажет тұсы |
Слайд 3 Слайд 4
Слайд 5 Слайд 6 | |||||||
Сабақтың соңы 1 минут | Үйге тапсырма: «Шал мен теңіз» кинофильмін көру. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?