Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.
Сабақ тақырыбы | Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Түсіну/Жауап беру 11.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету |
Сабақ мақсаттары | Шығарманың кейіпкерлерін талдау, типтік образдарды анықтау, кейіпкерлер арқылы танылған өмір шындығына баға беру |
Бағалау критерийлері |
|
1-тапсырма. ТЖ
Сынып 4 топқа бөлінеді. Повесть кейіпкерлеріне жеке
Концепциялық кесте толтыруы керек . Кестедегі сұрақтарды өзгертуге, толықтыруға болады. (толық сөйлемдермен):
1-топ. Шал
Сұрақтар | Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаятындағы шал |
Мінезі қандай? | |
Не істеді? | |
Ойы қандай? | |
Қоғамдағы орны қандай? | |
Тағдыры қандай? |
2-топ. Бала
Сұрақтар | Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаятындағы бала |
Мінезі қандай? | |
Не істеді? | |
Ойы қандай? | |
Қоғамдағы орны қандай? | |
Тағдыры қандай? |
3-топ. Теңіз
Сұрақтар | Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаятындағы теңіз |
Мінезі қалай көрінеді? | |
Қандай іс-әрекетімен есте қалды? | |
Ненің символы? | |
Өмірдегі/шығармадағы орны қандай? | |
Кейіпкерлер тағдырына ықпал етудегі орны қандай? |
4-топ. Балықшылар
Сұрақтар | Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаятындағы балықшылар |
Мінезі қандай? | |
Не істеді? | |
Ойы қандай? | |
Қоғамдағы орны қандай? | |
Тағдыры қандай? |
Дескрипторлар:
- Сұрақтарға өз тобының пайымдауы бойынша жауап беріп, кестені толтырады.
- Өз жауаптарын мәтіннен мысал келтіру арқылы дәлелдейді
2-тапсырма. Оқырман көзімен... Жазылым тапсырмасы
Тақырыбы: «Ол қайта айналып келгенде, күн батып, ымырт үйіріліп қалған еді, шал орындықтың арқалығына арқасын сүйеп ұйықтап отыр екен. Бала кереуеттің үстінен көнетоз көрпешені алып, шалдың иығына жапты», - деген үзіндідегі кейіпкердің әрекетін қалай бағалайсыз? Осы тақырыпта 150 сөзді қамтитын эссе жазыңыз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Дескрипторлар:
- Көркемдік тіл құралдарын тиімді қолданады;
- Кейіпкер әрекетіне баға беру арқылы өмір шындығын таниды;
- Жазба жұмысының стилі мен жанрын сақтап жазады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?