М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын-сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.2.1 автор бейнесін шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау

 Сабақ мақсаттары

Шығармаға талдау жасау арқылы идеясын анықтау; берілген сұрақтарға жауап іздеу арқылы автор бейнесін айқындау.

 Бағалау критерийлері

Шығарма идеясы анықталып, автор бейнесі айқындалады.

 Құндылықтарды дарыту

Азаматтық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру;

өмір бойы білім алуға дайындау.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

1-сабақ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды түгендеу;

Сабақ мақсаты, бағалау критериймен таныстыру;

Назарларын сабаққа аудару;

«Ми шабуылы»

Заман. Тұлға. Дәуір” осы сөздерді атап айтқанда ойларыңызға қандай сөз оралымдары оралады?

“Көшбасшы” сөзіне анықтама беріңіз.

Сабақтың ортасы

5 минут

17 минут

10 минут

Ақын М.Райымбекұлының шығармасы «Көшбасшы» - хроникалық дастан. Автор Елбасы еңбегіне қатысты 20 оқиғаны таңдап Қазақ елінің жетістіктері ретінде баяндайды.

Оқушылар Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарымызды санамалап, олардың тарихи маңызын атап көрсетеді. Автор баяндаған 20 оқиға жайлы болжам жасайды.

С. Мәтіналды тапсырма. Елбасының туған жерге деген сүйіспеншілігін білдірудегі көңіл күйі мен сезімін сипаттаңыз.

Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…

Нұрсұлтан Назарбаев

Мәтін кезіндегі тапсырма. Мұғалім оқиды. Оқушылар мұқият тыңдайды, тапсырманы орындайды.

Қара Жер жаралғалы қазағымның,Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,Жетті деп тарихымды жазатын күн.Уақыттың диірмендей тасы айналад…Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,Тарихты Тұлға ғана жасай алмақ!Жанардың жәудіретіп нұрын ала,Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.

Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,Күн шықты арай шашып құбылаға.Күн шықты арай шашып аспаныма,Дүния кілт айналды басқа ағымға.Ол Ана ұл тумапты, нұр туыптыБүгінгі өзек болар дастаныма.Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!Кеш туған зарықтырып уақытынан.Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,Халықтың арман, тілек, бақытынан.

Қалауын қабыл қыл деп құс – көңілдің,Асығы алшысынан түскен ұлдың.Алладан мәдет тілеп жатқан шығар,Бауырында Әбіш әкей Үшқоңырдың.Адал боп ақыреттік жан-жарына,Қарайлап қоңыр тірлік, мал-жанына.Ұлтына тұтқа болар перзент сыйлап,Ол да, әне, үнсіз жатыр Әлжан-Ана.Жанардың жәудіретіп нұрын ала,Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.

Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,Күн шықты арай шашып құбылаға.Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.Бабалар армандаған ізгі үмітпен,Арылды дана халық жүз күдіктен.– Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…

Ж. Т. Шығармаға теориялық талдау жасаңыз.

(Саралау қағидасы: тереңдету)

1

Тақырыбы

2

Идеясы

3

Негізгі кейіпкер

4

Әдеби бағыт

5

Көркемдік ерекшелік

6

Кейіпкерге сипаттама

Топтық бағалау жүргізіледі.

Т. Мәтіннен кейінгі тапсырма. Төмендегі сұрақтар ортаға тасталады. Әр топтан бір оқушы ортада жатқан сұрақтардың бірін алып, кезегімен жауап береді.

  • Ақын поэмасына арқау болған тақырып не?
  • Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
  • Автордың оқиғаны баяндау мәнері қандай?

Дескрипторлар:

1. Шығарма мазмұнын толық меңгерген;

2. Әдеби теориялық талдау жасай алады;

3. Сұрақтарға толық жауап беріледі.

Мұғалімнің кері байланысы жүзеге асады.

https://abai.kz/post/5607

Сабақтың соңы

3 мин

Қиын болды...

Қызықты болды...

Ұсыныс...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу