Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын- сарын | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 қазақ әдебиеті | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Үзінді мазмұнын түсініп талдау жұмысын жүргізу; үзінді эпизодына креативті ой қосып, өзгертіп қайта жазу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Үзінді мазмұнын түсініп талдау жұмысын жүргізеді; үзінді эпизодына креативті ой қосып, өзгертіп қайта жазып шығады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру; өмір бойы білім алуға дайындау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Зоология пәні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жаңа бөлім | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушыларды түгендеу; Сабақ мақсаты, бағалау критериймен таныстыру; Назарларын сабаққа аудару. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 12 минут 10 минут 10 минут | Ж.Т. Мәтіналды тапсырма. Әңгіме үзіндісі оқып, түсініп, топта талқылаңыз. Жақындап келе жатқан акуланы аңдып отырып, жайын балыққа көзін аударып бір қарап қойды. "Түсім болса жарар еді осының бәрі. Бұл акуладан жалтару жоқ енді маған, өзін сеспей қатыра алмас па екем? - деп ойлады ол - Дентусо, тұқымың құрысын!" Акула қайықтың артқы жағына жақындап келіп, жайынға атылған мезетте, жыртқыштың арандай ашылған аузын, бадырайған көзін шал анық көрді; акула жайынның құйрығының сәл жоғарырақ жерінен келіп қапты, тістері сақ ете түсті. Судан әуелі басы, сосын жоны көрінді. Акуланың азу тістері жайынның терісі мен етін сырылдата сыдырғаны шалдың құлағына анық естілді; жыртқыштың тұмсығынан жоғары қарай созылған жіңішке жолақ, екі көзінің арасын қосып тұрған көлденең жолаққа кеп айқасатын еді, акуланың миы дәл осы тұста болатын. Шал бұл жолақтарды көре алмады, ол тек акуланың ақсиған аран тісті, көкшіл реңді, ауыр, сүйір басын ғана көрді, бірақ қолы мүлт кетпеді, гарпунды акуланың дәл қарақұсынан қадады. Тілім-тілім боп жарақат түскен қолымен гарпунның сабын қысып ұстап, ештеңеден үміт қылмаса да, жыртқышқа қатты өшігіп, бар пәрменімен соғып еді. Акула аударылып түсті; жыртқыштың көзі ағып түскенін көрген шал акуланың ажалы жеткенін бірден түсінді. Ал акула мойынсұнғысы келмегендей, шалқалап жатқан күйінде құйрығымен суды сабалап, бұрқылдатып, тістерін сақылдата дөңбекшіп айналасын ақ көбіктендіріп жіберді. Акуланың денесі судан жартылай көтерілген мезетте, гарпунның бауы керіле тартылды да, дірілдеп барып үзіліп кетті. Акула су бетінде сәл жатты да, бірте-бірте бата бастады. Шал одан көз алған жоқ. — Жайынның қырық қадақтай етін ала кетті бұл, - деді сөйлеп. "Қыруар жібімді һәм гарпунымды әкетті су түбіне, - деді іштей ойын сабақтап. - Жайын балықтың қаны тағы да шұбырып аға бастады, мына акуланың соңынан басқалары да жетеді енді". Етінің дал-дұлы шығып қалған жайынға шалдың енді қарағысы келмеді. Акула жайынға тап берген мезетте бұл жыртқыш оған дәл өзіне бас салғандай көрініп еді. "Балығыма соқтыққан акуланы бәрібір өлтірдім ғой, - деп қария көңіліне жұбаныш қылды. — Бұл акула - өзім көрген акула атаулының ішіндегі ең ірі дентусо. Иә, осы жасқа жеткенше небір ірі акуланы көрдім ғой. Жағдайым тым жақсара қалып еді, сол күйінен айнымай тұра беру қайдан болсын. Осының бәрі өңім болмай, өзімнің жатағымда, газет төселген кереуетімде ұйықтап жатып көрген түсім болса игі еді. Ешқандай жайын балық ұстамаған-ақ болайын". — Бірақ, адам күйреу үшін жаралмаған. Адамды құртуға болар, ал, жеңуге болмайды, -деді ол "Жайынды бекер-ақ өлтірген екем, - деп ойға қалды-Гарпуннан да айырылып қалдым, халім енді мүшкіл болар. Дентусо - епті, озбыр, әрі күшті, әрі ақылды акула еді. Алайда одан мен ақылдырақ боп шықтым. Мүмкін, одан ақылым артық та емес шығар. Тек жақсы қаруланған болармын". — Мұны ойлап басыңды қатырма, шалым, - деді үндеп. Арқаңды желге беріп тарта бер де, алдыңнан тағы кезігер қырсық болса, күтіп ал. "Жоқ, ойға шомбай отыра алман, - деді бұл сөзіне қарсылық білдіріп,- содан басқа еш нәрсе қалған жоқ менде. Әлгі айқастың өзі бейсбол сайысына пара-пар болды. Акуланы дәл қарақұстан соққаныма ұлы Ди Маджио сүйсінер ме еді, қайтер еді, ә? Жалпы алғанда онда тұрған ештеңе де жоқ, бұл әркімнің-ақ қолынан келеді. Ал, мынаған не дер едің, шалым: өкшедегі мүйіз бен қолдағы жарақаттың қайсысы қаттырақ батар еді жаныңа? Оны қайдан білейін! Ғұмыры өкшем ауырып көрген емес, тек бір жолы ғана, суға шомылып жүрген кезімде электр дөңгелекке өкшемді жалатып ап, сонда тіземе дейін аяғымның жаны кетіп қап, қан-қақсап ауырғаны бар еді". — Онан да көңілді өсіретін ойды ойласаңшы, шалым, - деп сөйледі қария,- Сен қазір минут сайын үйіңе таман жақындап келесің. Жайынның қырық қадақтай етінен айрылған соң жүрісі де едәуір жеңілдеп қалды. Теңіз ағысының дәл ортасына кеп енген мезетте нендей халге душар боларын шал бек жақсы біліп еді. Бірақ енді еш қолданар амалы қалмады. — Жоқ, бар амалы, - деді ол. - Екі ескектің біреуінің сабына пышағыңды бекітіп байлап, енді соны қару қылуыңа болады. Ол румпельді қолтығымен қысып, желкеннің бауын аяғымен басып тұрып, пышақты бекітіп байлады. — Жап-жақсы боп шықты, - деді ол - Өзім шал болсам да, әйтеуір енді қару-құралым бар қолымда. ЖЖ. Мәтін кезіндегі тапсырма. Шығарма үзіндісі бойынша талдау жұмыстарын жасап, кестені толтырыңыздар.
Ж. Мәтіннен кейінгі тапсырма. Берілген үзіндінің бір эпизодын өз қалауыңыз бойынша өзгертіп, креативті ой қосып, қайта жазып шығыңыз. Саралау қағидасы: креативтілік Мұғалім бағалау жүргізеді. Дескрипторлар: Шығарма мазмұнын біледі; Сұрақтарға жауап береді; Креативті ой қосып, эпизодты өзгертіп жаза алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Қиын болды... Қызықты болды... Ұсыныс... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?