Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын- сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану

 Сабақ мақсаттары

Үзінді мазмұнымен танысып, сұрақтарға жауап беру; шығарма тақырыбын бүгінгі таңдағы өзекті мәселелермен байланыстып, авторға хат жолдау.

 Бағалау критерийлері

Үзінді мазмұнымен танысып, сұрақтарға жауап береді; шығарма тақырыбын бүгінгі таңдағы өзекті мәселелермен байланыстып, авторға хат жолдайды.

 Құндылықтарды дарыту

Азаматтық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру;

өмір бойы білім алуға дайындау.

 Пәнаралық байланыстар

Зоология пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Шығарма мазмұнын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды түгендеу;

Сабақ мақсаты, бағалау критериймен таныстыру;

Назарларын сабаққа аудару;

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

12 минут

Ж.Т. Мәтіналды тапсырма. Шығарма үзіндісі оқып, түсініп, топта талқылаңыз.

Балық келесі айналған шақта судан арқасы көрінді, бірақ ол қайықтан әлі де алыстау жүзіп келе жатыр еді. Енді бір айналғанда денесі судан едәуір көтеріліп шықты, бірақ өзі қайыққа әлі жақындай қойған жоқ. Қармақтың бауын енді азырақ тартыңқыраса, балықты қайықтың дәл іргесіне жылжытып әкелуге болатынын шал біліп отыр. Гарпунды мана әзірлеп алған; оған тағылған жіңішке трос жұмыс себеттің ішінде жатыр, оның екінші ұшы қайықтың тұмсығындағы діңгекке байланған.

Балық үлкен айыр құйрығын болар-болмас қимылдатып, баяу айналып, қайыққа жақындай берді, түр-тұлғасы өте сұлу көрінді. Шал балықты қалайда қайыққа жақындата түскісі кеп, қармақбауды бар күшін сап тартып еді, балық бір бүйіріне қарай аударыла беріп, қайтадан түзеліп, тағы да айналып жүзе бастады.

— Орнынан қозғалттым. Бір аударылып түсуге мәжбүр еттім, әйтеуір, - деді шал.

Оның тағы да көзі бұлдырап, басы айнала бастады, сонда да алып жайын ілінген қармақбауды бар күшін сап тарта берді. "Бұл жайынды қырынан бір аударып түсірдім ғой, әйтеуір,- деп ойлады. - Енді оны шалқасынан аударып жіберермін, бәлки. Тарт, жіпті! -деп әмір етті екі қолына-аяғым, тіре мені! Басым, қызмет ете гөр! Қызмет ете гөр тағы да! Мені сорлатқан жерің жоқ еді. Бұл жолы балықты шалқасынан аударып түсіремін".

Шал балықтың қайыққа таман жақындай түсуін күтпестен-ақ, бар күшін сап, шірене тартты қармақбауды. Жайын бір қырына сәл ғана аударылды да, қайтадан түзеліп, әрі қарай жүзе берді.

Ол бойындағы қуатын жиып, бар қайратына мініп, айқасқа қайта кіріскенде, балықты бір қырына аударып түсірді. Жайын енді жантайып жүзді, ұзын қайқы тұмсығы қайыққа тие жаздап келеді; ол тіпті қайыққа қатарласып та қалды; бітімі жалпақ келген, түсі күмістей жылтыраған, бүйірінде көгілдір жолағы бар бұл балық шалға ерен үлкен көрінді.

Қария қармақбауды тастай беріп, табанымен басты да, қолына гарпунды ала салып, шалқая беріп, бар пәрменімен балыққа сілтеп қалды; жайынның бауыр қанатының артқы жағынан дәл бүйіріне қадады гарпунды. Үшкір темір балықтың жұмсақ етіне кірш етіп қадалған соң, шал оны енді бар салмағын сала итеріп, бойлата берді.

Балық сонда ғана ышқынып қалды, бүйіріне ажал найзасы қадалып тұрса-дағы өзінің зор тұлғасына, әсемдігі мен қуатына бейне масаттанғандай жоғары ырғыды. Қайық пен шалдың үстінде - ауада бір сәт асылып тұрғандай болды да, теңізге қайта күмп беріп құлағанда шалды да, қайықты да суға көміп кетті.

Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын босатып, жаралы қолымен абайлап қана ұстады; көзінің алдыңдағы тұман сейілген шақта ол, бауыры жалтырап, шалқасынан сұлап жатқан балықты көрді. Арқа жағынан гарпунның сабы шошайып көрініп тұр, балықтың жатқан жері қызыл ала қан. Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық шоғырындай қарауытып көрінді де, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады. Аппақ күмістей жайын балық толқында ақырын ғана тербетіліп жатты.

Шал қашан көзі бұлдырағанша, одан жанарын тайдырмады. Көзінің алды қайтадан тұмандана бастағанда, ол гарпунның бауын діңгекке екі қайыра орады да, басын қолына сүйеді.

— Ал, қартым, қимылда, - деді шал өзіне-өзі, сосын құмырадағы судан аздап қана бір жұтты. - Шайқас тынғанмен, ендігі қалған қара жұмысының өзі де бастан асып жатыр.

Шал аспанға қарады, сосын көзін балыққа аударды. Күннің көзіне де абайлап бір қарап қойды. "Күн түстен ауып бара жатыр. Жел күшейіп келеді. Қармақбаудың үзіктерін дәл қазір жамап-жалғаудан пайда жоқ. Үйге барған соң серік балам екеуміз реттейміз мұны".

— Балығым, жақындай түс бермен қарай! Балық оның сөзіне құлақ аса қоймады. Толқынданған теңіз бетінде тыныш қана тербетіліп жата берді, шал қайығымен өзі жақындады оған.

Қасына тақау барып, қайығының тұмсығы балықтың басына қатарласа бергенде, жайынның ересен үлкендігіне шал тағы да қайран қалды. Ол гарпунның бауын діңгектен шешіп алып, балықтың желбезегінен өткізіп тұмсығына бір орады, сонсоң жіпті желбезектен қайта өткізіп әкеп тұмсығын тағы да бір шандып тас қып түйді де, діңгекке апарып байлады. Енді балықтың құйрығын қайыққа тақап байлау үшін жіптен кесіп алып, қайықтың арт жағына таман барды. Жайынның түсі дәл қазір таза күмістей жалтырап жатты, бүйіріндегі жолақтары құйрығы реуішті көгілдірленіп көрінді. Жолақтарының жалпақтығы - кере қарыс, көздері - шарадай.

Жайынның қанжығаға байланғанына көңілі енді сенді, қолының, арқасының сыздап ауырып тұрғаны да түсі емес екенін анық білді. "Қолдың жарақаты тез жазылады,- деп ойлады қария - Жарақат түскен жеріне кір қонбасын деп, қолымды суға салып қанын біраз ағыздым, теңіздің аққы суы жараға шипа. Бұдан артық ем жоқ. Тек ойым шатаспаса екен! Екі қолым өз қызметін атқарды, қайық та жақсы жүзіп келе жатыр. Балықтың аузы жұмулы, құйрығын бұлғаңдатпай түзу ұстап келеді, екеуміз дәл бір ағайынды сияқтанып қатарласа жүзіп келе жатырмыз".

Шалдың ойы тағы да шатаса бастады. "Үйге қарай балықты мен әкеле жатырмын ба, әлде мені ол сүйреп келе жатыр ма? - деген ой келді басына. - Балықты қайықтың артына байлап алып, сүйретіп келе жатсам, әңгіме басқа. Немесе ол қайығымның ішінде серейіп жатса бір сәрі. Ал қазір бұл екеуміз бірімізге біріміз мықтап тұрып қосақталып алып, қатарласа жүзіп келеміз. Ә мейлі, өзіне жақсы болса мені осы балық-ақ жетелеп тарта берсін. Мен қулықпен ғана айламды асырдым ғой, ал бұл маған еш қастандық ойлаған жоқ еді".

ЖЖ. Мәтін кезіндегі тапсырма. «Пирамидалық талқылау» стратегиясы (Шарты : оқиғадағы әрекеттерді пирамида түрінде жазып шығу керек. ) Қадамдары:

1.Негізгі кейіпкер,тақырып. 1 сөз не сөз тіркесі

2.Тақырыпты ашу (жасы,мінезі,сапасы,сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі

3.Оқиға орны (қоғамдық ортасы,оқиғалар қайда өтеді?)

4.Мәселе тарихы (мысалы: қаржы, жоқшылық, кездейсоқтық)

5.Бірінші оқиға.(көтерілген мәселелер)

6.Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы)

7.Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы)

8.Шешімі. 8 сөз не сөз тіркесі

Ж. Мәтіннен кейінгі тапсырма. Шығарма тақырыбын бүгінгі таңдағы өзекті мәселелермен байланыстыра отырып, авторға хат жазыңыз.

Саралау қағидасы: креативтілік

Мұғалім бағалау жүргізеді.

 Рөл

 Аудитория

 Формат

 Тақырып

 Оқушы

 

 автор

 хат

өз таңдауы

Дескрипторлар:

Шығарма мазмұнын біледі;

Сұрақтарға жауап береді;

Стилі мен құрылымын сақтап хат жазады.

https://kitap.kz/book/bota-uuubhj

Сабақтың соңы

3 мин

Қиын болды...

Қызықты болды...

Ұсыныс...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу