Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі
________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын- сарын | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 11 Қазақ әдебиеті | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану; | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру; Өмір бойы білім алуға дайындау; Отансүйгіштік сезімдерін арттыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, т.б. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтадағы таныстырылым арқылы сабақтың тақырыбымен, тапсырмалармен танысады. | |||||||||
Бастапқы білім | 10-сыныпта өтілген шығармалар | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Сәлемдесу. Түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. | 1,2-слайд | ||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 3 минут 15 минут 10 минут | 1-тапсырма. Т. «Бұрыш» әдісі Сыныптың төрт бұрышына «Бауырлар» өлеңінің үзінділері жазылған қағаздар ілінеді. Оқушылар талқылау үшін таңдау жасап, өздеріне ұнаған үзінді ілінген бұрышқа топтасады. Үзіндіні таңдау себебін түсіндіріп, сөз болатын мәселелерді ғаламдық тұрғыда талқылап, өз көзқарастарын қорғайды. Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жауаптарын бағалайды, ұсыныс білдіреді. Мұғалім тарапынан оқушылардың жауаптарына талдау жасалады, кері байланыс беріледі. 2-тапсырма. Жеке жұмыс. «Фанфикшен» әдісі бойынша шығармашылық жұмыс жазу. 1. Шығармадан тыс қалған көрініс. Осы шығармаға тағы қандай деректерді қосуға болады? 2. Жалғасы. Шығарма кейіпкерлерінің (шетелдегі қандастарымыздың) тағдыры әрі қарай қалай болуы мүмкін? 3. Моральдық қайта бағдарлау. Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту немесе керісінше. 4. Жанрлық трансформация. Шығарманың бір немесе бірнеше үзіндісін газеттік мақала, хат, монолог түрінде ұсыну. 5.Кроссовер. Автор мен шығарма кейіпкерінің диалогын жазу. Бағалау. Өзіндік бағалау жүргізеді. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | 3-слайд 4-слайд | ||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. Бүгін мен . . . білдім. Мен үшін қызықты болды, себебі . . . Мен үшін қиындық туындады, ол . . . Мен тапсырманың барлығын орындадым, өйткені . . . Сабақ менің өмірім үшін . . . болды. | 5-слайд | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?