Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация.


Оқушыларға «Қара шаңырақ» телехикаясына саундтрек» бейнеролигі көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=T4hV5d_bQzI

 

Төмендегі дәйексөздерді қалай түсінесіздер?

Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп;

Бауырым – бауыр етім;

Туғаныңмен туыспасаң, кең дүниеге сыйыспайсың.

1-тапсырма. Тұманбай ақынның «Бауырларға» өлеңін оқып шығып сатылай кешенді талдау (СКТ) жасаңыз.

СКТ мысалы:

Ақын ініме

1.Авторы – А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашығмысалшы, саясаткер.

2.Тақырыбы — тақырыпбұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.

3.Жанр түріпоэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы — атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.

5.Шумақ-аяқталған синтаксистік тіртұтас ой. 8 шумақты

6.Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

7.Бунақ — белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

8.Буын саны — дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.

9.Ұйқас түрі — қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз,әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.

10. Әдеби-теориялық ұғымдар.

10.1. Тропсөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелепойды өзгертіп айту.

Теңеу: доңыздай, балдай, Аплатондай

Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт

Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып.

Ирония- кекесін, келемеждеу

Сүйікті милләтіңа болам десең, Нашардың көбірек же хақын ,інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,

Айғырсып момындарға ақыр,інім.

Білімді ел ішінде болам десең,

Шешенсіп, жақты сөйлеп, лапыр,інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,

Кісімсіп ең болмаса қақыр,інім.

Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,

Ет асып таба-табақ шақыр,інім.

10.2. Фигура-айшықтау.

Арнау- жазушының көбінекөп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.

Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М.Дулатұлына арналған.

11. Түсіндірме сөздік

Милләт-араб сөзі, халық,ұлт. Аплатон, Платон-ертедегі грек оқымыстысы, правосы-құқы

12. Тәрбиелік мәніӨлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек,қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.

 

Дескриптор:

Өлеңді түсініп оқиды;

Өлеңге толық СКТ жүргізеді;

2-тапсырма. Өлеңнің идеясы мен тақырыбына қатысты өз пікіріңізді ПОПС формуласы арқылы жеткізіңіз.

Менің ойымша,........

Себебі,.....

...... дәлелдей аламын.

Қорытындылай келе, ......

 

Дескриптор:

Өлеңге қатысты өз ойын формула арқылы жеткізеді.

Өз ойын түсіндіріп, дәлелдей алады.

 

3-тапсырма. «Мәселе төңірегіндегі зерттеу»

Өлеңдегі мәселеге қатысты төмендегі сұрақтарға топпен жауап беріңіз. Өз жауабыңызда нақты дәлелдермен ұсыныңыз.

Сұрақтар:

Мәселенің шығу себебі неде?

Мәселені шешуде қандай кедергілер бар?

Мәселені шешу үшін қандай амал жасау керек?

Мәселе шешілетін болса, бүгінгі қазақ қоғамына қандай пайдасын тигізеді?

Мәселені шеше алмасақ, қандай қиындықтар күтіп отыр деп ойлайсыз?

Кері байланыс

«Рефлексивті экран» әдісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу