Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

 Сабақ мақсаттары

  • Өлеңде көтерілген мәселені анықтап, оны қазіргі өмірмен, ұлттық мүддемен байланыстыра отырып бағалау;

Бағалау критерийлері

  • Өлеңде көтерілген мәселені анықтап, оны қазіргі өмірмен, ұлттық мүддемен байланыстыра отырып бағалай алады;

Құндылықтарды

дарыту

• Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

• Құрмет пен ынтымақтастық

• Ашықтық

• Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі

АКТ қолдану дағдылары

Сілтеме арқылы тыңдалым тыңдайды, презентация арқылы тапсырмалармен танысады.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі / Сәлемдесу / Түгендеу

Оқушыларға «Қара шаңырақ» телехикаясына саундтрек» бейнеролигі көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=T4hV5d_bQzI

Төмендегі дәйексөздерді қалай түсінесіздер?

  • Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп;
  • Бауырым – бауыр етім;
  • Туғаныңмен туыспасаң, кең дүниеге сыйыспайсың.

https://www.youtube.com/watch?v=T4hV5d_bQzI

Сабақтың ортасы

12 минут

5 минут

10 минут

1-тапсырма. Тұманбай ақынның «Бауырларға» өлеңін оқып шығып сатылай кешенді талдау (СКТ) жасаңыз.

СКТ мысалы:

Ақын ініме

1.Авторы – А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашығмысалшы, саясаткер.

2.Тақырыбы — тақырып –бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.

3.Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы — атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.

5.Шумақ-аяқталған синтаксистік тіртұтас ой. 8 шумақты

6.Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

7.Бунақ — белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

8.Буын саны — дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.

9.Ұйқас түрі — қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз,әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.

10. Әдеби-теориялық ұғымдар.

10.1. Троп –сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелепойды өзгертіп айту.

Теңеу: доңыздай, балдай, Аплатондай

Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт

Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып.

Ирония- кекесін, келемеждеу

Сүйікті милләтіңа болам десең, Нашардың көбірек же хақын ,інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,

Айғырсып момындарға ақыр,інім.

Білімді ел ішінде болам десең,

Шешенсіп, жақты сөйлеп, лапыр,інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,

Кісімсіп ең болмаса қақыр,інім.

Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,

Ет асып таба-табақ шақыр,інім.

10.2. Фигура-айшықтау.

Арнау- жазушының көбіне –көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.

Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М.Дулатұлына арналған.

11. Түсіндірме сөздік

Милләт-араб сөзі, халық,ұлт. Аплатон, Платон-ертедегі грек оқымыстысы, правосы-құқы

12. Тәрбиелік мәні . Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек,қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.

Дескриптор:

  • Өлеңді түсініп оқиды;
  • Өлеңге толық СКТ жүргізеді;

2-тапсырма. Өлеңнің идеясы мен тақырыбына қатысты өз пікіріңізді ПОПС формуласы арқылы жеткізіңіз.

  • Менің ойымша,........
  • Себебі,.....
  • ...... дәлелдей аламын.
  • Қорытындылай келе, ......

Дескриптор:

  • Өлеңге қатысты өз ойын формула арқылы жеткізеді.
  • Өз ойын түсіндіріп, дәлелдей алады.

3-тапсырма. «Мәселе төңірегіндегі зерттеу»

Өлеңдегі мәселеге қатысты төмендегі сұрақтарға топпен жауап беріңіз. Өз жауабыңызда нақты дәлелдермен ұсыныңыз.

Сұрақтар:

  • Мәселенің шығу себебі неде?
  • Мәселені шешуде қандай кедергілер бар?
  • Мәселені шешу үшін қандай амал жасау керек?
  • Мәселе шешілетін болса, бүгінгі қазақ қоғамына қандай пайдасын тигізеді?
  • Мәселені шеше алмасақ, қандай қиындықтар күтіп отыр деп ойлайсыз?

Дескриптор:

  • Қойылған сұрақтарды топпен талқылайды;
  • Сұрақтарға жауап бергенде өз ойын дәлелді ұсынады;

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

«Рефлексивті экран» әдісі

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу