Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 4 сабақ.


Эрнест Хемингуэй

«Шал мен теңіз» повесі

Оқу мақсаты:

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау, автор стиліне баға беру.

Бағалау критерийлері:

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды, автор стилін анықтайды.

1-тапсырма. Үзінділермен жұмыс.

Топтық жұмыс

Топтарға Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасынан үзінділер таратылады. Шығарманы оқи отыра мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтап жазады, оларды автордың қандай мақсатта қолданып тұрғанын анықтайды (троп, метонимия, гипербола, литота). 

 Троп (гр.Грек тілі tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады.

Метонимия (гр.Грек тілі 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптыңТроп (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. МетафорадаМетафора ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескендеп айту метонимияға жатады.

Гипербола«күшейту» деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады.

Литота (гр. λιτότης - қарапайым) немесе кішірейтузаттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырларында, өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған.

2-тапсырма. Жеке жұмыс

Автордың суреткерлік шеберлігіне баға беріп, өз ойыңызды «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша жазыңыз.

Кері байланыс: «Зерде»

БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.

Эмоция- сабақтағы көңіл күйім.

БАҒА- жетістігіме берер бағам.

Сын - өз бойымда нені дамытуым керек.

Идея- маған келген жаңа ой.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу