Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау, автор стиліне баға беру. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды, автор стилін анықтайды. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | • Құрмет пен ынтымақтастық • Еңбек және шығармашылық • Ашықтық • Әлемдік азаматтық | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әлем әдебиеті | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ноутбук арқылы шығарманың электронды нұсқасын оқиды | ||||||||||
Бастапқы білім | Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесінің мазмұнын біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару. Сабақ тақырыбы, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Саналу арқылы 4 топқа бөлінеді. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 5 мин 12 мин | 1-тапсырма. Үзінділермен жұмыс. Топтық жұмыс Топтарға Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасынан үзінділер таратылады. Шығарманы оқи отыра мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтап жазады, оларды автордың қандай мақсатта қолданып тұрғанын анықтайды (троп, метонимия, гипербола, литота). Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады. Гипербола — «күшейту» деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Литота (гр. λιτότης - қарапайым) немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырларында, өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған.
Өзара бағалау «1 ұсыныс, 1 тілек» әдісі бойынша топтағы оқушылар бірін-бірі бағалайды. 2-тапсырма. Жеке жұмыс Автордың суреткерлік шеберлігіне баға беріп, өз ойыңызды «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша жазыңыз.
| ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс: «Зерде» БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым. Эмоция- сабақтағы көңіл күйім. БАҒА- жетістігіме берер бағам. Сын - өз бойымда нені дамытуым керек. Идея- маған келген жаңа ой. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?