Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.


Эрнест Хемингуэй

«Шал мен теңіз» повесі

Оқу мақсаты:

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау, автор стиліне баға беру.

Бағалау критерийлері:

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды, автор стилін анықтайды.

Ми шабуылы.

Эрнест Хемингуэй кім?

«Шал мен теңіз» повесі туралы қандай ақпарат білесіз?

Автор туралы

Эрнест Миллер Хемингуэй 1899 жылы 21 шілде күні АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Оук-Парк қалашығында дүниеге келген. Американдық жазушы, журналист, 1954 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. 

Дәрігер отбасында туған. Жазушының алғашқы кітабы «Біздің дәуірде» деген атпен 1925 жылы жарық көрді. Оның есімін әлемге танытқан «Қош бол, қару» романы болды. Хемингуэй 20 ғасырдың 30-шы жылдары «Бұқа мүйізі», «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты», «Килиманджаро қары», т.б. туындыларын және қоғамдағы әлеуметтік  қайшылықтарды сынға алатын «Бар мен жоқ» романын жазды. Испан дәуірі жазушы шығармашылығының өрлеу кезеңі болды. Бұл тұста оның көптеген очерктері, репортаждары, «Бесінші колонна» пьесасы, «Қоңырау кімге соғылады» романы жарық көрді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі біршама іркілістен кейін ол «Шал мен теңіз», т.б. туындыларымен қайтадан даңқ тұғырына көтерілді.

Мектеп қабырғасында жүрiп оқушылар газетiн шығаруы Э.Хемингуэйдiң әдебиетке барар ал­ғаш­қы баспалдағы iспеттi едi. Мектеп газетiндегiБайшыкеш­тердiң өмiрiненатты мақаласы оны Оук-Паркке танымал еттi. Алғашқы әңгi­мелерiТарихи орындеп аталатын мектеп журналында 1916 жылы жарық көрдi. Осы жылдың жазында Эрнест ата-анасының қарсылығына қарамастан, достарымен саяхатқа кетедi. Солтүстiк Мичиганда өткiзген сол саяхатынан ол үйiне үлкен әсермен оралады. Кейiнiрек Э.Хемингуэй осы сапары жө­нiн­де көптеген әңгiмелер жазды.

1954 жылы ұлы жазушы өзiнiң “Шал мен теңiзатты ұлы шығармасы үшiн Нобель сыйлығына ие болды.

1-тапсырма. «ЖИГСО» стратегиясы

«Шал мен теңіз» повесінен әр топқа үзінді оқытылады.  Топтар ауысып, бір-біріне түсіндіреді.

2-тапсырма. Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Оқушылар өздеріне берілген үзіндіден көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тауып, талдау жүргізеді, автор стиліне баға береді.

Дескрипторлар:

Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын табады;

Талдау жүргізеді;

Авторың жазу стиліне баға береді.

Кері байланыс «БЕС САУСАҚ»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу