М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні: Ожанова З.

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

оқу мақсаты

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе,әңгіме,өлең) жазу;

сабақ мақсаты

Көркем шығармада көтерілген мәселе негізінде ғаламдық тақырыппен байланыстыра креативті ой білдіріп, дискуссивті эссе жазады;

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым

Бағалау критерийі

  • Тілдік сипатына мән береді;
  • Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;
  • Лексикалық мағына құрылымын сақтайды;
  • Эссе құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Қызығушылықты ояту.

Жазылым алдындағы тапсырма.

Топтық жұмыс болады. Оқушылар «Сюжеттік кесте» жаттығуын орындайды.

1. Оқиғаның орны мен уақыты (қашан? қайда?)

2. Кейіпкерлері (кім?)

3. Оқиға (не болды?)

4. Мәселе ( байланысқа түсу, бұл оқиғаға не ықпал етті?)

5. Жасалған әрекеттің немесе оқиғаның салдары (шешімі)

Жазылым тапсырмасы.

Тапсырма. Берілген үзінді бойынша дискуссивті эссе жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерді эссе жазу барысынды қолданыңдар.

 ...Көп жылдан бері Абай жылаған емес еді. Тоқтай алмай егіліп жылады. Ағындап ұшып келе жатқан бестінің екі жағында кәделі, бетегелі көк дала, тасқын судай зулап жөнеліп артқа қарай құлдырап ағып кетіп жатыр. Екі құлағын бітіргендей боп, дыңылдап соққан екпін желі Абайдың көзінен аққан жастарды, қат-қат тамшыдай, жаңағы көде мен бетегеге ұшырып түсіріп келеді.

 Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес. Енді байқады. Көздің жасында адамды барлық өне бойымен өзіне қарай құлата тартқан бір өзгеше ыстық күш бар екен. Үлкен кұз биіктің басына шыққанда, бір сәт ойға қарай кұлап кеткің келетін сияқты, өзіне тартқыш, ұғымсыз күш. Бала жүрегінде бұл шақта көп сезімінің алай-түлей құйыны соққандай.

 Бұнда, қорлықпен өлгендерге барынша жан ашыған, мейірбандық та бар. Өлтіргендерге ыза мен қарғыс та бар. Сонымен бірге әсіресе бір-бірімен шарпысқан сезім: «әке» деп жамандыққа қимау бар да және сол «әкеден» шошып, үрку бар. Барлық ішін теңселте сіліккен бала жанын ойран етіп, сескенте тітіреткен сезім. Жылап егілуі, бір сәтте, медіресе, дін халфелер айтуы бойынша, айыптылардың күнәсіне өтесін сияқты, соның кешірімін тілеген сияқты жалбарынудың жасы ма деп еді. Бірақ одан тез түңіліп кетті. Ол емес! Өйткені олар дін атынан, әсіресе имам берген фатуа бойынша істеп отыр ғой. Кімге шақпақ? Құлазығандай жапа-жалғыз! Өзін бір ең панасыз, ең сорлы жетімдей сезінді. Іштен тағы да бір үлкен, ауыр толқын бүктетіліп, булығып кеп, бала жүрегін жаныша ұрғанда, ол бұрынғысынан да қатты, аса қатты бір өксікпен, солқылдап жылап жіберді. Дауыстап жылады. Жиреншеге білдірмеймін деп, әлі де ағызып шауып келе жатқан...

Бағалау

  • Тілдік сипатына мән береді;
  • Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;
  • Лексикалық мағына құрылымын сақтайды;

 Эссе құрылымын сақтайды

Жазылымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар топ ішінде жұмыстарды оқып, талдап, бағалап, озық жұмысты сыныптың тыңдауына ұсынады.

https://kitap.kz/audio-book/muxtar_auezov_abai_joly_audio_ii

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

Смайликтер арқылы сабақты бағалау:

Үйге тапсырма: «Абай жолы» шығармасы бойынша пікірлер, фактілермен танысу, жинақтау.

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу