М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні: Ожанова З.

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

оқу мақсаты

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе,әңгіме,өлең) жазу;

сабақ мақсаты

Көркем шығармада көтерілген мәселе негізінде ғаламдық тақырыппен байланыстыра креативті ой білдіріп, дискуссивті эссе жазады;

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым

Бағалау критерийі

 -Бөлім тақырыбы мен шығарма үзіндісін үндестіреді;

 -Тілдік оралымдарды орынды қолданады;

-Эссе құрылымын сақтайды;

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Қызығушылықты ояту.

Жазылым алдындағы тапсырма.

Тапсырма: Үй тапсырмасы бойынша пікірлер мен фактілер негізінде мәтіннің көтерген мәселесі, идеясы, мақсатын жеткізудегі ақпараттардың маңызына сараптама жасаңыздар, өзара салыстырыңыздар.

Жазылым тапсырмасы.

Тапсырма. Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар. «Ел анасы » атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз? Көркем шығармада көтерілген мәселе негізінде ғаламдық тақырыппен байланыстыра креативті ой білдіріп, дискуссивті эссе жазыңыз.

Бағалау

 -Бөлім тақырыбы мен шығарма үзіндісін үндестіреді;

 -Тілдік оралымдарды орынды қолданады;

-Эссе құрылымын сақтайды;

Жазылымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар топ ішінде жұмыстарды оқып, талдап, бағалап, озық жұмысты сыныптың тыңдауына ұсынады.

https://kitap.kz/audio-book/muxtar_auezov_abai_joly_audio_ii

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

«PRES» тәсілі бойынша топтық жұмыс.

1-оқушы: Позиция: «Менің ойымша,... немесе «Мен _______ деп санаймын» деген құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді.

2-оқушы: Негіздеу: «Өйткені...» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымның неге негізделетінін түсіндіреді.

3-оқушы: Мысал келтіру: ойын «Мысалы, ...» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтіреді.

4-оқушы: Қорытынды: ойын «Сондықтан мен ____________ деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді.

Үйге тапсырма: «Абай жолы» шығармасын оқу

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу