М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні: Ожанова З.

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

оқу мақсаты

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау.

сабақ мақсаты

Көркем шығармада көтерілген мәселе негізінде қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау жасайды.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым, бейнебаян

Бағалау критерийі

  • Өз ойын талдау негізінде дәлелдейді;
  • Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар 3 топқа бөлініп, «Сіз білесіз бе?» жаттығуын орындайды, шығарма желісі бойынша сұрақтарға жауап береді,бірін – бірі толықтырады.

1-топ: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында қандай ірі оқиғалар орын алған? Олардың орны мен уақыты туралы не білеміз?

2.-топ: Романдағы басты кейіпкерлер кім? Олардың тағдыры қандай еді?

3-топ: Роман-эпопеяда көтерілген мәселені жаһандық байланыста қарастырсақ, нені тілге тірек етер едік?

Тапсырма. Берілген үзінді бойынша «4 сөйлем» үлгісінде өзіндік пікір білдіріңдер.

 ... Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес. Енді байқады. Көздің жасында адамды барлық өне бойымен өзіне қарай құлата тартқан бір өзгеше ыстық күш бар екен. Үлкен кұз биіктің басына шыққанда, бір сәт ойға қарай кұлап кеткің келетін сияқты, өзіне тартқыш, ұғымсыз күш. Бала жүрегінде бұл шақта көп сезімінің алай-түлей құйыны соққандай.

 Бұнда, қорлықпен өлгендерге барынша жан ашыған, мейірбандық та бар. Өлтіргендерге ыза мен қарғыс та бар. Сонымен бірге әсіресе бір-бірімен шарпысқан сезім: «әке» деп жамандыққа қимау бар да және сол «әкеден» шошып, үрку бар...

Бағалау

  • Өз ойын талдау негізінде дәлелдейді;
  • Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

Оқушылар топ ішінде бір-бірін тыңдап, бағалайды.

https://kitap.kz/audio-book/muxtar_auezov_abai_joly_audio_ii

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: «Абай жолы» шығармасы бойынша пікірлер, фактілермен танысуды жалғастыру.

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу