Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 11 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы»

Оқу мақсаты: 11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақ мақсаты:Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Бағалау критерийі: Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.

1 - тапсырма: Миға шабуыл

3-тапсырма : «Айналмалы бекеттер» әдісі

Талқылау тақырыптары:

XІX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын шығарманы негізге ала отырып салыстырыңыз.

Шығарманың тарихи және көкемдік құндылығы неде? Баға беріп айтыңыз.

Көзқарасыңызды нақты дәлелдер келтіре отырып білдіріңіз.

1. Оқушылар берілген тақырыптарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты тереңнен, жан-жақты қамтуға тырысады.

2. Сынып бөлмесіне шығармадан алынған үзінділер мен тақырыптар ілінген қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бекеттер қойылады (оқушылар қалам түстеріне қарай топқа бөлінеді, әр топтың әр түсті қаламы топтың жұмысқа қосқан үлесін анықтайды).

3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген тақырып пен проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтардың бекеттерден өтіп, өзгелердің түсініктемелерін қарастыруға 5 минут беріледі. 5 минуттан кейін топтар бекеттерін ауыстыруы шарт.

3-тапсырма: Мәтінмен жұмыс кезеңі

«Соңғы сөзді мен айтайын» тәсілі арқылы шығарма үзіндісін жалғастырып, сюжетті әңгіме жазыңыз. (тыныс белгілеріне ерекше назар аударыңыз)

Абай балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталғанын көрген соң есіктен қайта бұрылды. Осы уақытта Қаратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап:

- Татулық болды, татуластырды! Алшекең мен Баймұрын екі жақтың да бар сөзіне ие боп өздері сөйлеп, өздері шешіп отыр. Осылай етіңдер деп мырза да, Бөжей де ерік беріп еді! – деді.

-Ал байлау не болды?... Тынымы не болған екен?..- деп, Майбасар да ентелей түсті.

- Тынымы да өзгешелеу болды , білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алсыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын! – десті.

- Осыған тоқтасты ма?

- О не қылған бала?... Өзінен туған бала ма? – деп, Майбасар, Жақып қайталай сұрасып еді...

- Тәйірі, айттым ғой!... Өз баласы!... Асырауға алады!...- деп, Қаратай асығып қайта кетті.

Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бірге, ішінен бір түрлі түршігіп қалды.

- Қай бала?... Кім беріледі?... Оспан ба, Смағұл ма?...- деп, еркек балалар беріледі екен деп ойлады. Жаңағы атаған екі інісінің ешқайсысын да ана қойнынан алып, өзге жаққа жіберуге қиятын емес...

Кері байланыс: ««5-5-1» әдісі

1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді 5 сөйлеммен білдіріңіз.

2. Бес сөйлемді 5 сөзге қысқартыңыз.

3. 5 сөзден 1 сөз қалдырыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу