Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.
Сабақ жоспары №11
Күні: Тақырыбы:Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы |
| ||||||
Сынып: 10 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | |||||
Оқу мақсаттары | 11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалау. | ||||||
Бағалау критерийі | Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды. | ||||||
Дескриптор |
| ||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих «Абай жолы» эпопеясындағы көркемдік-тарихи шындық https://baribar.kz/student/1950/abay-zholy-epopeyasyndaghy-koerkemdik/ | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Алашты әлемге паш еткен «Абай жолы» https://turkystan.kz/article/23816-alashty-lemge-pash-etken-abaj-zholy | ||||||
Осыдан бұрын алған білім | Алдыңғы сабақта шығарманы әлемдік әдебиет тақырыптарымен байланыстыра талдап, өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты. | ||||||
Жоспар | |||||||
Уақыт | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Миға шабуыл Оқушыларға «Абай жолы романындағы тарихи және көркемдік шындық» деректі мақаласы таратылады. Сынып оқушылары «Пайымдау сұрақтары» әдісі арқылы сұрақтарға өз көзқарастарын мақаладағы мәліметтермен байланыстыра отырып жауап береді.
|
Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар. «Абай жолы» эпопеясындағы көркемдік-тарихи шындық https://baribar.kz/student/1950/abay-zholy-epopeyasyndaghy-koerkemdik/ | |||||
Сабақтың ортасы | ТЖ. «Айналмалы бекеттер» әдісі Талқылау тақырыптары:
Көзқарасыңызды нақты дәлелдер келтіре отырып білдіріңіз. 1. Оқушылар берілген тақырыптарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты тереңнен, жан-жақты қамтуға тырысады. 2. Сынып бөлмесіне шығармадан алынған үзінділер мен тақырыптар ілінген қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бекеттер қойылады (оқушылар қалам түстеріне қарай топқа бөлінеді, әр топтың әр түсті қаламы топтың жұмысқа қосқан үлесін анықтайды). 3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген тақырып пен проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтардың бекеттерден өтіп, өзгелердің түсініктемелерін қарастыруға 5 минут беріледі. 5 минуттан кейін топтар бекеттерін ауыстыруы шарт. Шығармамен жұмыс кезеңі 3-тапсырма «Соңғы сөзді мен айтайын» тәсілі арқылы шығарма үзіндісін жалғастырып, сюжетті әңгіме жазыңыз. (тыныс белгілеріне ерекше назар аударыңыз) «Абай балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталғанын көрген соң есіктен қайта бұрылды. Осы уақытта Қаратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап: -Татулық болды, татуластырды! Алшекең мен Баймұрын екі жақтың да бар сөзіне ие боп өздері сөйлеп, өздері шешіп отыр. Осылай етіңдер деп мырза да, Бөжей де ерік беріп еді! – деді. -Ал байлау не болды?... Тынымы не болған екен?..- деп, Майбасар да ентелей түсті. -Тынымы да өзгешелеу болды , білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алсыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын! – десті. -Осыған тоқтасты ма? -О не қылған бала?... Өзінен туған бала ма? – деп, Майбасар, Жақып қайталай сұрасып еді... -Тәйірі, айттым ғой!... Өз баласы!... Асырауға алады!...- деп, Қаратай асығып қайта кетті. Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бірге, ішінен бір түрлі түршігіп қалды. - - Қай бала?... Кім беріледі?... Оспан ба, Смағұл ма?...- деп, еркек балалар беріледі екен деп ойлады. Жаңағы атаған екі інісінің ешқайсысын да ана қойнынан алып, өзге жаққа жіберуге қиятын емес... » Бағалау дескриптор бойынша жүзеге асады. (топтық бағалау) | ||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «5-5-1» әдісі арқылы кері байланыс парағын толтырыңыз. 1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді 5 сөйлеммен білдіріңіз. 2. Бес сөйлемді 5 сөзге қысқартыңыз. 3. 5 сөзден 1 сөз қалдырыңыз. | ||||||
| Бағалау: жұптық, топтық | ||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? | Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?