М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ғасырлық туынды

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбекова С

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

 Сабақтың мақсаты

әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

 Бағалау критерийлері

әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындайды;

уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жұпта, топта жұмыс жасау арқылы құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Power Point бағдарламасы арқылы жасалған презентация, интерактивті тақта арқылы жұмыс жасалады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Құндылықты анықтау

Жоспар

Жоспар-

ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Сені көргеніме қуаныштымын!»

Мақсаты: Оқушылардың жағымды жақтарын анықтауға, сабаққа деген көңіл күйлерін көтеру.

Жаттығу барысы: Әрбір оқушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...» Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен ғана емес, мінез ерекшелігіне, игі істеріне байланысты сөзбен аяқтау керек.

Үй тапсырмасын тексеру. «Сиқырлы сандықша» әдісі

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері талқыланады.

Сандықша

сұрақтар

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану кезеңі

Топтық жұмыс «Үш түрлі күнделік»

ҚБ тапсырмасы.

1-қадам. «Қайтқанда» тарауының 1-бөлімін оқу.

2-қадам. Сол кезеңдегі оқиғаларды уақытпен байланыстырып,түртіп алады.

Мәтіннен ерекше әсер еткен оқиғалар;

Қандай ой туындаттқанын көрсетеді;

Туындаған сұрақтарын мұғалімге хат ретінде жазады.

Дескриптор:

  • мәтіннің ерекше әсер еткен тұсын көрсетеді;
  • ойын жазады;
  • сұрақ қояды.

Өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы.

3-қадам. Талдау жасайды.

1. Сюжеттің басталуы

2. Сюжеттің байланысы

3. Сюжеттің дамуы

4. Сюжеттің шиеленісуі

5. Сюжеттің шарықтау шегі

6. Сюжеттің шешімі

«Сюжеттік кесте» әдісімен топта сағат тілімен айналдыра отырып,өз жауаптарын жазады. Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге?

Дескриптор:

  • сюжеттік талдау жасайды;
  • сұрақтарға жауап береді.

Бағалау. Топаралық бағалау жасалады.

«Уақыт көлігі» (уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау тапсырмасы)

ЖЖ 1-оқушы уақыт көлігімен Абайдың кезеңіне барады,Абаймен кездеседі. Ескерту. Абайға 3 сұрақ қойылады.

Келесі кезекте 2-оқушы осы кезеңге келеді, Абай 1-оқушыға 3 сұрақ қояды.

Бағалау. «Бас бармақ» әдісі. Мұғалімнің кері байланысы

Мәтін

Талдау кестесі

А3 парағы

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Не жақсы?»

  • Сен өз жұмысыңның «жақсы» екенін анықтай аласың ба?
  • Сен әрқашан бұдан әрі қарай не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесің бе?
  • Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болады?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларды қолдау үшін мақтап, мадақтаймын, қолайлы орта туғызамын. Қабілетті оқушылар жұптық, топтық жұмыстарда өз көшбасшылығын танытады, білімімен бөліседі.

Оқушының өзін-өзі бағалауы жүзеге асады. Мұғалім кері байланысы, оқушы рефлексиясы орын алады.

Тарих, әдебиет теориясы пәндерімен байланыс орнайды. Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады. Жауапты азаматтық позиция, құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу