Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 6 сабақ.
1- тапсырма. ЖЖ/Т.
Жұпта «Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін?» деген сұрақтың жауабын талқылап, идеяларын дәптерлеріңізге жазыңыздар.Оларды маңыздылық деңгейіне қарай сұрыптап, жауабын өзге сыныптастарымен бөлісіңіздер.
2-тапсырма.
Мұғалім оқушыларға «Өрде» тарауынан алынған үзіндіні таратып береді.
Берілген үзіндінің идеясын табыңыз.
Жанрлық ерекшеліктері анықтаңыз.
Үзіндідегі үлкендер мен Абайдың көзқарасының арасындағы алшақтық көрінісін талқылаңыз.
Кері байланыс:
Әдеби-көркем шығарманың (мәтін) идеялық мазмұнын түсінеді;
Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін айқындайды;
уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.
3- тапсырма. Т.
Оқушылар екі топқа бөлініп, тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселеге қатысты көзқарастарын білдіріп, шағын дебат-диалог өткізеді. «Ұрын келу дәстүрін қолдаймын/қолдамаймын».
Кері байланыс:
Түрлі жағдаяттарға сай өз ойын креативті айтады;
Өз ойын еркін және сенімді жеткізеді;
Тілдік құралдар мен көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады.
Рефлексия
Бәрінен бұрын нені түсіндіруге қиын болды?
Сабақта алған білімді басқа пәндерде немесе мектептен тыс қалай қолдана аласың?
Қалай мен бүгін алған білімді есте сақтаймын?
Сөздік қорым жеткіліксіз, сондықтан мен осы мәселені шешу үшін не істеуім керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?