Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Сабақтың тақырыбы

Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін?

Оқыту мақсаттары

 

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Сабақтың мақсаты

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды

 Бағалау критерийлері

  • Әдеби-көркем шығарманың (мәтін) идеялық мазмұнын түсінеді;
  • Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін айқындайды;
  • уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды;
  • Түрлі жағдаяттарға сай өз ойын креативті айтады;
  • Өз ойын еркін және сенімді жеткізеді;
  • Тілдік құралдар мен көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады..

 Тілдік дағдылар

Жылулық, өнеге, тәрбие көзі, парасаттылық, даналық

 Құндылықтарды дарыту

  • Құрметтеу: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
  • Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, қоғам

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Бастапқы білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі ЖЖ

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін талқылайды.

  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді.

https://www.youtube.com/watch?v=5Moz5pwolcE

Сабақтың ортасы

5 мин

 

 

15 мин

15 мин

Мағынаны тану.

1- тапсырма. ЖЖ/Т.

Оқушылар жұпта «Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін?» деген сұрақтың жауабын талқылап, идеяларын дәптерлеріне жазады.Оларды маңыздылық деңгейіне қарай сұрыптап, жауабын өзге сыныптастарымен бөліседі.

2-тапсырма. С.

Мұғалім оқушыларға «Өрде» тарауынан алынған үзіндіні таратып береді.

  • Берілген үзіндінің идеясын табыңыз.
  • Жанрлық ерекшеліктері анықтаңыз.
  • Үзіндідегі үлкендер мен Абайдың көзқарасының арасындағы алшақтық көрінісін талқылаңыз.

Кері байланыс:

  • Әдеби-көркем шығарманың (мәтін) идеялық мазмұнын түсінеді;
  • Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін айқындайды;
  • уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

3- тапсырма. Т.

Оқушылар екі топқа бөлініп, тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселеге қатысты көзқарастарын білдіріп, шағын дебат-диалог өткізеді. «Ұрын келу дәстүрін қолдаймын/қолдамаймын».

Кері байланыс:

  • Түрлі жағдаяттарға сай өз ойын креативті айтады;
  • Өз ойын еркін және сенімді жеткізеді;
  • Тілдік құралдар мен көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады.

http://adebiportal.kz/kz/books/view/abai_zholi_1_kitap__603

«Абай жолы» романы

І кітап

http://adebiportal.kz/kz/news/view/19268

М.Әуезов «Абай жолы» романы

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

  • Бәрінен бұрын нені түсіндіруге қиын болды?
  • Сабақта алған білімді басқа пәндерде немесе мектептен тыс қалай қолдана аласың?
  • Қалай мен бүгін алған білімді есте сақтаймын?
  • Сөздік қорым жеткіліксіз, сондықтан мен осы мәселені шешу үшін не істеуім керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қынаменде

 Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қынаменде — ұлттық ойын-сауық кеші. Күйеу жігіт қалыңдық отауына немесе қыз жеңгесінің үйіне жолдастарымен алғаш келген күні өтеді. Шығыс халықтарында Қынаменде кеші күйеу қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңінде де өткізіледі. Қынаменде кешіне қатысушы қыз-келіншектер қызыл-жасыл киініп, тырнақтарын бояйтын болған.

В. В. Радлов өз сөздігінде: “Қынаменде — тырнақ бояйтын қызыл бояу. Мұсылмандар тырнақтарына қына жағады. Осман түріктері үйлену тойынан кейінгі түнді “қына гешесі” деп атайды.

Бұлай атайтын себебі — қалыңдық қына түнінің алдында саусақтарын қынамен бояп алады” деп жазды. Қалыңдықтың тырнағын қынамен бояйтын салт қазақ тұрмысында ертеде болған.[1]

«Қынаменде» (дәстүр) «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?»(Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған.[2] Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.

Күйеудің бұл жолы әр жерде әр түрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер «қалыңдық ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман бөркін қырын келді» (Н.Ахметбеков).

Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас-жораларымен келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысып-білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.

Әрине «ұрын келудің де кәде-жораларын аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп «ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты.[3]

Қынаменде (ұрын келу)

      «Қынаменде» (дәстүр) «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?»(Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. (КСЭ.7 том). Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.

       Күйеудің бұл жолы әр  жерде әр түрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер  «қалыңдық  ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғус ұрын келді, Қйсайтып жаман бөркін қырын келді» (НАхметбеков).

      Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін  бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас-жораларымен келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын  көріп танысып-білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.

      Әрине «ұрын келудің де кәде-жораларын аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп «ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты.

      «Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады.

      Құда түскенімен, келісім жасалғанымен күйеудің қыз ауылына «ұрыннан» бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс-туғандары (аға-інілері) қазақ әдет- ғұрыпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже-қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді.     Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар мынандай: ұрын кеу, есік ашар, ентікпе, балдыз көріндік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт-түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар үзік жабар, туырлық, майын тастау, ілу, қыз қашар, шашу қыз көтерер, арқа жатар, қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», бақан салар күйеу аттандырар, т.б



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу