М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 нұсқа.
Тапсырма 1. «Шытырманда» бөлімі бойынша үзінділердің қандай кейіпкерге сай екенін анықтап, сәйкестендіріңіз. Ж
1 1 | - Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға! | Құлыншақ |
22 | Бетінде ғазап пен сор көлеңкесі бар сияқты. Кірпіктері ұзарған. Екі ұрты кәдімгі қайғы шеккен, аштық көрген үлкен адамдардың бетіндей боп, тозығы жетіп, жиырылып тұр. Үлкейіп, алақандай боп кеткен қап-қара көздерінен кесек-кесек жастар тамшылайды. | Бөжей |
23 | Уай, балам, әкең осы Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме екен? Борсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші ем ғой? Көгі болса бұрын да орылушы еді. Қақ бөлісуші ек қой. Осыны білді ме?- | Зере |
44 | Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызып, өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады. | Ербол |
55 | Сүйіндік үйінің адамы емес, бір толықша, қара жігіт екен. Жалғыз жүрген жолды көңілсіз көріп, алдыңғы жағында кетіп бара жатқан екі аттыны әдейі әңгімелесіп отыру үшін қуып жеткен екен. | Зере |
66 | Кеше кешке бар жанкүйер ағайынын шақырып, арыздасып жатыр. | Кәмшат |
77 | Мынау аналар аналық зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтіп күңірентіп отырсыңдар сендер бізді. Тап енді, емін тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай жетімегімді! | Бөжей |
88 | «Жарасы жазылды, сынығы бітті» дей ме екен. Сұрау салмай, мазамды алмай тек жүрсін, күйдірмесін ағайын! | Тоғжан |
Тұрсын Жұртбайдың «Құнанбай»
«Абай» романында Құнанбай – Бөжей арасындағы жер дауын шешіп, үш жасар Кәмшатты Бөжейге кепілдікке беру жөніндегі кесімді айтқан – Алшынбай. Мұның көркем қисыны: «Еңгезердей үлкен бойлы, сары Баймұрын Бөжейді татуластыра келген кісі болатын. Қазір Алшынбай екеуі ғана сөйлейді. Өздері үшін емес, Құнанбай, Бөжей сияқты екі жақ үшін сөйлейді...
—... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда боласыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сөйтіп, иістерің аралассын» (1.3.140) деп баяндалады.
Тарихи оқиға және көркемдік шешім. Бұл мәселе төңірегіндегі пікір таластарына әлі де нақты нүкте қойылған жоқ. Біреу – ақтайды, екінші адам қарама-қарсы тұжырымды жақтайды. Алайда бұл екі көзқарас та тарихи шындықты зерделеу мәселесіне қатты көңіл бөледі. (Қараңыз: 19). Бұл реттен алғанда Мұхтар Әуезов Құнанбайдың әміріне қатысты тарихи деректерді жан-жақты зерттеген, мол мағлұмат жинақтаған. Құнанбай – Бөжей қақтығысындағы ең бір трагедиялық шиеленісті шешімді Кәмшат қыздың: «Aпa! Апа!... Әже!..-деп шырылдап қоя берген «тұсындағы төрелікті Алшынбай емес, Барақ Солтабаевтың айтқанын білген. Біле тұра, творчестволық қиял мен оқиғаны көркем жүйелеу еркіндігін ұтымды пайдаланған. Өйткені, бәрібір суреттелуге тиісті Қарқаралыдағы «піскен бас Майыр» мен Алшынбайды романға кіргізуі үшін тың тартыс қажет. Тарихта ондай дерек бар. Бірақ ұсақ-түйек оқиғадан шығарма ұтпайды. Ал шешім романның келесі тарауларының да жүйелі жалғасуына негіз қалайды. Оқиғаны осы жолы Қарқаралыда дамытпаса, онда Майбасардың сабалуы мен Құнанбайдың жауапқа тартылуы үшін тағы да бір ілік қажет. Яғни, бір-біріне ұқсас тартыс көркем шығарманың құнын жояды. Міне, осындай жайларды саралай келіп, Мұхтар Әуезов Барақ пен Алшынбайдың билігін бір кісіге теліп, оқиғаны ширата түскен.
Уақыттың көркем өзгеріске ұшырауы Кәмшат пен Абайдың жас мөлшеріне де өзіндік орын ауыстырулар әкелген. Яғни Кәмшат Абайдың қарындасына, Абай өзінің әпкесі Кәмшаттың ағасына айналады. 1846 жылғы Барақ бітімінде Құнанбай Бөжейге үш жасар Кәмшатты, үш бесті ат, топ-топ мата және 3 қойтұяқ алтын жамбы беріп, айыбын өтеген. Бөжей сол екі арада Омбыға арыз жіберіп үлгерген. Бұл оқиға романда қамтылмаған. Бөжей мен Құнанбай Қарқаралыға жарыса аттанады. «Жолда» атты үшінші тарауда: «Тізесімен тербетіп отырғаны – Айғыздан туған немере қызы үш жасар Кәмшат. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады... Абай өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры» (1. 3. 102)-деп суреттейді. Омбы мұрағатындағы дерек бойынша ол кезде керісінше Абай бесікте де, Кәмшат үш-төрт жаста. Алайда жас Абайдың көзқарасын қалыптастыру үшін осынау тартысқа толы дүрбелеңді басынан кешіріп, ең аяулы қарындасының «зарлаған үні ... отқа өртеніп, не суға жұтылып бара жатқан жанның зарындай» (I. 3. 150) естілуі қажет-тін. Бұл тебіреніс – жас жүректі жаралап, жанына өшпес жара салып, дүние танымын өзгелерден ерекшелендіре түсетін. Сондықтан да М.Әуезов көркем шығармаға тән және тиісті мүмкіндіктерді пайдаланып, кейіпкерлердің образын даралау мақсатымен қиялға еркіндік берген. (https://abaialemi.kz/post/view?id=914)
Оқушының аты-жөні | |
Бағалау критерийлері | Ұпай сандары 1-3 ұпай |
Түрлі жанрдағы еңбектердің стилі мен жанрлық ерекшелігіне дәлел келтіру арқылы салыстырады. | |
Түрлі жанрдағы еңбектердегі кейіпкерлерді тарихи және көркем шындық тұрғысынан салыстыру арқылы тадайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?