М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 нұсқа.
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 11 T1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тарау: | Ғасырлық туынды.М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Шығарманың жанрлық ерекшелігін, кейіпкерлерді тарихи шындық және көркем шындық тұрғысынан басқа жанрдағы шығармамен салыстыру арқылы талдайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Түрлі жанрдағы еңбектердің стилі мен жанрлық ерекшелігіне дәлел келтіру арқылы салыстырады. Түрлі жанрдағы еңбектердегі кейіпкерлерді тарихи және көркем шындық тұрғысынан салыстыру арқылы тадайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АТҚ қолдануы | Таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімі | Оқушылар алдыңғы сабақта шығарманың сюжеттік желісіне талдау жасады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған қызмет түрлері: | Ақпарат көздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 3 мин | Қызығушылықты ояту «Бес қадам» әдісі Сыныптан 4 оқушы өз еркімен шығады. Мұғалім өткен тараулар бойынша әр оқушыға бір-бір сұрақ қояды.Оқушылар едендегі әр табан суреттерін жылдам-жылдам басу арқылы мұғалім қойған сұраққа 5 жауап айтады.
|
Табан суреттері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 34 мин | Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. Тапсырма 1. «Шытырманда» бөлімі бойынша үзінділердің қандай кейіпкерге сай екенін анықтап, сәйкестендіріңіз. Ж
Оқушылар өзара жұмыстарын алмастырып, тақтадағы жауап кілтімен тексереді.
Тапсырма 2. Тұрсын Жұртбайдың «Құнанбай» деп аталатын ғылыми еңбегінен тарауға қатысты зерттеулерін оқып, шығармамен салыстыру арқылы талдау жасаңыздар. ЖЖ «Абай» романында Құнанбай – Бөжей арасындағы жер дауын шешіп, үш жасар Кәмшатты Бөжейге кепілдікке беру жөніндегі кесімді айтқан – Алшынбай. Мұның көркем қисыны: «Еңгезердей үлкен бойлы, сары Баймұрын Бөжейді татуластыра келген кісі болатын. Қазір Алшынбай екеуі ғана сөйлейді. Өздері үшін емес, Құнанбай, Бөжей сияқты екі жақ үшін сөйлейді... —... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда боласыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сөйтіп, иістерің аралассын» (1.3.140) деп баяндалады. Тарихи оқиға және көркемдік шешім. Бұл мәселе төңірегіндегі пікір таластарына әлі де нақты нүкте қойылған жоқ. Біреу – ақтайды, екінші адам қарама-қарсы тұжырымды жақтайды. Алайда бұл екі көзқарас та тарихи шындықты зерделеу мәселесіне қатты көңіл бөледі. (Қараңыз: 19). Бұл реттен алғанда Мұхтар Әуезов Құнанбайдың әміріне қатысты тарихи деректерді жан-жақты зерттеген, мол мағлұмат жинақтаған. Құнанбай – Бөжей қақтығысындағы ең бір трагедиялық шиеленісті шешімді Кәмшат қыздың: «Aпa! Апа!... Әже!..-деп шырылдап қоя берген «тұсындағы төрелікті Алшынбай емес, Барақ Солтабаевтың айтқанын білген. Біле тұра, творчестволық қиял мен оқиғаны көркем жүйелеу еркіндігін ұтымды пайдаланған. Өйткені, бәрібір суреттелуге тиісті Қарқаралыдағы «піскен бас Майыр» мен Алшынбайды романға кіргізуі үшін тың тартыс қажет. Тарихта ондай дерек бар. Бірақ ұсақ-түйек оқиғадан шығарма ұтпайды. Ал шешім романның келесі тарауларының да жүйелі жалғасуына негіз қалайды. Оқиғаны осы жолы Қарқаралыда дамытпаса, онда Майбасардың сабалуы мен Құнанбайдың жауапқа тартылуы үшін тағы да бір ілік қажет. Яғни, бір-біріне ұқсас тартыс көркем шығарманың құнын жояды. Міне, осындай жайларды саралай келіп, Мұхтар Әуезов Барақ пен Алшынбайдың билігін бір кісіге теліп, оқиғаны ширата түскен. Уақыттың көркем өзгеріске ұшырауы Кәмшат пен Абайдың жас мөлшеріне де өзіндік орын ауыстырулар әкелген. Яғни Кәмшат Абайдың қарындасына, Абай өзінің әпкесі Кәмшаттың ағасына айналады. 1846 жылғы Барақ бітімінде Құнанбай Бөжейге үш жасар Кәмшатты, үш бесті ат, топ-топ мата және 3 қойтұяқ алтын жамбы беріп, айыбын өтеген. Бөжей сол екі арада Омбыға арыз жіберіп үлгерген. Бұл оқиға романда қамтылмаған. Бөжей мен Құнанбай Қарқаралыға жарыса аттанады. «Жолда» атты үшінші тарауда: «Тізесімен тербетіп отырғаны – Айғыздан туған немере қызы үш жасар Кәмшат. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады... Абай өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры» (1. 3. 102)-деп суреттейді. Омбы мұрағатындағы дерек бойынша ол кезде керісінше Абай бесікте де, Кәмшат үш-төрт жаста. Алайда жас Абайдың көзқарасын қалыптастыру үшін осынау тартысқа толы дүрбелеңді басынан кешіріп, ең аяулы қарындасының «зарлаған үні ... отқа өртеніп, не суға жұтылып бара жатқан жанның зарындай» (I. 3. 150) естілуі қажет-тін. Бұл тебіреніс – жас жүректі жаралап, жанына өшпес жара салып, дүние танымын өзгелерден ерекшелендіре түсетін. Сондықтан да М.Әуезов көркем шығармаға тән және тиісті мүмкіндіктерді пайдаланып, кейіпкерлердің образын даралау мақсатымен қиялға еркіндік берген. Дескриптор: -тарау және мәтіннің стилін анықтайды; -жанрын анықтайды; -әр мәтіннен жанрға тән 3 ерекшелікті анықтап, қолданылу мақсатын түсіндіреді.
Оқушылар жұпта қима қағаздарды таңдау арқылы кейіпкерлерінің біріне таңдау жасайды. Тапсырма 3. Шығармадағы және ғылыми еңбектегі деректерге сүйене отырып, Кәмшат, Абай, Құнанбай, Бөжей образдарын көркем шындық пен тарихи шындық негізінде салыстырып, жұмыстарыңызды постер түрінде ұсыныңыздар. Т Дескрипор: -тараудағы кейіпкерге қатысты эпизодтарды іріктейді; -ғылыми еңбектегі кейіпкерге қатысты деректерді іріктейді; -іріктелген ақпараттарға талдау жасайды; - кейіпкерге қатысты 2-3 сөйлеммен қорытынды тұжырым жасайды. Оқушылар жұмыстарын сынып назарына ұсынып, «1 жұлдыз, 1 тілек» арқылы кері байланыс береді. Бағалау. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады.
| Таратпа материал А3 парақтар, фломастер, таратпа материал Бағалау парақтары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 3 минут | Рефлексия «Мадақтау сэндвичі»
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?