М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация.


Ғасырлық туынды.

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Бағдаршам»

Ділдә Абайдың жанына отырған бетте екеуі амандасты.

Құнанбай Байдалы мен Байсалға берген жерлердің бәрін қайтадан қайтарып алатын бопты.

Бұл жолы ай жарым жүріп, Ділдәні алып келді.

Абай Байсал мен Байдалыдан ең қадірлі, ең сыйлы деген елдің қонағының біреуін беруді өтінеді.

Абайлар бес күн бойы Бөжейдің қайын жұртын күтті.

Абайдың сыйлы қонағының бірі- атақты Садақ ақынды жеңіп, «бала ақын» атанған Қадырбай ақын.

Ербол Тоғжанның кездесуге шақырғанын айтып, сүйінші сұрап Абайға кісі жібереді.

Ербол Абай мен Тоғжанды кездестіру үшін ақсүйек ойынын ұйымдастырады.

Ағаш арасында жасырын кездесіп тұрған Абай мен Тоғжанды Асылбектің әйелі тауып алады.

Алтыбақан басында Керімбала алғаш рет Абаймен танысады

1-топ: Кісі өліміне қатысты салт-дәстүрлер (арыздасу, жоқтау, қара тігу, шаш тарқату, бөрікті теріс кию, естірту )

2-топ: Асқа қатысты салт-дәстүрлер (сауын айту, сойыс, табақ тарту, бәйге, үйітілген қой, тоғыз )

3-топ: Құда түсу, тойға қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлер (айттыру, қайындату, ілу, үкі тағу, шаш сипату, етік тартар)

 

Топқа бөлу

1- топ.

1.«Шытырманда, Бел-белесте» тарауында кісі өліміне

қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлерді тауып, олардың қандай эпизодтармен байланысын анықтаңыздар.

2.Анықталған салт-дәстүрлерді бүгінгі күндегі көрінісімен салыстырыңыздар.

3. Шығармадағы салт-дәстүрлерге қатысты өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, тұжырым жасаңыздар.

 

2-топ.

1. «Өрде» тарауында асқа қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлерді тауып, олардың қандай эпизодтармен байланысын анықтаңыздар.

2.Анықталған салт-дәстүрлерді бүгінгі күндегі көрінісімен салыстырыңыздар.

3. Шығармадағы салт-дәстүрлерге қатысты өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, тұжырым жасаңыздар.

 

3- топ.

1.«Бел-белесте», «Өрде» тарауларындағы құда түсу, тойға қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлерді тауып, олардың қандай эпизодтармен байланысын анықтаңыздар.

2.Анықталған салт-дәстүрлерді бүгінгі күндегі көрінісімен салыстырыңыздар.

3. Шығармадағы салт-дәстүрлерге қатысты өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, тұжырым жасаңыздар.

Оқырман ретінде Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің «Егер сен ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол - шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма» деген пікіріне қатысты қандай ой түйдіңіз? Ойыңызды ТАФТТ әдісі арқылы жеткізіңіз.

Т-тезис

А-аргумент

Ф-факт

Т-талдау

Т-тұжырым

«Автор орындығы»

Бағалау

РЕФЛЕКСИЯ

Бүгінгі сабақтан өміріме қажетті қандай ой түйдіңіз?

Қандай дағдыларыңызды дамыта алдыңыз?

Қай топтың жұмысы сізге ерекше ұнады? Неге?

Келесі сабаққа қандай ұсыныс айтасыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу