М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М. | |||||||||||||
Сыныбы: 11 T1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||
Тарау: | Ғасырлық туынды.М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау | |||||||||||||
Сабақ мақсаты | Тараулардағы салт-дәстүрлердің сол замандағы және бүгінгі замандағы көрінісімен салыстыру арқылы талдау жүргізу | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы дәстүрлерге қатысты салт-дәсүрлер мен эпизодтарды анықтайды. Салт-дәстүрлердің бүгінгі замандағы көрінісімен салыстырады. Пікірге қатысты өзіндік тұжырымын дәлелдеу арқылы жеткізеді. | |||||||||||||
Тілдік міндеттер |
| |||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | |||||||||||||
АТҚ қолдануы | Таныстырылым | |||||||||||||
Алдыңғы білімі | Оқушылар алдыңғы сабақта шығарманың жанрлық ерекшелігіне талдау жасады. | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған қызмет түрлері: | Ақпарат көздері | ||||||||||||
Басы 3 мин | Қызығушылықты ояту «Шын, жалған» ойыны Оқушылар қолында бағдаршам болады. Тақтада тараудағы оқиғалар ұсынылады. «Шын» десе жасыл бағдаршамды, «жалған» десе қызыл бағдаршамды көтереді.
|
Бағдаршам | ||||||||||||
Ортасы 34 мин | Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. Оқушылар топ аттарына қатысты салт-дәстүрлер жазылған қағаздарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. 1-топ: Кісі өліміне қатысты салт-дәстүрлер (арыздасу, жоқтау, қара тігу, шаш тарқату, бөрікті теріс кию, естірту ) 2-топ: Асқа қатысты салт-дәстүрлер (сауын айту, сойыс, табақ тарту, бәйге, үйітілген қой, тоғыз ) 3-топ: Құда түсу, тойға қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлер (айттыру, қайындату, ілу, үкі тағу, шаш сипату, етік тартар) Тапсырма. Т 1- топ. 1.«Шытырманда, Бел-белесте» тарауында кісі өліміне қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлерді тауып, олардың қандай эпизодтармен байланысын анықтаңыздар. 2.Анықталған салт-дәстүрлерді бүгінгі күндегі көрінісімен салыстырыңыздар. 3. Шығармадағы салт-дәстүрлерге қатысты өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, тұжырым жасаңыздар. 2-топ. 1. «Өрде» тарауында асқа қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлерді тауып, олардың қандай эпизодтармен байланысын анықтаңыздар. 2.Анықталған салт-дәстүрлерді бүгінгі күндегі көрінісімен салыстырыңыздар. 3. Шығармадағы салт-дәстүрлерге қатысты өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, тұжырым жасаңыздар. 3- топ. 1.«Бел-белесте», «Өрде» тарауларындағы құда түсу, тойға қатысты көрініс табатын салт-дәстүрлерді тауып, олардың қандай эпизодтармен байланысын анықтаңыздар. 2.Анықталған салт-дәстүрлерді бүгінгі күндегі көрінісімен салыстырыңыздар. 3. Шығармадағы салт-дәстүрлерге қатысты өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, тұжырым жасаңыздар. Дескриптор: -шығармадан берілген дәстүрге қатысты әдет-ғұрыптарды тауып, оған қатысты эпизодтарды анықтайды; -анықталған әдет-ғұрыптардың бүгінгі замандағы дәстүрлерде көрініс табатындарын іріктейді; -қазіргі және бұрынғы көрінісін салыстырады; -анықталған салт-дәстүрлерге қатысты пікірлерін 3-4 сөйлеммен тұжырым ретінде қорытындылайды. Тапсырма. Оқырман ретінде Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің «Егер сен ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол - шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма» деген пікіріне қатысты қандай ой түйдіңіз? Ойыңызды ТАФТТ әдісі арқылы жеткізіңіз. Ж Т-тезис А-аргумент Ф-факт Т-талдау Т-тұжырым Оқушылар жазғандарын топта оқиды, әр топтан үздік пікір анықталады. «Автор орындығы». Үздік пікірлер оқылады. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады.
| Қима қағаздар Таратпа материал Бағалау парақтары | ||||||||||||
Соңы 3 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақтан өміріме қажетті қандай ой түйдіңіз? Қандай дағдыларыңызды дамыта алдыңыз? Қай топтың жұмысы сізге ерекше ұнады? Неге? Келесі сабаққа қандай ұсыныс айтасыз? | |||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?