М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5- тарау. Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

Сабақ мақсаты:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді.

Бағалау критерийлері

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне, табиғатына, заманға деген көзқарасына қарай даралайды
  • Кейіпкердің шығармадағы орны арқылы сол заманның өмір шындығын ашады

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум:Тарих. Мәдениет. Жаһандық әлем.

Қоғам. Жаңалық.Құндылық.Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттықрух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде қоғаммен, елтанумен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады

Алдыңғы білім

Алдыңғы бөлімдер бойынша, яғни, әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсінгендерін бір-бірімен сөйлескенде пайдаланады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

Сабақтың басы

7 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін байқау.

Қызығушылықты ояту кезеңі:

Жұптық жұмыс

Шығарманың 1-томы бөлімдерінің атауы бойынша жұптасады: қайтқанда, бет-белесте, өрде, қат-қабатта, қияда, жолда, шытырманда. Жұптар өз бөліміндегі басты оқиғаларды, негізгі кейіпкерлерді еске түсіреді.

Сабақ тақырыбына болжау жасайды, оқу мақсатын айқындайды.

Оқушы дәптері

Сабақтың ортасы

5 мин

12 мин

6 мнн

10 мин

15 мин

5 мин

Мағынаны тану кезеңі:

І. Тыңдалымалды тапсырмасы

1-тапсырма Абай Құнанбаев туралы білетіндерін «Ассоциация» арқылы орындап, «Кластер» әдісі арқылы ұғымдарды байланыстырады.

ІІ.Тыңдалым тапсырмасы

2- тапсырма «Сократ семинары» әдісі бойынша семинар – сабақ жүргізіледі.

1-қадам жеке жұмыс

Семинардың 1-ші бөлімінде:

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томының 112-114 беттегі оқиға желісімен жұмыс.

«Сократ семинары» әдісі бойынша үзіндіні оқи отырып, негізгі ойды анықтайды, тірек сөздерді белгілеп отырады, мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырып жазады. (оқушының өз қалауына қарай, жуан , жіңішке сұрақтар болуы мүмкін.)

2-қадам сыныппен жұмыс

Тапсырманы орындап болғандары шеңберге жинала береді, оқушылар толық отырғанда, семинардың 2-ші бөлімі басталады.

Оқушылар ерікті түрде кезектесіп сұрақтар қояды, жауаптар беріледі, жауаптар толықтырылады, өз пікірлерін білдіреді.

Кері байланысты мұғалім жүргізеді: сұрақ қоймаған не ұтымды жауап бермеген оқушылармен тілдеседі, олар ойларымен бөліседі. Осы жұмыс барысында мұғалім үлгерімі төмен оқушыларды анықтай алады, яғни мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау, мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру жағынан қиындық туындайтын оқушылар белгілі болады.

Осы әдісті бірнеше сабақта қолданудан кейін сыныптың үлгерімі жоғары оқушыларына семинардың 2-ші бөлігі кезінде (оларды шеңберге отырғызбай ) дифференциалды тапсырма беруге болады, сол арқылы шеңберде отырған басқа оқушыларға еркін жұмыс істеуге мүмкіндіктер туады. Шығармашылық топтың оқушылары шығарма желісі, автор, кейіпкерлер жөнінде шығармашылық тапсырмалар әзірлейді. Өз қалаулары бойынша Kahoot.com Plickers. LearningApps.org т.б. сайттардың көмегін пайдаланады.

3- тапсырма Шығармашылық жұмыс

Сынып оқушылары шығармашылық топтың әзірлеген тапсырмаларын орындайды.

Бағалау: «Сұқ саусақ» әдісі арқылы формальды емес бағалау.

Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

4-тапсырма «Цифрлар сөйлейді» ойыны ұйымдастырылады: 3, 3, 45, 195

3 поэмасы: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»

3 күйі: Торыжорға », «Май түні», Абайдың желдірмесі»

45 қара сөзі 195 өлеңі

5- тапсырма Абайдың қара сөздері бойынша соңғы деректермен танысады.

1)Абайдың қара сөздерін, әдебиет жанры ретінде қарастырсақ, эссеистикаға жатқызуға болады.

2)Абай 45 қара сөзін өзі ретпен нөмірлеген жоқ. Автордың өлімінен кейін оларды ретімен орналастырған редакцияның өзі болды.

3)Абай қара сөздерін тоғыз жыл бойы жазған. 1890 жылы ол бірінші екі сөзін жазса, 1898 жылы 42-45 сөздерін жазып бітірген. https://mix.tn.kz/mixnews/10-maloizvestnyih-faktov-jizni-tvorchestve-abaya-kunanbaeva-376150/

4) "Меломан" компаниясы ең танымал деген 13 қазақстандық әдеби кітаптардың жинағын құрастырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Сұранысқа ие кітаптардың көшін қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" бастап тұр. Екінші орынға белгілі тарихшы Радик Темірғалиевтің "Казахи и Россия" тұрақтаса, үшінші кезекте бір топ қазақстандық саясаттанушылардың бірлесіп жазған "Сумеречная зона или "Ловушки" переходного периода" атты еңбектері орналасқан. https://kaz.tengrinews.kz/books/abay-kara-sozder-tanyimal-ktaptar-koshn-bastadyi-184/

5) Абайдың толық жинағында 1890 мен 1898 жж. арасында жазылған бір алуан шығармалары —«Қара сөз» деп аталады. Бұл ақынның философиялық еңбегі. Барлығы 45 сөз жəне бұған «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласы да [2; 226–234] қосылады.

6) Абайдың «Қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 жəне 1910 жж. қолжазбалары бойынша жарияланып келген. Ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қара сөздердің» бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дəлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген.

7) «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ «Қара сөз» демейді. «Қара сөз» проза деген мағынада айтылған. Əдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес «Қара сөзді» қолданады.

6-тапсырма Топтық жұмыс ішінара зерттеу –ізденушілік жұмыспен айналысады.

Семинардың 1-ші бөлімінде М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабының 112-114 беттегі оқиға желісінің үзіндісіне нешінші қара сөз сәйкес келеді? Он тоғызыншы сөзі Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Ой – толғаныс кезеңі:

7-тапсырма жеке жұмыс

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» тақырыбына 112-114 беттегі үзіндіні мысалға ала отырып, Абайдың, Бөжейдің бойындағы қасиеттерді басшылыққа ала отырып ой-толғау жазады.

8-тапсырма ББҮ әдісі арқылы оқушылар дәптерлеріне өздері білетін ақпаратты тізеді.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Жұппен, топпен, сыныппен ой бөліседі.

Тыңдалым материалы

Слайд

Сабақтың соңы

10 мин

Рефлексия. «3-2-1» әдісі

3 маңызды ақпарат

2 қиындық туғызған мәселе

1 көңіл күйіңізді танытатын ой

Үйге тапсырма:

БАҚ - нан «Қазақстан және әлем жаңалықтары: Абай Құнанбаев жылына арналған өнер және мәдениет» тақырыбында жастар үшін қызықты бір жаңалықты тыңдап, сыныппен бөлісуге дайындалу.

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егероқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциациядұрысжүзегеастыма?

Сабақкезеңдеріуақытқасәйкескелдіме?

Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыойларыңыздыжазуүшінқолданыңыз.Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу