Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация.


Қызығушылықты ояту кезеңі:

Жұптық жұмыс

Шығарманың 1-томы бөлімдерінің атауы бойынша жұптасады:

қайтқанда, бет-белесте, өрде, қат-қабатта, қияда, жолда, шытырманда.

Жұптар өз бөліміндегі басты оқиғаларды, негізгі кейіпкерлерді еске түсіреді.

Болжау, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айқындау

Мағынаны тану кезеңі:

І. Тыңдалымалды тапсырмасы

1-тапсырма Абай Құнанбаев туралы білетіндерін «Ассоциация» арқылы орындап, «Кластер» әдісі арқылы ұғымдарды байланыстырады.

ІІ.Тыңдалым тапсырмасы

2- тапсырма «Сократ семинары» әдісі бойынша семинар – сабақ

1-қадам: жеке жұмыс

Семинардың 1-ші бөлімінде:

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томының 112-114 беттегі оқиға желісі.

«Сократ семинары» әдісі бойынша үзіндіні оқи отырып, негізгі ойды анықтайды, тірек сөздерді белгілеп отырады, мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырып жазады. (оқушының өз қалауына қарай, жуан , жіңішке сұрақтар болуы мүмкін.)

2-қадам: сыныппен жұмыс

Тапсырманы орындап болғандары шеңберге жинала береді, оқушылар толық отырғанда, семинардың 2-ші бөлімі басталады.

Оқушылар ерікті түрде кезектесіп сұрақтар қояды, жауаптар беріледі, жауаптар толықтырылады, өз пікірлерін білдіреді.

3- тапсырма Шығармашылық жұмыс

Сынып оқушылары шығармашылық топтың әзірлеген тапсырмаларын орындайды.

Бағалау: «Сұқ саусақ» әдісі арқылы формальды емес бағалау.

4-тапсырма «Цифрлар сөйлейді» ойыны ұйымдастырылады:

3, 3, 45, 195

3 поэмасы: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»

күйі: Торыжорға », «Май түні», Абайдың желдірмесі»

45 қарасөзі 195 өлеңі

5- тапсырма Абайдың қарасөздері бойынша соңғы деректер

1) Абайдың қара сөздерін, әдебиет жанры ретінде қарастырсақ, эссеистикаға жатқызуға болады.

2) Абай 45 қара сөзін өзі ретпен нөмірлеген жоқ. Автордың өлімінен кейін оларды ретімен орналастырған редакцияның өзі болды.

3) Абай қара сөздерін тоғыз жыл бойы жазған. 1890 жылы ол бірінші екі сөзін жазса, 1898 жылы 42-45 сөздерін жазып бітірген.

4) "Меломан" компаниясы ең танымал деген 13 қазақстандық әдеби кітаптардың жинағын құрастырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Сұранысқа ие кітаптардың көшін қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" бастап тұр. Екінші орынға белгілі тарихшы Радик Темірғалиевтің "Казахи и Россия" тұрақтаса, үшінші кезекте бір топ қазақстандық саясаттанушылардың бірлесіп жазған "Сумеречная зона или "Ловушки" переходного периода" атты еңбектері орналасқан.

5) Абайдың толық жинағында 1890 мен 1898 жж. арасында жазылған бір алуан шығармалары —«Қара сөз» деп аталады. Бұл ақынның философиялық еңбегі. Барлығы 45 сөз жəне бұған «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласы да [2; 226–234] қосылады.

6) Абайдың «Қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 жəне 1910 жж. қолжазбалары бойынша жарияланып келген. Ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қара сөздердің» бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дəлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген.

7) «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ «Қара сөз» демейді. «Қара сөз» проза деген мағынада айтылған. Əдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес «Қара сөзді» қолданады.

 

6-тапсырма Топтық жұмыс

ішінара зерттеу –ізденушілік жұмыс

Семинардың 1-ші бөлімінде М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томының 112-114 беттегі оқиға желісінің үзіндісіне нешінші қарасөз сәйкес келеді?

Он тоғызыншы қарасөзі

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Ой – толғаныс кезеңі:

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

7-тапсырма «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» тақырыбында ой-толғау жазады.

112-114 беттегі үзіндіге сүйеніп , Абайдың бойындағы қасиеттерді басшылыққа ала отырып орындайды.

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді.

8-тапсырма ББҮ әдісі арқылы кестемен жұмыс

 

 

 

 

 

 Жұппен, топпен, сыныппен ой бөліседі.

Рефлексия «3-2-1» әдісі

3 маңызды ақпарат

2 қиындық туғызған мәселе

1 көңіл күйіңізді танытатын ой

Үйге тапсырма:

БАҚ - нан «Қазақстан және әлем жаңалықтары: Абай Құнанбаев жылына арналған өнер және мәдениет» тақырыбында жастар үшін қызықты бір жаңалықты тыңдап, сыныппен бөлісуге дайындалу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу