М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Өскемен қ. ХББ НЗМ

Пән: қазақ тілі мен әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Мергазина Д.Т.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Түсіну және жауап беру

Сабақ мақсаты:

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну;

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкерлер портретін жасай алады
  • Берілген мәселелер төңірегінде талдайды
  • Кейіпкердің сөзіне сілтеме жасай отырып өзіндік үлесін қосады

Тілдік міндеттер

Әке, бала, менің ойымша, қарттар үйі, Абай жолы , кейіпкер

Отец, ребенок, дом для присторелых, путь Абая, образfather, child,I think, authorities, The way of Abai, character

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу-білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух – романда көтерілген мәселелерге сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
  • Үлкенге құрмет, қарттар қадірін білуге, бағалай алуға жетелеу

Пәнаралық байланыс

Сабақ әдебиет, тарих пәндерімен байланыста өтеді.

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы бөлімдер бойынша білгендерін бір-бірімен сөйлескенде пайдаланады.

Сабақ барысы

Жоспарлан

ған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин

  • Ұйымдастыру сәті.
  • Оқушыларды асықтар арқылы топқа бөлу. Оқушылар Құнанбай тобы, Ұлжан тобы, Абай тобы болып бөлінеді.
  • -Бүгінгі сабақта асықтарыңыз алшысынан түссін.
  • Бір оқушыны ортаға шақырып бүгінгі сабаққа тілек айтқызу.

Топтық талқылау

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

1-тапсырма

Өздері үздік деп таңдаған бір кейіпкердің портретін ортаға салу. (формативті бағалау) Бармақпен бағалау. Неге? деген сұрақ қою.

  • Әр топқа өзі таныстырған кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз екі жақты қарастырады.
  • 1-топ. Кейіпкердің жағымды жағын айтады.
  • 2-топ. Кейіпкердің жағымсыз жағын айтады.
  • 3-топ. Кейіпкердің жағымды, жағымсыз жағын айту.
  • Қобыздың үні қосылады. Сіз жасаған кейіпкердің портретінде қай қасиетін алар едіңіз?
  • Бір сәт үнсіздікте ойланады және айтады.
  • 2-тапсырма. Оқушыларға қарттар үйі туралы бейне материал көрсетіледі.

Бейне материал бойынша бір сәт ойланады.

Кейіпкерлер арқылы бейнематериалға байланысты көзқарасын тұжырымдайды.

1.топ

-Сіз Құнанбай орнында болсаңыз не істер едіңіз?

-Қандай ақыл айтар едіңіз?

2.топ

-Сіз Ұлжан орнында болсаңыз не істер едіңіз?

- Қандай ақыл айтар едіңіз?

3.топ

-Сіз Абай орнында болсаңыз не істер едіңіз?

- Қандай ақыл айтар едіңіз?

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкердің сөзіне сілтеме жасай отырып, өзіндік үлесін қосады
  • Бағалау критерийлері:
  • Кейіпкерлер портретін жасай алады
  • Берілген мәселелер төңірегінде талдайды
  • Кейіпкердің сөзіне сілтеме жасай отырып өзіндік үлесін қосады

А4 әр топқа

https://www.youtube.com/watch?v=cwX06tCtnOo

https://www.youtube.com/watch?v=t5VqKrhv9FA

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

Оқушыларға өлең жолдарын алдарына таратып беру. Бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар...

Неменеге жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.- деп М. Мақатаев тауып айтқандай. Даналық та, ақылда осы қарттарымызда емес пе? Қарттарымыздың қадірін біле жүрейік.

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.Топ басшылық қызыметін жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

«А» деңгейіндегі оқушы – берілген мәселелер төңірегінде кейіпкер сөзіне сілтеме жасай отырып, қоғаммен байланыстырып өзіндік талдау жасайды

«В» деңгейіндегі оқушы – берілген мәселелер төңірегінде кейіпкер сөзіне сілтеме жасай отырып, өзіндік талдау жасайды.

«С» деңгейіндегі оқушы - берілген мәселелер төңірегінде өзіндік талдау жасайды.

Бағалау. Әр топ бір-бірін

бармақпен бағалау.

Берілген критерийлер арқылы бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егероқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрысжүзегеастыма?

Сабақкезеңдеріуақытқасәйкескелдіме?

Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу