Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.




ШЫТЫРМАНДА

І

АбайҚарқаралыдан қайтқан соң атқа мініп, ел аралаған жоқ.

КөбінесеЖидебайдағы ауылда шешелерінің қасында болды. Көктемге шейін күндіз-түні кітапоқуға салынды. Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны осы еді. Арап,парсы тілін, бірталай сөздерін ұмытыңқырап, қарайып қалған екен. Алғашқы біржұмадай Ғабитханның тәпсіріне қарап, бұрынғы білген тілдерін қайта құрастырыпалды. Содан әрі мұның қолына түскен әрбір қалың кітап соншалық бір қаттысағынып жолыққан ыстық, қымбат досы тәрізді болды. Ғабитхан да кітап оқығыш болатын.Соның кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп-көп асыл бұйымдар тапты. МұндаАбұлқасым Туси-Фирдоуси, Низами, Физули, Науаи, Бабырлар бар. «Жәмшид»,«Сеидбаттал Ғазі», «Мың бір кеш», Табары жазған тарих, «Жүсіп - Зылиқалар»,«Ләйлі - Мәжнүндер», «Көрұғлы» сияқты хикая дастандар да бар. Абайдың бас алмайоқығандары осылар. Аздан соң, кешкі шайдан асқа шейінгі мезгілде Абай кейбір оқыпшыққан кітаптарын үй ішіне әдемі әңгіме қып, айтып беріп отыратын әдет тапты.Бұған әжесі себеп болды.

Зере Абайдыңкітапқа берген ықыласын байқап бір күні кешке:

- Қарағым,осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да,өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма! Ұқсамааналарға!..- деген.

Әжесі кітапқадірін жақсы айтқанға Абай ырза болып, жаңағы сөзден соң, күн сайын бір тамашаәңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп - баршасы телміретыңдайтын. Анда-санда Айғыз да кеп естуші еді. Ол Кәмшат кеткелі қатты жүдеу.Үлкен қара көздері аларыңқырап, барлық жүзі сұрланып ақшыл тартыпты. Шекетамырлары көкшілденіп, әдемі жүзіне уайым көлеңкесі түскен тәрізді. Үнсізуайымдаған ана қаралы. Абай бұл шешесінің күйін қабақпен таниды. Ол келген кештердеәңгімесін ерекше ықыласпен айтады.

Абай әңгімеайтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады. Ғабитхан, тіпті өзі оқып шыққанкітаптарды Абай хикая қып айтқанда, бар бейілімен, жақсы ілтипатпен тыңдайтын.

Бір жаманы,жалғыз-ақ көктем болып, мал төлдей бастаған уақытта қызық кітаптың бәрі тегісоқылып, бар әңгіме айтылып қалды.

«Әңгіме,әңгіме»,- деп, Абайға емініп отыратын үй іші енді, алғаш Абай айтқанәңгімелерді, кейбір малшы қатынға немесе балаларға қайта айтқызып, қайтатыңдасатын болды.

Бірақ, олардыңайтуы Абайдай емес, дәмсіз, үстірт. Ұлжан соларын сезіп, кей кезде тоқтатпақбоп:

- Қыс өтті. Жазшығып, мал төлдеп қалды. Ертектің кезі өтті. Әйтпесе, қыс аяғы ұзап кетеді. Қой-аққой!- деп қалжың етіп, тоқыратып тастайтын.

Бірақ шешелероңашада Абайға жақсы кітаптың жақсы хикаяларын қайтадан ескерте беруші еді.

Ғабитхан менАбай екеуі маңайда кітабы бар молда сүрей, кәріден, шала сопылардан бірен-саранкітап тапқызып алысты. Тағы бір кезде Ғабитхан әдейілеп тұрып, Қарашоқыға,Күнкенің аулына барып, екі қоржын басы кітап әкелді.

ҚұнанбайҚарқаралыда Хасен молда арқылы бірталай қызық кітаптар алғызған еді. Оны елгеде жеткізген. Бірақ Абай бір рет:

- Бізге беріңіз!-деп сұрағанда:

- Қасымдаотырып, өзіме де естіртіп оқып бер! Сүйтсең берем. Әйтпесе қызығын өзім көріп,өзім ғана білем дегеніңе бермеймін!- деп, бергізбей қойып еді.

Абай әке қасынабарғысы келмегендіктен, ол кітаптардан да құр қалып жүрген. Ғабитхан соныңесесін тауып, бірер күн сұрап жүріп, алып келді. Үй ішіне де, Абайға даҒабитханның табысы үлкен олжа еді.

Бірақ дәл осыкітаптар келген күннің ертеңінде Абайға шақырту кеп, Қарашоқыға жүріп кетті

Күнкенің аулынаАбай келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ аулына жұмсады. Әкесінің Құлыншаққа айтатынсөздерін Абай ұғынып ап тысқа шыққанда, мұнымен бірге барғалы Қарабас әзір тұрекен.

Құлыншақ аулыалыс емес болатын. Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсарыТорғай руына тиісті. Құлыншақ - сол Торғайдың басты кісісінің бірі.

Қарашоқыныбөктерлеп, Аймаңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып Абай:

- Шыңғыстыңбөктері тегіс көктепті-ау!- деп, айналаға көз жіберіп келе жатты.

Аласа, ал күреңбетеге, даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақаспан ашық емес.

- Жалғыз-ақ осыбір суық жел мен бұлт айықпайды екен!- деді.

Екі-үш күнненбері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтаныпбір суық жел білінуші еді.

- Е, сәуір жаңатуды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой!- деп, Қарабасқыстыгүні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты.

- Неге? Сөуірқыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтед деймісің?

- Жылда сүйтеді.Сәуірді, осы, жұлдызша не дейді?

- Апрель дейді.

- Ендеше солапрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған.Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені,- деп, Қарабас Абайғаай-айдың мәнін айта бастады.

Бұл жөндеҚарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір - бұл айдыңарапша аты. Қазақша - мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрінсұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды.

Бірақ сәуіртурасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезінәнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.

- Осы «отамалы»немене? Не деген сөз өзі?- деп, Абай соны сұрады.

- Отамалы көкекайының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстыңең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атанғаны бір байдың Отамалы деген қойшысыболған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта,әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі,малыңнан айрыласың десе, байы бір діні қатты кәпір екен. Сен тоғышарлық қыпалдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні,құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қойығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті.Көкектің суығы - «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр соны біледі ғой,- дедіҚарабас.

Осыдан соң:«Айдың тоғамы» деген не? «Өлі араның» не мәні бар? «Қыр күйек» неден қойылған?Абай осыларды да сұрастырып, көп қызық әңгімелер есітті. Аздан соң есепшілержайын, есепшінің тәжірибесін де сұрастырып:

- Күн қайырып,есеп айтуға өзің қалайсың?- деді, жаңағының бәрін біліп, бәрін жақсы әңгіме еткенҚарабас есепшіден аман емес шығар деп ойлап еді Абай.

Қарабас күліп:

- «Күнәң азболса, күн есепте!» дейді екен осы күнде молда, қожа. Бірақ қолдан келсе,есепші болған жақсы-ақ қой. Мен құнт қылмай, құр қалып жүрмін. Болмаса,есепшілердің айтқаны аумай келетін жылдар болады,- деді.

Бірқатар жолжүріп кеп, екі салт атты Қодар қорасының тұсына жетті. Абай Қодар мен Қамқаныңбасына бұрылып құран оқып, үндемей, томсарған күйінде ілгері тартты.

Анада көргенқатал суық суреттер көз алдына дәл бүгін таңертең көргендей боп қайта елестепеді. Өзінің сол күні аққан ыстық жасы, қасірет жасы да есіне түсті.

Ауылға кептүскенде Абайдың түсі үлкен кісінің түсіндей боп томсарған, салқын еді.

Құлыншақ аулыәлі қыстауда екен. Күн жылынған кезде тамнан шығып, қыстау жанына киіз үй тігіпотыратын әдет болушы еді. Қарашоқыдағы Құнанбай аулы сөйткенмен Құлыншақ олайетпепті.

Өзін балакөргенмен, Құнанбай жібергенін ескеріп, Құлыншақ Абайды үлкен кісідей қарсыалды. Қонақтар отырып, амандасып болған соң:

- Уай, қатын,қазан көтер мына қонаққа!- деп бұйрық етті. Құлыншақтың «бес қасқа» депатанған, бес мықты ұлы болатын. Олардан қазір Манас қана үйде отыр. Бұл «қасқа»десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ маңдайлы, нұр жүзді, балуан тұлғалы жасжігіт Құлыншақтың ңемересі еді. Үндемей отырып, домбырасын тыңқылдатып тартадыда, қонақтарға салқын қарап қояды.

Үйде әзір тұрғаншай бар екен. Манастың келіншегі дастарқан жайып, шай жасай бастады. Жүзіжұқалау келген, самай шашы жып-жылтыр, қырлы мұрын, қара торы келіншек аса біртаза, шапшаң көрінді. Бар қозғалысында әдемі сыпайылықпен қатар, ширақсергектік бар. Отырған үйіне жылылық, жарастық бергендей келісті әйел.

Соныңкірген-шыққан қимылына қарай отырып, Абай:

- Құлыншақ аға!-деп, сөз бастады.

Құлыншақ Абайғақарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кездекөк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды.

- Әкем сізгесәлем айтып еді...

- Сәлеметболсын...

- Айтқаны, мынажердегі Бетқұдық жайы. Бұрын Борсаққа тиісті қоныс екен. Ақперді Борсақ қыстауыналған соң, қонысы мен өрісін тегіс алдым дейді ғой. Соған былтыр күздігүніқыстауға кірер алдында сіздің ауыл қоныпты. Бірталай отырыпты. ҚазІр жаз шыға:«Қорасының жаны болған соң, тағы қонып жүре ме? Мен ірге тигізбей, күздігүні пішеніншауып алайын деп ем. Осыны Құлыншақ маған қиса екен! Қонбаса екен!» деп, әкемеөтініш айтыпты.

- Е-е, Ақпердіоны айтсын, ал, әкең не дейді?

- ӘкемАқпердінің осы сөзі орайлы ғой. Құлыншақ қонбаса жақсы болар деп, осы сәлемменжіберді,- деді.

Қысылған да,іркілген де жоқ. Баппенен, үлкен кісідей айтып шықты.

Құлыншақүндемей, басын изеңкіреп отырып мырс ете берді де:

- Шай іш! Кәне, жақындаңдар!-деп шайға қарай қозғалды. Абай да шай іше бастап, Құлыншақтың жауабын күтіпотыр.

Құлыншақ бірершыны шай ішкенше үндемей, сазара түсіп, бір уақытта Абайға оқыс бұрылды да:

- Уай, балам,әкең осы Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме екен? Борсақ отырғанкезде мен кезек қоныс етуші ем ғой? Көгі болса бұрын да орылушы еді. Қақбөлісуші ек қой. Осыны білді ме?- деді.

- Оны білгенкөрінеді. Бірақ, тегінде, меншік бар да, келісім бар ғой, ақсақал. Даусыз иесіБорсақ еді. Соның меншігі еді. Құлыншақ иелік жөнімен емес, келісім ретімен үлесалып келген еді. Келіссе, Ақпердімен де соны істер. Тек, меншік Ақпердінікі екенінойласын деді.

- Е-е, ат иесіАқперді десеңші! Ендеше, алдына ат иесі мінед те, артына бізді тілесе мінгізіп,тілемесе мінгізбес. Қыстауыңның іргесінде, желі басындай жерде тұрса да,Бетқұдықтан бетті жу десеңші!- деп, Құлыншақ наразы боп, томсарып қалды.

Абай Қүлыншақтыңренжіген жайын ұғады. Өз басы ренжітейін деп те ойлаған емес. Басында әкесәлемімен келсе де, мұның арты үп-үлкен шаруа жайы екенін онша бағалағанжоқ-ты. Енді мынандай үлкен, нығыз адамсың амалсыз ренішіне қарай, өзі айтқанжайдың ауырлығын ұқты.

- Меніңәкелгенім осы бір сәлем. Арғысын өзіңіз біліңіз.

- Қайтпек керек?Ақперді! Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді,- деп, Құлыншақ ащы бір мысқылменкүліп қойды.

Абай Құлыншақтыңсабырлы сықағына қызығып, күліп жіберді. Тартысам деп келген емес. Және әкеқарызынан құтылды. Сондайды шапшаң болжап шыққан Абай жаңағы Құлыншақ қалжыңыніле жөнеліп:

- Бақ бергенемей немене,

Борсақтан қалғаназ жерді.

Менікі деп тапберді деңіз,- деді.

Абайдың бұлмінезіне үйдің іші тегіс күлді. Шай құйып отырған Манастың келіншегі, әсіресе

ырза болдыбілем, қып-қызыл боп, қатты күліп жіберіп, Абайға жалт етіп қарап, тамсаныпқойды.

Құлыншақ шалқаяберіп, Абайға:

- Е, балам-ай,мынау лебізің қалай жақсы еді. Тек осыныңды Ақперді есіткей етті!- деп, ырза бопқалды.

Осыдан ҚұлыншақБетқұдық әңгімесін былай койып:

- Шырағым, осыанада Бөжейге берген жас бала қалай екен? Айғыз бишара жылап қалды деп еді, олқалай?- деп, Абайдың үй ішін, Зере жайын, Ұлжан күйін сұрастыра бастады. Кәмшаттуралы Абай ешнәрсе айтқан жоқ. Құлыншақ қайта оралып:

- Айыпқа малбермеді деп, Бөжей жағы қомсынады білем. Сол кішкене қарындасыңның күтімі декелісті емес деп есіттім»ау! Айғыз бақыр соны сезіп қайғырады ғой!- деп,қайдағы бір көңілсіз, шетін жайларды қозғай бастады.

Абай бұл арадаол әңгіменің ешқайсысына сыр беріп ішін ашпақ емес. Құлыншақ жетектегенсөздерге басқан жоқ.

Азырақ үндемейотырып, өзінше бір жөн тауып:

- Ақсақал, осысіздің балаларыңыздың «бес қасқа» атанатын себебі не? Соның мәнін ұқтырыңызшы!-деді.

Құлыншақ мынабаланың жаңағы сөздерге ілеспегенін түсінді де, ішінен. «Байыпты бала-ау өзі.Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. Бұған да үйреткен екен...»-деп ойлады. Алғашқы сөздерін тастап:

- «Қасқа дегені -батыр деп айтқаны» деп болмайды ғой мыналар, түге. Жөнін мынаның өзіненсұрасаңшы,- деп Манасты нұсқап қойып: - батыр боп кімді мұқатып жүргенін кімбілсін? Әйтеуір қолтыққа дым бүрку ғой. Болмаса, анау бір кезде Бөкенші, Борсақ«Қарашоқыны бермейім, өлісем» деп келгенде, әкеңнің жалғыз ауыз сәлемін есітіпосы бес баламды ертіп барған мен едім. Сонда иесі кетіп жатқан иен жерден тымқұрыса бір құдық тиер деп ем. Тигені мынау ма? Қасқаның тұмсығы тасқа тигеніосы да!- деп алғашқы сөздеріне тағы бір оралып соқты.

- Бүлінген елденбүлдіргі алма дегені қайсы? Бөтен болса бір сәрі. Бөгде емес, Бөкеншіні қуыпалган кімге құт болады дейсіз? Өкініп қайтесіз?- деп, Абай аса бір байсалдымәслихат айтты.

Манас пенкеліншегі осыны жақсы ұғып ұнатса да, Құлыншақ көнген жоқ. Ол осыдан соңғыәңгімелерде Құнанбайға өкпелі болған кісінің қабағын білдірді.

Абай ар жағынанбайқап кеп, Құлыншақтың ойы: «Бөкенші, Борсақтан жер олжа қылмадым» деген арманекенін білді. Соны ұғынумен қатар, жерден басқаны, жемнен басқаны тыңдағысыкелмеген Құлыншаққа ішінен наразы боп аттанды.

Абай әкесіне Құлыншақтыңкөнгенін айтса да, өкпесін айтқан жоқ. Істеп келген ісін қысқа ғана баян етіпеді.

Бөлек жердеҚұнанбай Қарабастан да сұрастырған. Абайдың айтқан сөздерін түгел есітті.Қарабас Абайдың бүгінгі мінездеріне ырза екен.

- Балаңыз сөзгеысылып қалыпты. Тіпті, бір үлкен кісідей орамды жатыр. Құлыншақ екен-ау,ұтылады екем-ау демеді. Қалай болса да тең сөйлеседі!- деп, мақтай бастап еді.

Құнанбай «Жетті,доғар» дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып тастады. Осының ертеңіндеҚұнанбай Абайды және жұмсады. Қасына тағы сол Қарабасты қосып, енді Сүйіндіккежіберді.

Сүйіндік аулынаАбайлар ел орынға отыра келді. Өз қыстауынан айрылып, қарауылдың бас жағын -Түйеөркеш деген жерді қыстаған Сүйіндік аулы қазір тамда емес, киіз үйде екен.Мал жаны көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғанмен, әлі жаңа қыстаусала алмай, ескілеу тар қораға сыя алмай, күннің көзі жылынысымен киіз үйгешығыпты.

Сүйіндіктіңаппақ үлкен үйі жылы екен, іші тола тірелген жүк, буулы тең менен сандықтар.Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, тұскиізбен қоршалыпты.

Саптама мен тиінішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы реткиіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегікиіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.

Үлкен үйдіңортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екібаласы - Әділбек, Асылбекпен - бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйгеәсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы -Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйгебірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанныңкелері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы бастағы кәмшат бөркі,білек толған неше білезіктері - баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бірсәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздыңжіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Карлығаш қанатының ұшындай уп-үшкірбоп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.

Тоғжан үйдегісөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, біржазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшаржанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді... Абай көпке шейінТоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалады.

Қыздың көп кіріп-шығысықонақтардың қамы екен. Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызып,өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет керсетебастады.

Абай Сүйіндіктенде қысылған жоқ. Бала емес, ысылған ашық, үлкендерше сөйлейді.

Тоғжан кепотырғаннан кейін Сүйіндікхе қарап:

- Сүйіндік аға,осы мына сіздің жердің алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауылатанды екен?- деді.

Сүйіндік:

- Кім білсін,шырағым!- дей түсіп, аз отырып: - Е, Тобықты мен Матайдың шабуылы, жаулығықалған ба? Сондағы қуғыншы мен жортуылшының бірі қойған аты-дағы. Өзі өзгетаудан бөлініп, айдалаға оқшау барып тұр ғой. Содан қарауылдамай, қайдан қарауылдасын!-деді.

- Сүйтіп, бұлатты Тобықты қойған дейсіз бе? Тобықты келмес бұрын сондай ат жоқ па екен? 

- Қайдан болсын?Бұл өңірдегі барлық атты Тобықтының өзі қойған.

- Әй,білмеймін-ау! Бар атты өзі қойса, Шыңғыс дегені несі екен? Шыңғыс деген Тобықтыбар ма?

- А, жоқ!Мынауың жаны бар сөз. Бәсе, бұ Шыңғыс деген осы үлкен алып таудың аты негеШыңғыс атанды екен бұл?- деп, Сүйіндік өзі де ойланып қалды.

Әділбек әкесініңмүдіргенін намыс көріп:

- Шыңғыс дегенсез «шын қыс» дегеннен, қысының қаттылығынан болыпты-мыс деседі ғой!- деп еді.

Абай бұған күлдіде:

- Олай болмас.Шыңғыс деген белгілі хан аты ғой,- деді.

- Бәсе, осы сөзменің де құлағыма бір тиген еді. Жадымда қалмапты. Кәне, білсең өзің айтшы,шырағым,- деп Сүйіндік Абайды тыңдағысы келді.

Жас қонақ Шыңғысхан жайында өзі білген, есіткен әңгімелерін айтып кеп, ақырында өз кеңіліндегібіраз долбарды қосып:

- Тауының«Шыңғыс», биігінің «хан» аталғаны содан. Және сонау бір бөлек тауы «Орда»аталғаны да сол. Шыңғыс ханның мекен еткен қонысы екенін паш етеді. Қарауылдемек те сол кезден қалған ат емес пе екен?- деп тоқтады.

Сүйіндік Абай сөзінқатты ықыласпен тыңдады. Алдындағы шайы ішілмей, кесесі суып қап еді. Тоғжанәкесінің соншалық тыңдағанын енді байқады. Ол Абайға таңдана қарап, бірталайғадейін көз алмады...

 Үй іші Абай айтқан жаңалықтарды қызыға тыңдап,көңілденіп қап еді. Асылбек, Қарабастар:

- Қисынды-ақекен!- десті.

Шыңғысты былайқойып, тақ осы Сүйіндік қыстауы Түйеөркештің қасында тұрған «Хан» биігін, онансоң Мамай қыстайтын анау «Орда» деген таудың бәрін де шешті. Соны осы күнгешейін неліктен аталғанын білмей жүру, мұндағы үлкеннің бәріне енді ғана орасанкөрініп еді.

Сүйіндік Абайдыңшынысын өзі әперіп:

- Жеп іш, Абай!-деп, енді қонағының алдына жент пен майды да, бауырсақты да молырақ ысырыпқойды. Әкесінің жас қонаққа жасаған осындай бейілін де Тоғжан сезіп отыр.

Бірер мезгілАбай өзіне қараған Тоғжанның әдемі қара көзін байқады. Солғын қарау емес,Абайды анықтап, түстеп, барлай қараған сияқты.

Абайдың даәйелге анықтап қызыға қараған жолы осы сияқты. Тоғжан ұзағырақ қадалып, көзалмай отырып ақырын қызғылт тартқандай болды да, көзін тайдырды.

- Көп жасағанбілмейді, көп тоқыған біледі. Осылайша ұққаның, тоқығаның жақсы, балам!- деп,Сүйіндік бір тоқтады. Абай осы сөзге жалғастырып:

- Өзіңіздейкісіден есіткен сөздер ғой, Сүйіндік аға!- деп аз отырып, - рұқсат етсеңіз, осыөзіңіз айтқан кейбір сөздерді де өз аузыңыздан ұғынайын деп ем!- деп,Сүйіндікке қарады. Тұрпайы емес, сыпайы бастап, орамды келді. Сүйіндік:

- Е, сұра, айт,балам! Не сұрамақ ең!- дегенде:

- Ендеше, осыжаңағы кіші Орданың тұсында Көжекбай, Құлжабайдың жер дауына билік айтқанекенсіз. Сонда «Мен қойдың бөлігін бөлмеймін, құдайдың бөлігін бөлемін!»депсіз. Осының мағынасы қалай? Соны сұрайын деп ем!- деді.

Бұл сұраққаҚарабас, Әділбек, Асылбек те күліп жіберді. Тегі, Абайдан басқаларына жөнімәлім болу керек. Сүйіндік Абай сұрағына аз тіксініп, қалта қарап, ойланып қапеді.

- Шырағым, бұлсөзді әкеңнен ұғынсаң етті.

- Менің әкембаламен ашылып сөйлей бермейді ғой! Білесіз ғой.

- Бірақ жаңағыіске әкеңнің қатысы бар ғой! Оны білуші ме едің?

Қарабас,Асылбектер әлі күліп отыр. Олар Сүйіндіктің қашқалақтағаны мен сыпайылықсақтағанына және Абайдың жайсыз әңгімені қадаласұрағанына күледі.

- Әкемнің қатысыбарын білемін.

- Ендеше әкеңаты араласқан сөзді ең әуелі әкеңнің өзінен ұғынғаның мақұл!

- Бәрекелді! Сүйіндікаға, оныңыз жақсы ақыл! Бірақ... сол билік тұсы, сіз бен менің әкем екіараңыздың суысқан тұсы болды, дейді. Ол рас қой?

- Рас!

- Ендеше сізбенқалай араздасқанын мен өз әкемнен ғана біліп қойсам, мына Әділбек пен Асылбекағам сізден ғана ұғынып қойса не болады? Анық шынға жете алмай, сыңар жақкетеміз ғой. Бірден, адасамыз. Екіншіден, бала мен бала, мына біздер, сырттанқырбай, сырттан шалғай кетісеміз ғой. Сіз маған, менің әкем бұл кісілерге айтыпотырса таразының басы тең баспас па еді?

Сүйіндік те, үйіші де Абайдың мына дәлелдерін дұрыс көрді. Қарабас сүйінісіп кетіп:

- Дұрыс-ауосынысы баланың?- деп, Сүйіндіктің әңгімесін айтқызуға бейімдеді.

- Балам-ай,алды-артымды орап алдың-ау осы сен, ә?- деп, Сүйіндік ақырын күле түсіп, екіойлы боп қалды да Асылбекке қарап:

- Ей, меніңбалаларым, мына бала қонағың тартымды жатыр-ау өзі, ойлаймысыңдар?- деп, жақсыжадырап, шын бейілденді. Тоғжан шай ішіліп болса да, дастарқанды жиғызбай,күлімсірей түседі. Жиі қарап, Абай көзімен кездескенде, көптен бергі сыйластанысына жасайтын ілтипат білдіреді.

Абай әңгіменіалғаш өзі ойлаған жаққа бұрды.

- Сол меніңәкеммен қырбай боп қалған жеріңізді өзіңіз ұғындырыңыз, Сүйіндік аға!

- Өтінсең,айтайын! Біле жүр! Сенің әкең Мамай ішінде Жамантаймен көңілдес боп жүріп, өкілкүйеу болғанда екі жұз қой кит киген.

- Өкіл күйеуіқалай?

- Өкіл күйеуішын күйеу емес, тамыр есепті нәрсе.

- Онда «тамыр»деп неге аталмайды?

- Тамырлыққұрбылае кісісің арасында болады. Ал, жасы үлкен кісімен жас жігіт тамырласамдесе, кейде осылайша өкіл күйеу боп аталады.

- Иә, сонымен?..

- Бертінде солЖамантайдың баласы Көжекбай өзінің Құлжабай деген кедей ағайынымен жерге таласты.Мырза: «Соған билік айт, жер бөлігін айырып бер» деп, мені апарды. Мен екіжағының сөздерін ұғынып, өз көңілімше әділдігін топшыладым да: «Бөлік былайболсын» деп, жүріп отырдым. Сенің әкең өзі де басы-қасында. Арт жағымдаКөжекбайлармен бірге келе жатыр. Мен бәлікті өз көңіліме сыйған әділетпенбөлмекпін. Байқаймын, жүрісім Кәжекбайға жақпайды. Тыжырынып, жарыла жаздап келеді.Аздан соң мырзаға сыбырлап, жалпылдап айта бастады. Әкең сенің, Кожекбайды құпкөрді білем, арт жағымнан саңқ етіп дауыстап: «Уай, алапес! Сен қалай жүріпбарасың?» дегені. Мен екі жағына тең би емеспін бе? Ыза боп кетіп: «Уай, тәйір,қойдың бөлігін бөліп келе жатқаным жоқ, құдайдың бөлігін бөлемін» дедім,-  деп тоқтап қалды.

 - Иә, сонан соң не болды?- деп, Абай ар жағынтағы айтқызбақ еді.

- Арғысынқайтесін сол, шырағым? Кетті ғой әйтеуір, қым-қуыт, шым-шуыт боп!- деп,Сүйіндік қолын бірақ сілтеді де, айтпай қойды.

Абай қып-қызылбоп кетіп, шұғыл ойланып отырып қалды. Шамға қарап қадалып қалған көздеріндесол шам отындай үлкен қызғылт, алыс от маздап тұрғандай. Тоғжан қонақтың мынапішініне енді жай ғана емес, тамашалап, қызығып қарады.

Сүйіндік үйіндеАбайдың үндемей қалғанына ішінен күліп отырған да кісі бар. Ол Сүйіндіктің кішібаласы - Әділбек. Асылбектей емес, ол ожар, тоң мінезді болатын. Енді Абайдыңаңырып, дағдарып қалған пішініне қарап өз ішінен:

«Ал, тілегенің солбөлса, қарық бол!» деп, жымиып отыр.

Бірақ Абай қаттыойланып қалғанмен, жасыған жоқ. Аздан соң және өзі бастап екінші бір әңгіменісұрады. Онысы Сүйіндіктің тағы бір сөзі. Өскембайға ас берген тұста айтқан сөзіеді. Сүйіндік оны да айтпақ болды.

- Мырза өз әкесіӨсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, қалың елді жиды ғой. Тобықтыныңодан үлкен асы болған жоқ. Естіген шығарсың?

- Естіп ем.Соған сіз де бардыңыз ба?

- Әкеңмен олкезде қырбай едім! Бармадым. Бірақ Айдос, Жігітектен, тіпті анау Мамай,Жуантаяқтан да ел қалған жоқ. Жұрттың бәрі көшіп, сонау Көкшетауға барып, ұлыдүбір мереке жасады ғой. Сонда Бөжей мен Майбасар келіспей қапты. Майбасар старшын.Жуантаяқтың бір ұрылары Наймандағы Бөжейдің нағашыларына барып, көп жылқысын әкеп,қырып тастапты. Соның қуғыншысы келіп, Бөжейге: «Есемді әпер!» дейді ғой. БөжейМайбасарға асылады. «Ақыластыр, малын әпер!»- дейді. Соған Майбасар: «Сандалып,не айтып жүрсің?» деп, ренжітіп тастайды. Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой. «Ажарымөтпейтін болса, шашпауыңды несіне көтердім?» деп, өкпелеп қалады. Сүйтеді де,ас тарқамай көшіп кетеді. Бұған еріп Жігітек, Байшора, Жуантаяқтан да кеткендерболды. Осы орайда, мен үйде жатып, бір-екі ауыз сөз айтып ем, қадағалапотырғаның со ғой.

- Не айтыпедіңіз сонда?

- Білмексің ғой,оны да айтайын:

Өзге егізболғанда, құдай жеке,

Алдыңа ата-анаң- ол бір Меке,

Қырық үйлініқырық пышақ қылып едің,

Өз асың дабұзылдьі-ау, Өскенеке?-

деп ем. Жұрт дегенніңұмытпай жүргені со-дағы!- деді.

Абайға бұләңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді.

- Мынаның аржағы да бар ғой. Онысын айтсаңыз қайтеді?

- Ар жағыңқайсы, балам-ау?

- «Қырық үйлініқырық пышақ қылдың» дедіңіз ғой! Ол би атамның ісі ме, жоқ басқаның ісі ме еді?

- Абайжан-ай,қайдағыны айтқыздың-ау! Айыпты Өскенекеңнің өзі емес. Тағы сенің өз әкең еді.Енді сен маған осыны айтқызып-айтқызып, ертең әкеңмен екеуімізді тағы аразқыласың-ау, сығыр!- деп, Сүйіндік күліп қойды.

- Жоқ, Сүйіндікаға, білейік деп сұрайым. Сіздің үстіңізден шағым жиям деп сұрамаймын ғой! 

- Рас айтасын,балам! Ендеше «қырық үйлі» деген анау Көкен тауының бауырындағы Уақ болады. Солел ішінара араздыққа басып жүргенде Құнекең араласып, Қонай деген батырдысүйейді. Егес күшейіп келген кезде, Қонайға ақыл салып, жау жағын шапқызып жібереді.Қапыда қалған ел қарсыласа алмай, көл жағасындағы қалың қамысқа қашып кіредіекен. Құнекең қамысты өртетіп жібереді. Сонда өрттен қорқып, қашып шыққан елдіқуғызып жүріп сабатып, Қонайға жеңгізіп берген еді. Осыны айтып ем!- деп,әңгімесін бітірді. Абай осыдан соң өзге әңгіме сұраған жоқ. Аздан кейін етпісіп, жұрт асқа отырды. Абай мен Қарабасты үй іші бөгде қонаққа санаған жоқ.Сол себепті күндегі дағды бойынша дастарқан айналасына Сүйіндіктің барлықбалалары да, бәйбішесі де отырған-ды. Әкесінің төменгі жағынан шешесімен екіортадан отырған Тоғжан Абайға қазір бұрынғыдан да жақындай түсті. Абайбағанадан бері Тоғжанға бет алдынан қараса, қазір көбінесе қырынан көріп отыр.

Орташа келгенқырлы мұрыны енді анық көрінді. Қырынан қарағанда біртүрлі сүйкімді екен.Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір толқындай бон, нәзік бұғағыбілінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен, ерекше аппақ, нәзікмойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де емес, әшекей сырғасы дірілқағып, дамыл алмай сілкіне түсіп тұр.

Әлденеден,белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, қайта сұрланады. Толқып қайтыптұрған ұяңдық па, басқа ма? Әйтеуір өзінше, өзгеше тыныс алып, лүпіл қағыптұрған бір сезім бар.

Қонақасығаәрқашан аса мырза аталған Сүйіндік үйі бүгін де етті келістіріп асқан екен.Қарабастың өткір сары пышағы қыстан қалған семіз жаяны да, алтындай сарыуілдірікті де лып-лып сызып, жапырақтап жатыр. Жалғыз сүр емес, сары ала қыпасқан екен. Қыс бойы бордаққа байлаған, жаңада сойылған семіз қойдың жассүбелері де бар екен. Бапты қып жемек болған семіз қойды жай сойғызбай,үйіткізіп алыпты. Жас ет, үйіткен қойдың еті болғанда, мына табаққа, тағы да өзгешедәм бітіріп, нәр берді.

Бірақ ас осындайбапты боп, үй іші тегіс ерекше көңілденіп жеуге кіріссе де, Абай жөнді жемеді.

Тоғжан дабілезікке толы аппақ жұмыр білегін табаққа қарай сирек созады. Сүйіндік пенАсылбек Абайды қайта-қайта:

- Же, шырағым.

- Жесеңші, Абай!Алмадың ғой!- деп, әлденеше қозғап көріп еді, Абай жей алған жоқ.

Ет артынанСүйіндіктің көптен сауғызып отырған қысырларының сары қымызы да келді. Оны дажақсы әңгімелесіп, ұзақ отырып ішісті.

Бұл кештің соңғыкезінде Абай алғашқыдай емес, тартынып, қалғандай, баяу еді.

Үй иелері: «Жасқонақтың ұйқысы келді» деп, соған жорыған. Ақыры төсек салынатын боп барлықеркектер тысқа шықты. Абай көңілі бұл кеште өзгеше бір күшті сезімнің әсерінетолы.

Бұрын «ғашықжар» көп оқыған хикаяларда, көп-көп естілген ауызша әңгімелерде болса, бүгін Абайғаең алғаш рет кітап емес, әңгіме емес, өзінің анық, аппақ мүсінімен, кулкісі,қозғалысы, тынысымен: «Сол мен едім», «мен мұндамын» деп келгендей.

Сүйіндік әңгімелерініңартынан, әуел кезде көңіліндегі тұнып жүрген бір ауыр сезім ренжіткендей, бірертөңкеріліп түсті де, қайта шөгіп қалды.

Ол емес, тысқашығып өз-әзімен қалғанда, жұлдьізды аспанға аса бір рақат қуанышпен қараптұрып, кең тыныс алды.

Орталап қалғанай батысқа таман сызылып барады. Биік те алысқа тартып барады. Жүректі дереніштен, ылайдан құтқарып, сондайлық биікке, қазіргі бұлтсыз аспандай алысқа,тазалық рақатқа шақырып, жыраққа меңзейді.

ТүйеөркештенШыңғыстың жақын биіктері жартылап қана көрінеді екен. Қарақошқыл таулар айастында көкшіл мұнараға оранып, жым-жырт қалғып тұр. Тау жақтан ақырын ғана желжелпінеді.

Қалың қой қыбыретпей тыныштық алып, үнсіз ғана тына алады. Асылбек, Әділбектер жатуға кетті.Көгал сайда отырған бес-алты үйлі-ақ ауылдың түңлігі тегіс жабық. Ай астында ақүйлер де мызғып, қалғып тұр. Сүйіндік пен Қарабас аттардың маңында жүр. Абаймынадай көктем

түнінен соншалықбір тазалық сезіп, таң лебін танығандай. Бұның жүрегі әдейі арналған таң лебінерекше ұғынып сезінгендей.

«Махаббат па?Осы ма? Осы болса, мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік түн... бесігіғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой».

Сүттей жарық,айлы түн. Таң әлі жоқ. Бірақ жоқ екенін білсе де, Абай әлдеқандай өзгеше«таңды» сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар,- жүрек таңы. Кеудетолған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім. Соның шалқи түсіп шарықтауы көп.Лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз құбылып, тыныштық ала алмай лепіреді.

«Нені айтады? Недеп түсінеді? Не сипатты бұл сезім? Не боп барам? Тақат, сабырым қайда?»

Бойынатоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де тулап кеп,өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей.

«Таң... жүректаңы... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?»

Көз алдындаТоғжанның аппақ жұмыр білегі жас баланың етіндей! Ақ торғындай мойны!.. Таң осыда... өзі ғой!

...Ақ етің аппақекен атқан таңдай!

Шынымен баржанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезіммен үнсіз жырлап тұрған тәрізді.Тоғжанға арналған, ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған жан жырыныңтұңғыш жолы осы еді.

Ойша, екі-үшауыз махаббат сәлемін айтьш шықты. Біртүрлі оңай, рақат боп өз-өзінен құйылыптұрған тәрізді. Бірақ сол кезде Қарабас үйге қарай шақырды. Екеуі тыста жалғызқапты. Абай үйге таман келе жатып, жаңағы өлеңін қайта есіне түсірейін деп еді,«Ақ етің аппақ екен атқан таңдай?» дегеннен басқасы есіне эзір қайта түспеді.

Қарабас пен Абайүйге кіргенде, Сүйіндік пен бәйбішесі биік төсекке жатып қалған екен. Сарғышшегірен шымылдық үлкендердің жататын өрнын қоршап тұр. Кең үйдің төріне екі қонаққаарналып төсек салынып жатыр. Одан басқа өзге кісі жататын жай сезілмейді.

Тоғжанның өз үйібасқа ғой. Ол Сүйіндіктің кіші әйелі Қантжанның қызы екен. Жаңа үйге кірердеҚарабас айтқан. Тоғжан, әрине, өз үйіне кеткен болу керек. Үйге кірген жердеАбайдың ойлағаны осы. Өйткені төсек сальіп жүрген - бағанағы шай құйған сарыкеліншек.

Абай төрге қарайқозғала беріп еді. Бір уақытта шегірен шымылдық толқып барып қозғалды да, есікжақтағы шетінен шолпы сылдыры естіліп, Тоғжанның әсем бойы көрінді. Қолына бірторғын көрпені алып, бері шығып келеді екен. Асықпай, тіпті ақырын қозғалады. Шолпысыныңендігі сылдырынан әзі қысылған тәрізді.

Келіншек Абайжататын төсекті баптап салып бөлып қап еді. Тоғжан қолындағы торғын көрпенікеудесіне көтеріп, баурына қысыңқырап тұрып, келіншекке әдеппен ғана бұйрықетіп:

- Аяғын, аяқжағын биіктесеңші!- деді.

Абайға бұ да дәлөзіне ғана арналған, өзгеше ықылас сияқты көрінді. Бірдеме айтар еді... айтқысыкеп еді. Бірақ, жүрегі лүпілдеп, аузына тығылғандай боп, түк сөз таба алмады. Құрғана қызарып қысылды да, сырт киімін шеше берді.

Тоғжан ақырын,сыпайы ғана кеп, Абайдың төсегіне торғын керпені жазыңқырап қойды да, есіккеқарай қозғалды. Үнсіз бейіл белгісіндей үлкен ілтипат жасады. Бірақ бары солғана. «Шын-ақ бары сол ма?» Әлде, тіпті, бар қонаққа істейтін дағдылы сыйлық сияқтыма? Сол ғой! Үлкен үйдің есігіне жеткенше Тоғжан ақырын басып, келіншекті ертіпкетіп барады. Қайта бұрылмайды.

Дәл шығар жердеғана, өзінен бұрын есік ашқан келіншекті ілгері шығарып жіберіп, өзі біртүрлісұлу қозғалыспен сырт айнала беріп, терге таман ақырғы рет бетін беріп, үйішінен сыртымен шықты.

Тоғжан есіккеқарай қозғалғанда, Абай қадалып, телміре қарап қалып, бешпетін екі иығынан шешеберіп еді. Бірақ Тоғжан бір қарамағанға қайран боп, кеткенін қимағандай қалттұрып қапты.

Енді Тоғжанесіктен шығар жерде бір сәтке көз қиығын тастағанда Абайдың тапжылмай сілейіптұрып қалғанын көрді. Бешпеті екі иығынан түсіңкірепті де, аппақ көйлегі ашылыптұр. Екі қолы бір нәрсеге таңғалғандай жазылып, ыңғайсыз түрде асылып қапты.

Абай дәл байқадыма, жоқ па? Бірақ, шыға берген Тоғжанның аппақ жүзі қайтадан тағы бір рет,соңғы рет қою қызғылтпен ду ете түскендей көрінді. Және сонымен қатар жымиякүлген ерні аппақ маржандай тістерін айқын көрсеткендей болды. Үнсіз күлкіменезу тартып кеткен сияқты.

«Бұл не, мысқылма, ұят мінез істедім бе?» деп, Абай өз-өзінен қысылып қалып, тез шешінді де,торғын көрпеге оралып, бүк түсіп қалды.

Шолпы әуелі жиісылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң анда-санда бір ғанашылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілінестіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық қымбат шолпы ең соңғы рет біршылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығы ұрлап кеткендей, жұтып кетті.

Шамды Қарабас өшірді.

Шам өшсін-өшпесін,Абайдың кез алдына қазіргі мезгіл, бұл сәт самаладай жарық. Шамның өшкенінбайқаған да жоқ. Кезі жұмулы, көңілі тыныштықтан, сабыр ойдан айрылған. Құйынүстіндегі алай-түлейде.

Бұл түнде таңаппақ болып атқанша Абай бір секунд та көз ілген жоқ. Күн шығарда ғана азғантаймызғыды. Бірақ үй іші оянғанда бірге оянып, ерте тұрды. Өңі сұрғылт тартып,жүдеп тұрды. Шай алдында тысқа шығып, далада бой жазып жүрген уақытта, Тоғжанжатқан үйді ойша іздеді. Сүйіндіктің үлкен үйіне жақын тұрған кішілеу ақ үйбар. Асылбектің отауы болу керек. Содан әрі алты қанат ақ үй тұр. Кіші үй солболуға лайық. Абай қайта-қайта сонда қарайды. Бірақ ол үйдің

түңлігі жабық,Тоғжан да, шешесі де әлі оянбаған, тұрмаған сияқты.

Далаға Сүйіндікте шыққан еді. Әкесі тапсырған алық-берік жөніндегі сәлемді Абай сонда айтып,бұл ауылға келген жұмысын осы таңертеңгі уақытта бітірді.

Шай уақытындаТоғжан келген жоқ. Асылбек, Әділбектер де өз үйлерінде болу керек. Таңертеңгімәжіліске араласпады.

Шаруа біткенсоң, Қарабас ертеңгі салқынмен қайтайық деп байлаған. Сондықтан дастарқанжиылған соң, ол аттарды ерттегелі шығып кетті.

Абайдың бұлауылдан кеткісі келмеді. Қонағуар, жылы жүз, жақсы мінезді үлкендердің үйі асабір сирек кездесетін, жайлы ұя сияқты екен... «Осы ауылдың туысы, жақыны боларма ем? Сұраусыз келіп, санаусыз қонып, түстеніп кетіп жүрер ме ем?»- дегендей.Бірақ кетпей болмайды.

Үйде Сүйіндікпен Абай және Сүйіндіктің бәйбішесі ғана қалған уақытта Сүйіндік Абайдан Зережайын, Ұлжан күйін сұрастырып отырып:

- Аналарыңа сәлемайт, балам!- деді.

Түннен беріүндемеген бәйбіше де Ұлжанға сәлем айта отырып, Айғызды есіне алды. Содан барыпКәмшат есіне түсіп:

- Шырағым-ау,осы анада Бөжекең аулына жіберген кішкене қыз не жайда? Айғыз бишара қайтіпқиды соны? Жылатып айырып, қайтіп қана жіберді екен?- деп, бір жағынан наразыбоп, сұрастыра бастады. Абай амалсыздан сөйлеп, қысқа ғана жауаптар қайырды.Бәйбіше бұл жөнде шешіліңкірей бастап:

-  Бөжейдің әйелі қатыбас кісі еді. Өзінен детуған қызы көп, күтеді деймісің кішкене пақырды?- деп, қынжылып отыр.

- Е, е, Бөжейбар емес пе? Қатыны ойламаса, Бөжей ойлайды ғой! Неге күтпесін!- деп, Сүйіндікмайдаламақ болды.

- Әй, білмеймін!Ауыл-аймағымен тегіс-ақ: «Айыпқа берген қыз ғой. Малын қимай, жанын қиды ғойайыпқа!» десіп, жаман сөздер сөйлейді деп есіттім ғой. Жас баланы жылатқандарыбекерлік болған ғой өзі. Не десе де іштен шықпап па еді? Айғыз бишарада несүлдер жүр дейсің?- деп, бәйбіше өз-өзінен босаңсып барып, жылап жіберді. Екі көзіжасқа толып, қып-қызыл боп, үндемей, мұңайып қалды. Анда-санда күрсіне түсіп,тамсанып қояды.

Абайға бұлананың мейірімі, тіпті бір қымбат адамшылық, шын рақымшылық боп танылды.

Жидебайдағы өзүйінде Кәмшат жайы осындай бір айықпас мұң, уайым боп алған-ды. Сондағы әжесімен Айғыз және өз шешесінің осындай-осындай көзі жасты, көңілі қаяу болған көпшақтарын есіне алды.

Бірақ, олар Кәмшаттықұр сағынып, құр аяғаны болмаса, мына кісі айтқан суық сөздерді есітпегенсияқты.

Кеше Құлыншақта, бүгін мынау ауыл да Кәмшат жайын ылғи «жетім жандай, күңдікке, қорлыққакеткен бишара, әлсіз сорлыдай» сөйлейді. Тегін емес-ау! Жидебайға қайтысыменәжелеріне осы есіткендерін айтып, Кәмшаттың күйін білдіру керек. Әке не десе одесін, бұны істемей болмайды. Абай осыған байлады. Жүрерде тағы да қымыз ішіп,жолға қарсы тоғайып ап, екі жолаушы атқа қонды.

Сүйіндік үйініңжанынан үлкендерге «қош-қош» айтып, рақмет айтып кетіп бара жатып, Абай кішіүйдің түңлігіне тағы қарады. Түңлік әлі ашылмапты. «Тоғжан енді бір көрудіойламаған ба! Тұруға да, көруге де асықпаған ғой!..

Бала жігіткөңілге ала, қызған толқын алып, амалсыз тебініп жүріп кетті. Ауылданалыстаңқырап бара жатқанда ең соңғы рет артына бұрылып, кіші үйді тағы қимайқарап еді. Үй жанында бір әйелдің бойы көрінді. Басына қара шапан жамылған, ақкөйлегінің етегі шұбала түскен, Тоғжан сияқты. Жаңа тұрған ғой. Бірақ есіктеншықты да, Абай кеткен жаққа қарамай, әрі қарай, көғал дөңге қарай ақырын басыпжүріп кетті.

Абайдың көңілінеТоғжанның шолпысы шылдыр-шылдыр етіп, ап-ашық естілігі бара жатқан сияқты. Өзжүрегінің лүп-лүп соққан қатты толқын ырғағы.

Амалсыз ұзапкетті. Аты жақсы Түйеөркеш, жан мекеніндей өзгеше ыстық Түйеөркеш, мынаусәуірдің мынандай әдемі ашық, рақат сәскесінде тым құрса, «қош» демей де үнсізқалды. Жұмбақ мінезді боп, сұлу мекен, сұлу жан қалды. Тау ішінен шығып,Қарауыл өзенін қуалап, екі атты бөктерге қарай бұрылғалы келеді.

Ойға түсіпбіртүрлі баяу келе жатқан Абай бір - кезде арт жағынан дүрсілдеп кеп қалған атдүбірін естіді. Жүрегі тағы да түндегідей қатты тулап, шұғыл бұрылып қап еді. Орынсызүміт тез суынды. Сүйіндік үйінің адамы емес, бір толықша, қара жігіт екен.Мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт жұпыны киім киген. Астында құнаншакүзеген күрең биесі бар. Абайларға жақындай бере сәлем берді. Ашық-жарқын жігітболу керек. Аппақ сұлу тістерінің баршасын көрсетіп, ақсия күліп келеді.

Жалғыз жүргенжолды көңілсіз көріп, алдыңғы жағында кетіп бара жатқан екі аттыны әдейіәңгімелесіп отыру үшін қуып жеткен екен. Күрең биенің омырауы терлеп қапты. Танаурап,демігіп келеді. Екі езуінде көбік те бар.

Қарабас пен Абайда жаңа жүргіншінің қосылғанын теріс көрген жоқ. Жай сұрасқанда бұл жігіт -Сүйіндіктің ауылдасы, Көмекбай баласы Ербол деген жігіт боп шықты.

Қарабас Ерболменоп-оңай білісіп, әңгімелесіп кетті. Сөздерін тыңдап келе жатып Абай Ерболға шынықыласпен қарап, әлденеден ыстық көре бастады. Өйткені Ербол Сүйіндік аулыныңаса жақын жігіті екен. Өзінің шешесі мен Тоғжанның шешесі Қантжан немереқарындас. Ол үйлерге

бұл үнеміараласып жүретін өз кісісі боп шықты. Әңгімешіл, күлегеш Ербол, енді Абайға бартұлғасымен ұнай бастады.

Аздан соң бұлекеуі көбірек әңгімелесіп, Қарабас шетірек қалды. Абай Қарауыл бойында құс көгіекен деп, аңшылық мұратын білдіріп еді. Оған Ербол:

- Қаршығаң барма? Қаршығаң болса, қыдырып келсеңші! Мен қасыңа еріп жүріп үйрекке де, қазғада кездестірейін,- деді.

Үйде Тәкежанныңкөк қаршығасы бар-ды. Абай көңіліне мынау сөздер үлкен медеу болды. БағанаТүйеөркештен кеткелі: «Енді қайтып қашан келем?.. Не сылтаумен келе аламын?»деп өздігінен бабын таба алмай келе жатқан бала жігітке мына Ерболдың айтқаныөте бір рақат табыс көрінді. Абай мен Ербол құс жайына, аңшылық жайына ауысқан соңтату құрбы сияқтанып кетті.

Екеуінің деайтар сөздері бітер емес.

Бірақ бөктергешыққан соң Ерболдың жолы бөлінетін боп еді. Ол оң жақтағы Көлқайнарға бұрылмақекен. Шаруасы сонда. Абайлар болса, Шыңғысты бөктерлеп отырып, Қарашоқыға,Күнкенің аулына қарай тартпақ.

Ерболды қиғысыкелмеген Абай:

- Көлқайнардатығыз жұмысың болмаса, бізбен бірге жүрсеңші!- деді.

- Е, е, не деперем? Не шаруаң бар дегенде не деймін?- деп, Ербол күліп жіберді.

- Шаруаңдажұрттың не ақысы бар! Қыдырасың, қонақ боласың! Құс саламыз...

Ербол Абайсөзіне қызыға бастап:

- Айтқаныңақызығып тұрмын!- деп, аз ойланды да:- Ә-әй, бірақ шаруам қалады ғой, болмайды!-деп, амалсыз байлау айтты.

Аздан соң ЕрболАбайлардан бөлініп, Көлқайнарға қарай тартып кетті. Келгенінде күліп келгенісияқты, кетерінде де күле қоштасып айрылды. Абай бұның сол көңілдігіне қызығақарап қалды. Ерболдың алдында түк бөгет жоқ. Тілесе, Тоғжанды күнде көреді.Жақыны, туысы. Тоғжанға сондай жақын болудың өзі де бақыт сияқтанып, Абай мына жігіттіңсондай халін қызғанады. Ербол болса, айнымас қызықты көңілмен желе жортып, ұзапбарады. Тоғжан турасындағы ең соңғы үміт - соншалық ыстық көрінсе де ұзапбарады.

 

2

АбайларҚарашоқыға түс ауа жетті. Күнкенің үлкен үйінде мол жиын бар екен. Кермедекүміс ер-тоқымды көп аттар тұр.

Қарабас Абайғабұл жиынның алыс ел емес, осы маңның өз адамдары екенін айтты. Аттарынантаныған.

- Жуантаяқ,Топай, Ырғызбай ішінің кісілері. Күндегі жиын ғой. Бірақ, мынау жүругеқамдалып, жаңа ерттелген аттар ғой. Түстікті жеп қойған екен, кұр қаппыз!-деді.

Абай сәлем беріпүйге кіргенде, кең үйдің іші лық толған кісі екен. Биік төсектің алдында, баржиыннан иығы асып, ақ көйлегінің омырауын ашып тастап, төс жүнін көрсетіңкірепәкесі отыр.

Тарқауғаайналып, киініп алған үлкендер, дәл кетер жерде қымыз ішіп, Құнанбайдың соңғысөздерін тыңдап отыр. Бір тізелеп жүгініп, тымақтарын киіп отырған кісілер дебар.

ҮйдегілерАбайдың сәлемін алғанмен, амандық сұрасқан жоқ. Төсектің аяқ жағын ала, жорғаЖұмабайға қымыз сапыртып, құйғызып Күнке отыр. Абай соның қасына кеп отыра береәкесінің соңғы сөздерін есітті.

- ...Қыбыр-жыбырбар, білемін. Бірақ, «онымыз жоқ» деседі екен ғой. Ал, сенейін. Сенемін деп,жаза шексем де сенемін!- деп сұрлана түсіп, зілденіп,- құлақпен есіткенніңбәрін бекер дейін, көзбен көргенді ғана шын дейін. Көзім көргенше шыдайын. Мендеген дос!- деп, Құнанбай жалғыз көзімен қадала қарап, төрден босағаға шейінбір шолып шықты. Содан қайта төрге өрлеп, дәл қасында отырған Жуантаяқ Топайдыңқартаң адамдарына көз қадап отырып,- мен деген дос, мен шыдағанша сен де шыда!Тек жалғыз-ақ мен қозданған күні «бірге қозданам» деп шыда! Соны істесең, құдайырза, мен ырза. Әзірге менің қолқа, тілегім осы-ақ!- деп, тоқтап қалды.«Жүрушілерге рұқсат» деген сияқты қып тұжырып еді.

Бар жиын, төрденбосағаға шейін құп-құптап:

- Дегеніңболсын!

- Айтқаныңболсын!

- Серт уәдемізайтылды ғой!

- Тұр дегеніңетұрамыз!- десіп, жапыр-жұпыр қостап қалды. Абай өз ішінен:

«Баталасусияқты-ау! Бір нәрсеге ел қамдап, серттесу үшін шақырған-ау!» деп ойлап, жаңағы«дос» деген сөзді есіне алды.

Бірақ төрденбосағаға шейін бұ да қарап өтіп, бір нәрсеге іштей ойланып қалды.

Мынау «дос» депәке атаған кісілері, бұрын Абай аз білетін немесе, тіпті танымайтын кісілер.Бұрын мұндай жиын ортасында «дос» деген атпен Байсал, Қаратай, Бөжей, Сүйіндік,Түсіп сияқты кісілер отырушы еді.

...Бүгін оныңбірі жоқ. Анада өзі барған Құлыншақ та жоқ. Басқаша бір екшеу ғой. Олардыңүстіне тағы да мол дос жию ма? Болмаса, тіпті соларды екшеп тастаған ба? Әлдедүмбілез бірдеңелер бар ма?..

АбайҚарқаралыдан қайтқалы ел іші қыстыгүні татулықпен, Кәмшатты жылатып берумен«бітті, тынды» деп білетін. Содан кейін үлкен сыбыс та шыққан емес. Ішінара некүңкіл барын сұрастырған да емес-ті.

Қонақтың көбіжүріп кетіп, екі-үш ақсақалды ғана Құнанбай қоналқаға ұстап қалды. Көпшіліккетсе де әкесі толық босамады.

Абай өзініңСүйіндікке барған жұмысын көпке шейін айта да алмады.

Ақыры бірәредігін тауып, әкесімен сөйлесіп, міндетін ада қылды. Енді бүгін мұнда қонбайЖидебайға қайтсам деп ойлап еді. Әкесіне сол ниетін айтқанда Құнанбай:

- Немене бұ,қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын? Менің қасымнансол қатындардың қасы артық болды ма? Мұнда болсаң ел көресін, сөз ұғасын,тәлім-тәрбие аласын. Онда не табасын?- деді.

Абайға бұлсөздер оншалық даусыз хақиқат болып танылған жоқ. Ішінен: «Сіз ата болсаңыз, ол- ана. Бала, ата-ананың тағылымын бірдей алып өседі» деп ойлады.

Бірақ әкесінетура жауап айтқан жоқ.

- Үйде қаршығабар еді, биыл құс мол екен. Жидебайға барып азырақ қаршыға салайын деп ем,-деді.

Құнанбай бұлжеріне дауласқан жоқ, түсінді. Бірақ:

- Тағы бірер күнаял қыл. Ертеңдер сені Байдалыға жіберіп алғалы отырмын. Содан әрі қайтарсын,-деді.

Абай амалсызкөнді де, бел шешіп жайланып, осы өгей шешесінің үйінде қала тұратын болды.

Байдалы Абайдыңкөп сөйлеспеген кісісі. Кешелер ол да Құнанбаймен араз кісінің бірі еді. Ендісоған жібермек.

Әуелі Құлыншаққажіберді. Ол Құнанбайға өкпелі. Сүйіндік болса, ол да бұрыннан ренішті адам.Кеше түні бойғы әңгімеде Абай өз әкесі туралы үлкен кісілердің аузынан ең алғашсын сөздерін есітті. Ол әңгімелердің ішінде талай-талай мәндер жатыр. Сүйіндікте Құлыншақтай өкпелі адам. Ал енді, міне, тіпті Бөжеймен тізе қосып, әрдайымжаулықты мықты ұстап жүрген Байдалыға жібермек. Оның Құнанбайға қарсы араздығықатты бекіп қалған тоң сияқты емес пе еді? Көңілі жібіді ме, қабағы жадырады ма?Абай білмейді.

Енді соғанбармақ. «Осы қалай» деп, біраз ойлана түсіп, Абай өз әкесінің ішін түсінгендейболды. Тегі әкесі өзіне жау адамдарға Абайды әдейі жіберетін болар. «Жау барынкөрсін, түсін танысын. Тани келе, көре келе, әкесіне достығы, тілеулестігікүшейсін» деген болу керек.

Абай осыны ұқтыда, қатты толқып, қиналып ойланды. Шытырман. Бір сәтке Абай өзі көлденеңненқарап, шытырман ішіне жалғыз, құралсыз, әлсіз күйде еріксіз кіріп бара жатқанөзін көргендей болды.

Өзін-езі ойшаекіге бөліп, осылайша көлденең көзбен кере жүретін әдет Абайда әр кезде болушыеді.

Екі күн өткенсоң, Құнанбай Абай мен Қарабасты Байдалыға жіберді. Құлыншақ пен Сүйіндіктейемес, Байдалы бұларға жылы шырай бермеді. Сырты үп-үлкен ақшыл үйге Абайларкіре бергенде-ақ Байдалының бір нәрсеге қатты ашуланып, айқайлап жатқан үніестілді.

Үй іші әбігерекен. Босағада малшы қатын үлкен күбіге іркіт пісіп тұр. Бір жағынан кеңқазанда құрт қайнап жатыр екен. Үй іші ыстық. Дәл Абайлар кіре бергенде Байдалыбір кішкене қара пұшық қызды май құйрықтан шапалақпен ұрып:

- Құдай сілегір,кетші былай, құдай сілегір. Тыныштық бермедің ғой, сен-ақ!- деп, жылатқанбойында итеріп тастады. Қыз отқа құлай жаздап, әрі шошып, әрі ашуланып булығажылады. Басында шыр етіп шыңғырса, енді шегі қатып көкпеңбек боп, долданажылайды. Көзінің жасы да, сілекейі де шұбырып жатыр.

- Әпкет! Әпкетмынау қараң өшкірді!- деп, Байдалы қатынына бұйрық етіп, үйден айдап шықты.

Үй ішінің осыжанжалының уақытында Абайлар сәлем беріп кіріп, төрге шығып отырысты.

Байдалы сәлемдіоңдап алған жоқ. Амандасуы да солғын болды.

Құрт қайнатыпжатқан үйдің қазаны бос болмайды. Ет асқысы келмеген үйге ол бір жақсы сылтауболатын.

Абай мынау ыстықүйде, мынадай тырысқақ ашушаң кісінің үйінде ет асым уақыт отыруды өз басына жазадайсанап еді. Сондықтан еттің сәті болмаса тіпті қарсы емес. Ішінен Қарабастымысқылдап:

«Ал бәлем, шоқ!Түстік болмаса, түбің түсетіндей көруші ең! Көрермін осы үйден жегеніңді!»-деп, жымия түсті.

ШынындаҚарабастың бір қиыны - «түстік» пен «қонақасы» жайын өзге дүниенің бәріненбұрын ойлап, өзгеше көңіл бөлетін. Кейде Абайдың қонбайық деген аулына:«Қонайық, бұл үйдің сүрі мол» деп, тағы бір кезде: «Түстенбейік, жүріп кетейік»деген жерінде: «Түстенейік, бұл үй қонақасыға мырза» деп, қайдағы Абайдың ішінпыстыратын көңілсіз, сүйкімсіз бір үйлерге еріксіз аялдататыны болушы еді.Екеуінің көп жүргенде көбінесе ұғыспайтын жерлері осы болатын.

Бұл жолы Абай көңілінеБайдалының ниеті де сай келген сияқты. Үлкен қара сақалды, суық түсті Байдалықонақтардың бетіне қарамай, мойнын есік жаққа бұрып отыр. Аздан соң күбі піскенқатынға қарап:

- Қымыз әкел, асауыз тигіз мыналарға!- деді.

Қарабас белдігіншешіп, кішкене орнығыңқырап отыра бастап еді, Абай үйдің шырайын одан бұрынбіліп, бел шешкен жоқ-ты. Кішірек ағаш тегенеге құйылған қымыз келген уақыттаБайдалы өзі сапырып, өзі құйып, қонақтарға бір-бір шараны берді де:

- Барыстарыңқалай? Не шаруамен жүрсіңдер?- деді. Абай өзі келген шаруасын сол арада айтты.

Әңгіме тағы жержайынан. Құнанбай, ел жайлауға шығардан бұрын, былтыр өзі Қарашоқыдан көшіргенБөкенші, Борсаққа Жігітек жерінің жапсарынан жайлау берген болатын. Сол реттеосы Байдалының Қаршығалы Қопа деген қоныстарына «Сүгір мен Сүйіндік ауылдарықоса қонсын, бірге жайласын!»- депті. Абай қымызын ішпей алдына қойып отырып, солшаруаны айтып шықты.

Бұл сөздіесіткенде Байдалы қабағын түкситіп жіберіп қатты түйілді. Абайға жауап бермей,зілдене қарап, қадалып қалды. Абай Байдалының көзінен жасқанған жоқ. Балажүзінде ашу да, араздық та жоқ. Тек: «Мынау кісі қалай қарайды?» деген тәріздікінәсіз таңдану ғана бар.

Байдалы кірпікқақпай, шұғыл ойланып, үнсіз отырып, ақырында:

- Құп болсын!Қонсын Сүгір мен Сүйіндік, не деуші едім!- деді.

Қайратты,шапшаң, ер адамның байлауы сияқты. Езбеді. Жақтырмаса да, күйіп отырса да,амалсыз байлауын бір-ақ кесіп, бір-ақ түйді. Сөз бітіп қап еді. Бірталай уақытүй іші үнсіз болды. Абай қымызын ішіп болып, рақмет айтып, енді жүргісікелгендей ажар білдіргенде ғана Байдалы ырғала түсіп, сөйлей жөнелді.

- Айтқаныңакөндім. Бірақ сөз ұғушы ма едің өзің? Әкеңе айтар сәлемім бар. Бұлжытпайжеткізуге жараймысың, жоқ па?

- Ойдағыңыздың бәрінайтыңыз, ақсақал! Жеткіз дегеніңіздің бір ауызын қалдырмай апаруға уәдеқылайын. Мен тек екі арадағы сәлемшімін. Дегеніңізді жеткізбей кетсем, ябұрсам, қиянат болмас па еді? Мойнымда қарыз қалдырмаспын!

Байдалы мынасөзге әбден қанағат қылды. Бала көргені - бала емес тәрізді.

- Ендеше жаттанайтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам, әкеңнің өз көзіне айтқаным!- деп,аз бөгелді де,- «Татуластық, табыстық» деп ек кеше тамам Арғынның тобында. Солтатуласқан сиқым осы ма? Тәтті күнде тағы артыма қалжуыр байлайтын болса,анадағы араздықтан мұның несі озды? Не жаздым! Сенің әкеңе не жаздым осы мен, Жігітек?Атаң Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасын беріп, би сайлап еді. Өз баласы, өзтуысы жоқ емес еді ғой сонда. «Осы болсыншы» деп бермеп пе еді? Ал, бұл болса,бүгін мінеки, алысқа абыройы асса, айналып кеп Жігітекті жаныштайды. Жақынғажауықса, жағалап кеп тағы Жігітекті жентектейді. Бір лабімей кеткені ме үстіп?Шапқа түрте-түрте барып, ақыры бір күн «Өлермен бол да, отқа түс, соныңдыкөрмей тоқтамаймын!» дегені ғой мұнысы. Қоймас болса сол қолқасын алар. Алмайтынбас сенің әкең! Осыны айт! Бір мен емес, «Жігітек сәлемі» деп айт осыны! Ал,мына жерін алсын, бір бұл емес, тағы тапсын, тағы алсын!- деп, қолын бір-ақсілікті де тоқтап қалды.

Үй іші жым-жырт.От әлі маздап жанып жатыр. Үлкен қазанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалаптұр. Әуелде толтыра құйылған іркіт қазір бірер қайнап қалған екен. Кемеріненорта түсіп, шымыр-шымыр қайнайды. Жаңағы Байдалының ашулы сөздерінің тұсындаАбай көзі қазан бетіне түсіп еді. Қоюланып бара жатқан ыстық құрттың ортасы кейкезде көпіршік атып сақылдап қайнайды. Сол көрініс тап Байдалы ашуындай.Қайнауы жеткен ашу қызуы жеткен құрттай. Бір жер емес, қазан беті әр тұстанбұрқ-бұрқ етеді. Ол дағы осы елдегі әр жерден шаң беріп жатқан Құлыншақ,Суйіндік, Бөжейлердің ашулары сияқты.

Шынында, жаңағыаз ғана сөз талай терең түкпірдің үстін басты. Талай түйінді түртіп өтті.Талайдан теріліп жүрген келісі ұзын дау, себебі мықты кінәлар жатыр.

Абай Байдалысөзіне орай айтпақшы емес. Бірақ жақсы, жаман деп сыр да берген жоқ. Сәлемдерінұғып болып Байдалыға қош айтпақ болып еді. Қамшысын ұстап, тымағын киді. Осыкезде Байдалы тағы бір ырғала түсіп: «Әлі де тыңдап кет!» дегендей белгі етті.Абай тымағын қайта қолына алды.

Қазір Байдалыбіржолата өзгерген сияқты: кең, баяу, байсалды үнмен тың әңгіме бастады. Абайғаенді күлімсірей қарайды. Бұл пішіні жаңағы Байдалыға тіпті ұқсамайды.

Үлкендердіңәралуан кең мінезі, терең сыры болатыны бар ғой. Бірақ тап мынадай, ашуы менсабырын оңай жұмсап, оңай тежеп, оп-оңай бұрып салып отыратын шын ұстамдыадамды Абай осы Байдалыдан ең алғаш рет көріп отыр.

Жаңағы ашуменкүйген Байдалы енді майда қоңыр үнге түсіп:

- Осы өздеріңкөріп жүрген Қаратай бар ма? Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек!Шіркін, тек қана азғантай Көкшеден шықты ғой. Егер Олжайдан туса, өрісін көререң!- деп, біраз отырды да... Тақауда әнебір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар- барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп,шалқып отырып, ақыр аяғы: «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұртойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүктүсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқ-ты. «Мырза кім?» дегенгеҚаратай жауап беріп, «Мырза - Құнанбай»- деді. Тағы біраздан соң ол жиын:«Шешен кІм?» деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай»- деді. Екі беласты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай жәнежауап беріп: «Жақсы - Құнанбай»- деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлыпалып, саңқ етіп: - «Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» деп, Қаратайға қадалатүсіп,- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендешене көкіп алысып жүрміз онымен?»- деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Уай,тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ«не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» деді. Сөз ұғатын баласияқтысың ғой!- деп, Байдалы осы тұста Абайға сығырая қарап отырып,- дәл осысөзді сенің әкең естімеген болар. Осыны да айта баршы. Кешірімі, мейірімі жоқекенін Көкше неше жерде көрді, білмеймін. Бірақ Жігітек соның жоғын күндекөреді. «Кештім» дегенін бірде-бір көрмей-ақ кеттік қой!- деді.

Жол бойындаешбір жерде Абайдың аялдағысы келмеді. Оңай емес, әлдеқалай емес, бүгінестігені ерекше. Байдалының аулынан ұзаңқырап шығысымен Қарабасқа:

- Жүр,жарысайық!- деп тебіне жөнелді.

Қарабас жарыстыоншалық жақсы көрмеуші еді. Бірақ Қарашоқыға күн барда жету үшін қатты жүрмесеболмайды. Және бұның астындағы - ақтабан қара бедеу, қасқыр соққан жүйрік биеболатын. Аймаңдай аттан күйі де төмен емес.

- Ал, жүре ғой!-деп, о да жөнелді.

Екі жолаушы ұзақшапты. Аймаңдай ат пен қара бедеу кезек озысып, қатты желісіп келеді. Өзі озғанкезде, Қарабас: «Тоқтайық!» деп іркіле берсе, Абай қуып жете беріп:

- Тоқтама, жөнел!Жөнеле бер!- деп, атына қамшы баса береді. Қарабас өз ішінен: «Мына балағаБайдалы сөзі дөп тиді-ау! Ширығып келе жатқаны сол-ау!» деп ойлаған.

Күн бата бергенкезде аттарын қан сорпа қып Қарашоқыға жетті.

Ауыл сыртындакішкене тастақ төбе бар еді. Құнанбай Майбасар екеуі сонда отыр екен. Абайаттан түсе бере, шылбырын Қарабасқа тастады да, аял қылмастан әкесіне қарайтартты. Құнанбай ауылдан қашаң отырса да, бұлардың қатты жүріп келгенінаттарының сонау алыстағы ажарынан байқап еді. Қара бие ауыздығын шайнап,тьшыштық ала алмай кермені сүзе тартып тұр. Құнанбай көзіндей, мал сырын бұлжытпайбілетін көреген көзге сол белгінің өзі де жеткілікті.

Бірақ ол жайғаҚұнанбай онша шіміркенген жоқ-ты. Тегінде балаға «ат қинайсың, шаруакүйзелтесің» деп ұсақ мазасыздық жасамайтын. Сондықтан баланың біреуі аттыңаяғын кетіріп, немесе зорықтырып өлтіріп қойса да ұрыспаушы еді. Абайға мұндайдүниелік жайында еш уақытта

тарлық еткенемес-ті. Қазірде де қатты жүрістерін жай балалық желік, жарыс қой деп білген.

Бірақ ол өзбетіне. Ал мынау Абай үйге кірмей, асыға басып дөң басына келеді. Жақындапкелген уақытта әкесі қадағалап қарап еді. Баласының екі көзі от шашып, бетіқызғылттанып, танауы да желбірей түседі. Барлық жас ажарында бал-бұл жанған бірқұбылыс бар. Әншейіндегі салмақты, қоңыр баяу Абай емес.

Баласы тақапкелгенде, Құнанбай:

- Немене, балам?Неден ширықтың, жөніңді айтшы!- деді.

Абай әкесініңтөменгі жағына отыра беріп, өз ішіндегі көңіл күйін дәл тапқанына қайран қалды.

Отырысымен көпкүттірген жоқ. Бүгін Байдалыдан есіткен сөздерді бұлжытпастан, жалғыз түйірінқалдырмастан түгел айтып шықты.

Әкесінен көз алмайқарап отырып сөйледі. Құнанбай басында мұны аса салқын тыңдады. Тек «Жігітектіжаныштаудан тоқтамады ғой!», «Босаспады ғой!» деген сияқты Байдалы дауынажеткен жерде ғана қабағын лезде қатты түйіп ап, Абайға тіксіне қарады.Баласының өзіне барлап: «Осының өзі қандай?» дегендей.

Абай әке көзіненжасқанған жоқ. Байдалының дауын соншалық зілді, ұтымды күйде айтумен қатар,мына бала өз сұрағын да осы араға қосып отырған сияқты. Әке мен бала ең алғашрет шыңдасып бет ашысатын белге келгендей еді.

Бірақ Құнанбайөз баласы туралы екі ұшты болуын тез жойып, Байдалы сөзінің салмағына көз салыпкетті. Есітті, ұқты. Жалғыз-ақ түк шіміріккен жоқ. Ашумен демігіп, ерніншығарды. Өз байлауы өз ішінде. Жауап айтқан жоқ. Абай әкесіне осы сәлемдіәкелгенде, тым құрса бір шешілер, бір сөйлесер деп еді. Ол болмады.

Байдалыныңалғашқы сөзін естіртіп бір тоқтаған еді. Одан тың сөз тумаған соң, Абай азотырып, Байдалының соңғы әңгімесін айтты. Бұл Абайдың, әсіресе, «жауап айтар,не айтар екен?» деп асығып күткен жайы еді.

Құнанбайбаласының осы көңілін анық таныды білем. Қаратай мен Байдалы үшін болмаса да, өзбаласы мен өз туысы үшін бір жауап керек. Ол тіпті аналардың орайын беру үшін,әсіресе, керек.

- Қаратай жүйрікқой. Жер таниды. Айтқаны шын болса керек. Бірақ өз топшылауым бойынша, адамныңқай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстағаннәрсемді берік ұстанам. Жақсылық - кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соныңтүбінен мін шығатын кез де болатын шығар!- деп, үндемей түнеріп отырып қалды. Дауайтқан кісі жоқ.

Абай әкесініңжауабын ғана білмек еді. Ойландыратын жауап естіді.

Құнанбай аздансоң ғана барып, әлгіден де жуасыңқырай түсіп:

- Адам пендеғой! Пенденің жоқ-жіті толған ба?- деді.

Қияласа да өз мойнынакінә алып отыр.

Бұл кезде Абайғаәкесі жадағай көрінбеді. Кінәға, дауға жүйрік Байдалы сияқты емес. Олшешендіктен көрі басқарақ түкпірі бар жан сияқты. Оңай жан емес. Қабат-қабатшың сияқты.

Құнанбай өзойымен кетсе, Абай өз көңіліндегі түйінін аяқтата алмаған, өз дағдарысымен кетіпеді.

 

3

Жидебайғақайтардың алдында Абай әкесінен көш-қон жайын сұрастырған. Құнанбай үлкенаулына тез көшсін деп бұйрық берді. Бірақ биылғы көш жолы жылдағыдай емес.Бұрын Құнанбайға қараған ауылдар осы Қарашоқы тұсына жиылып ап жайлауға қарайжөнелгенде, Шыңғыс тауынан Бөкенші асуын басып асушы еді.

- Қазір бұлтұсқа келмей, Қарауыл өзенін өрлеп барып, Ақбайтал асуынан асыңдар!- деді. Жәнежазғы жайлау сол асудың тұсымен баратын Бақанас суы болды.

Бақанас, Байқошқар- бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені. Шыңғыс сыртындағы мол жайлаудың еңарғы шеті сол екі су. Бірақ Құнанбай ауылдары бұрын Байқошқарды қоныс ететінде, Бақанас өзені Көкшеге тиісті еді.

Қаратайменқырбай болғандықтан, Құнанбай Көкшенің жайлауына ортақ болғысы келгендей.

Бұның ар жағындабірталай есеп бар. Осы жазда Жігітек, Бөкенші, Көкше боп тағы да қайтадан басқұрасатын сияқты. Кешегі Байдалы айтқан сәлем тегін емес. Астыртын шепбіріктіріп жатқан елдің дақпырты тәрізді. Ендеше солардың әр алуан ширап,сыбыр-жыбырын біліп отыру үшін, Құнанбай өзіне қараған елдің біразын, дәл солелдің арасына таман кірістіріп жіберу керек.

Жайлау араласболса, қыдырыс-жүріс аралас болады. Сыбаға, қонақасы аралас болады. Сөйтіп малбасы түйісіп отырса, ел тарту оңай. Ал, мұндай есепке Зере отырған үлкен үйдіңбарғаны жақсы. Бұл көп Тобықтының үлкен санайтын, күтетін үйі. Және Күнкедейемес, Ұлжан қонағуар, кең бейіл, мырза. Оның асы мен көлігі, өң шырайы адамды досетеді, тарта біледі. Ішіне қан қатқан, сонау қатты жаулық болмаса, ет пен терініңарасында жүретін уақ-түйек өкпені жуып-шайып отырады. Осының бәрі Құнанбайға еләпереді.

«Ақбайталды басып,Бақанасқа қарай көшіңдер! Бөкенші, Көкшеменен қоныстас болыңдар!»- дегендегіҚұнанбайдың ішкі есебі осы болатын.

Абай әке есебінбілген жоқ. Тек өз ауылының жекеленіп көшкенін лайықсыздау көрсе де, іштен асақұпия түрде бір қуаныш сезді. Қарауылды өрлеп көшу, Бақанасқа шейін бару жазбойы Сүйіндік ауылына жақын жүру деген сөз. «Өмірі қосылмас-ау, жуықтамас-ау!»-деген өмір соқпағы енді мұны күтпеген кезде Тоғжан ұясына жақын апарды.

Соңғы күндердегібарлық жеңіл, ауыр сезімдердің баршасының қатарында Тоғжан бейнесі жас жігіттіңкөз алдынан кеткен емес-ті. Абай олқыған қуанышынжасыра алмады. Әкесінебелгісіз себептен қып-қызыл боп өзгеріп кетті. Құнанбай бұл өзгерісті байқасада себебін сұрамады. Әрине, Ақбайталға қарай көшуге Абай қарсы болған жоқ. Жалғыз-ақөз топтарынан бөлегірек жайлайтын болған соң, жалғыз ауыл кету тағы қолайсыз.Соны ғана ескертіп еді. Құнанбай бұл жағын да топшылап қойған екен.

- Жалғыз ауылболмайсыңдар. Неге жалғыз ауыл боласың? Тіпті сол Жидебай, Мұсақұлдағы, Көлқайнар,Шүйгінсудағы Ырғызбай, Жуантаяқ, Қарабатырдан кем қойса, он ауыл сендерге ерекөшеді. Бәріне де сәлем айтам!- деді.

Жуантаяқ,Қарабатыр дегендері Құнанбай ауылдарын жағалап жүретін, қысы-жазы бірге көшетінмомын көршілер еді. Абай оны да мақұл көрді. Осымен Жидебайға қайтып кетті.

Тоғжанды тағыкөру үміті Абайдың Қарашоқыдан алып қайтқан зор олжасы сияқты. Жол бойында бардүниені ұмытып, бір Тоғжанның елесін көз алдына келтіріп, нелер ыстық қиялғабатты.

«Өмірдегі еңбірінші жалғызым, барым» дегендей неше түрлі еркелеткен нәзік сөздер өз-өзіненсан рет айтылып келеді. Жас жүрегі соғып қана қоймайды, қазіргі Аймаңдай аттыңасығыс дүсіріндей дүбір шығады. Бұл шақтағы барлық сезімі құр ғана жас тіршілікбелгісі емес, кеуде тола лаулап жанған жалындай.

ҚарашоқыданЖидебайға шейін қатты жортып жүріп еді. Екі аулының арасында дәл осы күндейшапшаң жеткен күні жоқ. Қалайша оп-оңай келіп қалғанын өзі де байқамады.

Жидебайдағы ауылда киіз үйге тегіс шығып алған екен. Биыл Қарауыл суы мол боп тасып, Жидебай,Мұсақұл үстіндегі кең қорық көк жайқын қалың шалғын боп келе жатыр еді. Көпүйлі аппақ ауыл кеш мезгілінде біртүрлі бейілді, қоналқаға көңілдене шақырыптұр. Ауыл айналасы қалың қой. Қозы жамырап, иттер үріп даңғаза боп жатыр екен.

Абай үлкен үйгеде, шешелерімен амандасып болған соң, көші-қон жайын айтты. Жылдағы әдетбойынша бұл ел әуелі бауырға қарай, көктемдік қоныстарға барушы еді. Ұлжансолай көшерміз деп, қыстауда қалдыратын жүктерін, қоймаларын сайламаған екен.

Жайлау биыл ертекөктеді. Шыңғыстағы ел бауырға көшпей, жайлауға асығып отыр. Сондықтан бұл ауылда дүрмектен қала алмайды.

Ол жағын Ұлжанұқты. Бірақ, баласы ойлағандай тез көше алмайтынын білдірді. Үй ішін жеңілейту,теңдер буғызу, жатақшының жазғы күнін бейқам ету, баршасы да бұл ауылды неқылса да бес-алты күн бөгемекке керек.

Абай өз ішінен:«Сүйіндік аулы сыртқа кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді-ау» деп тынышсызданыпеді. Шынында, сыйлас ауылмен немесе достас жандары бар ауылмен қатар көшкенқандай қызық. Ертелі-кеш бірге көшіп, бірге қонып отырса, күндіз-түн көрісежүрудің сылтауы көп және жайлауға қарай тартқанда бұл елдің үдере көшем депжаппалап қонып отыратын әдеті бар. Көңіл қосылар күн болса, жарық айлы түндердеерке жардың оңаша жаппасына кіру ертегідей рақат қой. Өзі көрмесе де, Абайдыңөзге ересек жігіттерден көп естіген рақат шағы осы болушы еді. Бірақ шешесініңбайлауы жаңағыдай шаруа жағына келгенде, бұзылмайтын байлау болады. Ондайда ҰлжанҚұнанбайдың айтқанын да орындамай, өз билігімен кететін.

Көңіл қаншалыққиял құшып, аласұрса да, Абай амалсыз көнді.

Кешкі астыңалдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтты. Естігенінің ешбірінқалдырмай, қатты айтты. Жыласа да, күйзелсе де, шешелерді аяймын деп Кәмшатжайын бүркеу мүмкін емес.

Зере күрсініп,күңіреніп кеп, Құнанбайды жерледі. Ұлжан үнсіз, жым-жырт, қиналып отырып-отырыпАбайға:

- Осыестігеніңнің бірде-бірін Айғызға айтпай тұра тұр. Онсыз да қан жүрегі қақжарылып жүр ғой. Бүгін таңертең: «Түс көрдім. Кәмшат жер ошаққа жығылып қалып,үсті-басы лаулап жанып барады екен»- деді. Сүйіндіктің қатыны, аналық мейірімібар кісі. Бәрінен де соның айтқаны тек емес қой. Шыңғысқа жетейік. Сонаң соңөзің қасыңа бір ересек кісіні ерт те, тура Шырақтың аулына барып, Кәмшатты өз көзіңменкөріп, бар жайын біліп кел. Айғызға содан кейін айтып, әкеңмен шындап сөйлесейік,-деді.

Байлау осыболды.

Сол кештен оншақты күн өткен шамада Құнанбайдың үлкен аулы Ақбайтал асуынан асып барып, Шыңғыстыңсыртындағы Жігітек, Бөкенші жайлауы болған Қопаның аузына қонды. Құнанбайдыңайтқанындай он шақты ауыл боп көшіп келіп еді. Дәл бүгін осы қонысқа жеткенше бұлауылдар өзге Шыңғыс бөктерінен көшкен Бөкенші, Жігітекті қуып жете алмаған. Еңшабан көшкен ауылдар болған-ды.

«Алғаш үлкенауылдың ерулігі» деген табақ-табақ еттер, саба-саба қымыздар, көп-көп қыдырушықатындармен ілесе келіп-келіп қалды. Құнанбайға жұрттың көңілі әр алуанболғанмен, ежелгі салт-машық бойынша бұл өңірдегі ағайын Зере отырған үйдіжатсынған жоқ. Бірақ сыбаға мен ерулік әкелушілер көп болса да, бұлкелгендердің ішінде Бөжей, Байдалыдан немесе Сүгір, Сүйікдіктен келген белгіболмады. Келіп жатқанның барлығы момын ағайын. Араз-құразға ынтасы мен бейіліжоқ, жай шаруаның ауылдары еді.

Үй іші келушініңбарлығына ырза болды да, келмегендерді санаған жоқ. Жалғыз Абай ғана өз ішіненәр мінездің мәнін өзінше жорыды.

Шешелерінеәнеугі берген "уәде бойынша, Абай Бөжей ауылына баруға асыққан. Қопағақонған күннің ертеңінде қасына Ғабитханды ертіп, солай жүріп кетті.

Бөжей ауылыҚопаның аузынан алыс емес. Батыс жақтағы көк қырқаның астында Саркөл деген тұщыкөлдің басында. Тұс шағында екі жас жігіт сонда келді. Саркөл жағасында жағалайотырған ауыл көп екен. Бөжейдікін сұрастырғанда, бие қайтарып жүрген асау тайлыбала тап орта тұстағы он шақты үйлі ауылды көрсетті. Бұл бай ауыл емес, бірен-саранғана бозғылт үйі бар. Көпшілігі қоңыр үйлі орташа ауыл тәрізді. Шынында, Бөжейбай болған емес. Орташа, дөңгелек қана дәулеті бар еді. Абайлар Бөжей үйініңсыртына кеп, аттан түсіп жатты. Қазіргі уақытта бұл ауылда бірде бір бөгде кісіболмау керек. Кермеде де, белдеуде де ерттеулі ат жоқ. Жиын болса, көлдің арғышетіндегі ақ ауылда болу керек. Саркөл айналасындағы топыры көп ауыл сол тәрізді.Жас жігіттер Бөжейдің өзін де үйде жоқ болар деп топшыласып еді. Сол ойлары шынболды. Бөжей анау ақ ауылдағы жиында. Сонда түстеніп отыр екен.

Аттарын байлап,енді үйге қарай жүре бергенде, Абай осы үйдің ішінде әлсіз үнмен жалыныпжылаған кішкене баланың үнін есітті. Ауру баланың жылағаны.

Абай жүрегіжаман белгіні сезгендей су етіп, қатты аянышпен шаншып кетті. Үн дәл Кәмшаттыңүні сияқты. Абайлар үйді айналып есікке тақай берді. Бірақ дәл осы кезде жаңағыбаланың жылауына ызаланған ұрысқақ дауыс естілді. Бар сөзі басқа ұрғандайап-анық шығып жатқан Бөжейдің бәйбішесінің даусы.

- Ырылдатпа!Ырылдатпашы анау көзің ойылғыр жетімекті!- деп, зекіп тастап, долы бәйбішеесікке қарады.

Киіз есік ашылып,екі бала жігіт кіріп келген екен. Абайлар төрге шықты. Үлкен үйдің іші сыртындайжұпыны емес, жасаулы, кілемді, алашалы екен. Бірақ салақ үйдің белгісі -сыпырылмаған, төрде олақ жиналған көрпе-жастықтан көрініп тұр.

Үй ішінде, төсекалдында ұршық иіріп үлкен қара сұр қатын отыр. Танауы қусырылып, ерні қаттыжыбырлаған қара қатын аса бір ұрысқақ қатал жан сияқты.

Биік төсектіңбас жағында жер төсек бар екен. Соның үстінде Бөжейдің екі бойжеткен қызы кестетігіп отыр. Жасына жеткен қыздардың пішіндері - сұлу да, сыпайы да емес.Түксиген, сүйкімсіз. Және шешелеріндей ашушаң, қатқыл адамдар сияқты.

Осы төсектердіңбас жағынан Абайлар отырып, үй ішімен ақырын ғана амандасты. Мажырасып қарсыалған үй іші де болған жоқ.

Жылаған Кәмшатекен. Ол қонақтардың оң жағында, бір жаман жыртық жаялықтың үстінде бүк түсіпжылап жатыр. Басында жастық та жоқ. Тек бір жаман жыртық шапанның жеңіжасталыпты.

Кәмшат жаңакелген кісілерді танымады. Бірақ үй ішінің қаттылығын осы жаңа келген жандарғашаққандай боп кемсеңдеп, иегі дірілдеп, біртүрлі әлсіз үнмен тағы жылады.

Бұрын топ-толық,қызыл шырайлы, қарақат көзді Кәмшат, қазір сатқақ ұрғандай арықтап, құп-қушөлмектей боп қалыпты. Қол-аяғы шидей. Бетінде ғазап пен сор көлеңкесі барсияқты. Кірпіктері ұзарған. Екі ұрты кәдімгі қайғы шеккен, аштық көрген үлкенадамдардың бетіндей боп, тозығы жетіп, жиырылып тұр.

Үлкейіп,алақандай боп кеткен қап-қара көздерінен кесек-кесек жастар тамшылайды. Күтімсіз,қор болған бала шын бишаралық қалпында жатыр.

Осы жайды көріп,болжай сала, Абай мен Ғабитхан екеуі қатарынан Кәмшатқа созылды.

Бала танымай,теріс бұрылып, тартына берді.

Ғабитхан мынаукөрген күйіне шыдай алмай:

- Ей, мазлұма! Нилерғазап көргенсің сен Бейгүнаһ мазлұма!- деп, жылап жіберді.

Абай ыза мененазаптан, жанашыр мен қайғыдан қалтырап кеткендей. Үйдегі әйелдер мыналардыңкөзінше сыр бермеймін деген боп, анау-мынау жай айтып жатты.

- Өзге баласап-сау! Жалғыз осы бала бақырға бір жаман іш ауру тиіп, толас таппай қойғаны!-деп, бәйбіше жайма-шуақтаған болды.

- Ішің ауырса,аузың тый дейді! Бала неме біле ме! Өзі де кішкентай түзеле берсе болды, кешкешейін бар тамақты малшылайды!

- Сүйтіп отырыпқайтып жазылсын!.. Содан... өзінен... ғой!- деп, екі қыз, топас түрдегі біркекселік айтып жатыр.

Абай бұл үйдіңішімен тілдескен жоқ. Жанашыр мейір жоқ, суық жандар, келген жерден-ақ Абайкөңіліне түрпідей тиген.

Бөжейдің қатынышай қойғызбақ сияқты боп қам істей бастағанда, Абай:

- Ішпейміз,жүреміз!- деді.

Кәмшаттыңмынадай тұтқында, аямас ғазапта жатқан бишаралығын көріп отырғанда тамағынан асөтер орын жоқ.

Жұрт кісі өлгенде:«Бауырым, бауырым» деп жылайды. Өлген соң «бауыр» деп танығаны не қажет? Абайенді біраз отырса, Кәмшатты құшақтап, баурына қысып жатып: «Сорлы бауырым,жазықсыз бауырым!»- деп, зар шегер болса да, мынадай іші дұшпандықпен қатыпқалған көң көңілді жандардың алдында оны істесе, адасқаны. Бір есептен жаңағыекі қыздың сөзіне қатты ыза болып, намыстанып, талқан, қып ұрысып-ұрысып кетереді. Алғаш бір ойлап, алқымына ашу тығылып келген күйі сол еді. Бірақ ол мінезіКәмшат үшін пайда емес. Қайта оның ғазабын арттыра түседі. Амал құрып отыр.Қатты сенделу үстінде бәйбіше берген қымызды да ішпеді. Тіпті ұрттамастан жергеқойды. Кімге кектенеді! Кімді кінәлап ұрсады? Жалғыз осылар ма? Бұлар ғанаемес! Абай осыны ойлап тез қоштасты да, Бөжей үйінен шыға жөнелді. Ерекше бірыза мен шер өне бойын кернеп алды. Кеш бата өз ауылдарына қайта жеткен уақыттаАбай көңілінен осы күй бір сәт арылған жоқ, бір мысқал кеміген де жоқ еді.

Үлкен үй менқонақ үйдің арасына тартылған кермеде Құнанбайдың ер-тоқымы ерттелген ұзын торыат түр екен. Қасында бір-ақ бөтен ат бар. Әкесі бұл аулына жаңа келген тәрізді.Оқшау келгені жақсы болды. Абай Кәмшат арызын түгел жеткізбекке нық бекініп,үйге кірді.

ОйлағандайҚұнанбай бүгін оңаша келіпті. Қасында жорға Жұмабай ғана бар екен.

Жігіттер үйгекірген кезде, осы үйге Айғыз да келді. Ана жүрегі бір жаманатты сезгендей бұныасықтырып, осылай жетектеп келген. Күндіз Абайдың Бөжей аулына кеткенін Айғызбілетін. Ол үйге кірісімен көп бөгелмей, Абайға қарап:

- Не көрдің, небілдің, Абайжан? Білдің бе, әлгі сорға туған бейбақ бауырыңның күйін?- деді. Жалынатып тұрған шер үні.

Зере мен Ұлжанда Абайға осындай сұраулар беріскен жүзбен бұрыла қарасты.

Абай әкесіне көзсалып еді, үндемей, түйіліп, Айғызға аса салқын қарап қалған екен.

Өзі күйіп келгенАбай әке жүзінен қаймыға алмады.

- Көріп, біліпкелдік. Кәмшат ауру. Әл үстінде. Бізді танымады. Бауры суып, аямас қаскөргендей барлық жанды... не айтайын?- деп, тоқтап қалды. Әкесінің алдында кісізарын да, өз уайымын да еш уақытта бүйтіп айтып көрмеген-ді.

Құнанбай оқысбұрылып Абайға суық қарады да, үндемеді.

Әйелдің бәріүнсіз жылап, аһ ұрып, күрсініп отыр.

Түсіне ашу, көзінежас толған Айғыз, дірілдеген үнменен:

- Қарашығым,балапаным-ай, сормаңдай жетімегім-ай! Не қарғысқа ұшырап туып ең?- дей беріпеді, Құнанбай сол қолын шұғыл көтеріп қап: «Доғар!» дегендей ишарат қылды.Қарғыс шарпуынан бетін қорғаған сияқты қозғалыс.

Мұның әміріненжасқанып өскен Айғыз саябырлап қалды. Бірақ сыбырлап сөйлеп, тұншыға жылады.Құнанбай ақырып:

- Қысқарт енді,басыңа көрінгір, не көрінді, басыңмен кеткір!- деді.

Айғыз жауапқайырған жөқ. Бірақ Абайдың қасында отырған Ұлжан жаулығының ұшымен көзінсүртіп:

- Өртенсең де,үндемей өртен дегені ме? Кәмшатты ойласа, бүгін емес, көптен күңіренеді бұлжандар. Кімге айтады? Қайда айтады?- деді. Құнанбай оған да барын айтқызбайтежеп:

- Жә, біріңбастап, бірің қостамай! Басалқа, басу айтады десе, о несі?- деді. ҰлжанғаАйғыздай зекірген жоқ, кінәлай сөйледі.

Үй ішінің наразыүнін осылай баспақ. Бірақ, онысына Зере болған жоқ.

- Қорқытпакеліндерімді!.. О несі?- деп қатты зекіп қап, ілгері жылжып кеп, екі қолыменжер тіреп отырып, баласының жүзіне аса суық қарады. Абай өз әжесінің мұндайқайратты ашуын бұрын көрмеген сияқты.

Зере Құнанбайғаәлі де қадала қарап, түйіліп отыр. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаситүсті. Көзі де шеше көзінен тайқып кетті.

- Айында,аптасында бір көреді. Арыз мұңын саған айтпай кімге айтады? Қатты болсаң қасыңабол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің? «Жер тәңірісі сенсің»деп қошеметшің айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойныңдағы қарызы мол әкесің,білдің бе? Айтам ғой, «жер тәңірісімін» десең де, аяғың аспаннан салбыраптүскен жоқ. Сен де пенденің ұлысың, анадан туғансың. Менмін сені тапқан. Мынауаналар аналық зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтіп күңірентіп отырсыңдарсендер бізді. Тап енді, емін тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай жетімегімді!-деп, қатты бұйрық етіп тоқтады.

Үй іші үнсізеді. Құнанбай тез жауап айта алмай, буылып қалды. Талайдан естімеген үнінесітті, анасының үні - ардың үні боп, қатты қадалып тұр.

- Қайтейін?..Мен қайтейін?.. Кеше исі Арғынның игі, жақсысы бұйырды!- деп, шешесіне арызшағып бір тоқтады.

Абайдың асатеріс көргені сол бұйрықтың өзі.

- Рақым,мейірбандық жоқ, не деген жаны ашымас, қатыбас байлау сол байлаудың өзі? Татуетер байлау да емес. Көңілге қату бітіретін байлау ғой және Кәмшаттан зорлықпенайырған Жігітекті мұндағы ана,бауыр қайтіп жақын көре алады? Мал алмай, мазасызмасыл жас баланы алғанға олар қайтіп ырза болады? Олардың рақымсыз, надан,топастарына салсаңыз, Кәмшаттың барлығынан да бес байталды артық көрсе қайтесіз?Ендеше, ортамыздағы ең әлсіз, ең пұшайман бір ғарыпты қайда тастап отырмыз? Итжеміге тастап отырғамыз жоқ па?..

Әкесіне Абайсөзі ұтықты көрінді. Өзі, тіпті, ойға келмеген соны сөз. Бірақ, бұл баласы бірбеткей кетіп отыр. Қазақ жолы, ел салты емес, өзге бір сүрлеуге түсіп кетті.

- Әй, шалағайбалам-ай, көңілің түзу болғанмен, жолдан тыс жайылып отырсың ғой!

Бағанағыдайемес, енді мынау үйдің ішін күйзелткен жайды бірге ойласқандай. Абайды«шалағай» десе де, ақыл кеңесіне алған сияқты. Және бұған жылы жауап айтқаны Ұлжан,Айғызға да жалына бастағаны тәрізді. Анық соның белгісі. Тағы біраз үндемейотырып барып:

- Ағайын жолыбұлай ма? Араз елді жамастырам деп, қалыңға қыз да беріседі. Күң есепті, қатынесепті береді. Біз берсек, етбауыр бала қыл деп беріппіз. Қорлыққа бердік пе?Тек сын Бөжей басында ғой. Біле білсе, менің балам оның баласы болмайтын несібар еді? Жат деп, жау ұрпағы деп, дұшпан" көріп кірпідей жиырылса, қарызоның мойнында емес пе? Тіпті жазықты болсам, мен жазықты шығармын. Бесіктеншығарып, адам ұлы деп, соның баурына берген балам жазықты ма еді? Қатын-қалаш,ауыл-аймағына тым құрыса соны ұғындыра алмаса, Бөжейдің аяқтағы суға ағыпөлгені ғой!- деді.

Бұл сөзіндеБөжейді жеңер дәлелі бар еді. Абайдың өзі де өмірінде алғаш рет Бежейден түңілгендейбоп қайтқан. «Қатыны ант ұрған болса, ең болмаса аяқтап Бөжей жөнге салсанетті?»- деп ойлаған. Бұл ойын бағана жолшыбай Ғабитханға айтқан-ды.

Ұлжан мен Жұмабайжәне Айғыз боп Бөжейдің қатынын кінәлады. Ол жақтан жаңғыз кеп жатқан суыққатал сөздердің бірталайын айтысып етті. Айғыз тұп-тура аямай: «Дұшпандық етіпжурген Бөжейдің қатыны» деп байлады.

Осының ертеңіндеҚұнанбайдың сәлемімен Бөжей аулына Жұмабай барып қайтты.

Көршілес, қартаңқатынның бірін Айғыз да Бөжейдің бәйбішесіне жіберген. Оған:

- Балама өгейлікқып отыр. Ақылы болса, ары болса, бүйтер ме еді? Күтімсіздікпен дертті қыпты,-деген кінәлар айтқызды.

Жұмабай Бөжейаулынан түнеріп қайтты. Ол келгенде Абай барлық Бөжей жауабына түгел қанды. Бөжейқасында Байдалы, Түсіптер бар еді. Қатыны да Айғыз жағынан есіткендерінжеткізген-ді. Үй ішімен, ағайынымен күңкілдесіп алып, Бөжей Құнанбайға ашулыжауап айтыпты.

- Құнанбайжаққан отқа менің арым өртенді. «Жарасы жазылды, сынығы бітті» дей ме екен? Нежаны жүр деп ойлайды екен шыбын кеудемде? Әлде өзгелер үйелменімен өртенсе де,өзімнен бұрау сынбасын дей ме? Құнанбайдан не шықты. Шашыраған бір ұрығы ма?Сұрау салмай, мазамды алмай тек жүрсін, күйдірмесін ағайын!- депті.

Үлкен ызаныңсызы жатыр. Тоңы жібімеген араздық қайтадан тағы бір рет: «Мен арылған жоқпын!»дегендей жота көрсетті.

Құнанбай демігіптыныс алып, қап-қара боп кетті. Бөжейдің бұл жауабынан Абай да қатты түңілгенеді.

- Адамшылық рақымқайда? Өзге емес, ақылсыз, надан қатыны емес, Бөжей өзі өсте ме екен? Көз алдындасоншалық жазықсыз нәрестені ұзақ өлімге бұйырып, сол үшін және биттей дешімірікпеу не деген қаттылық? Әншейінде мінезді, мейірбан көрінетін сырты екенғой. Өзіне сын жетпей, жұртты сынап жүргенде сүйтеді екен ғой. Ендеше, жауығып,қарсыласып, кінәлап жүрген Құнанбайдан қай қасиетімен артты?- деп, аса наразыбоп қалды.

Құнанбай бұларада шешілген жоқ. Жалғыз-ақ Абайға қарап:

- Менің баламадамзат баласы емес, өштескен қасқырдың күшігіндей көрінгені ғой. Көрге біргекететін жаулық десеңші мынаны. Аузына осы тірі жүрген ұрпағымның қайсысы түсседе, шайнап тастағалы, көзге шұқып жоқ еткелі отырған түр ғой мынау! Жалғыз-ақтәуекел! Тостым, күттім артын!- деп, тоқырап қалды.

Осыдан кейін азкүн өткен соң, Бөжей аулынан Айғыздар күткен жаман хабар оқыс келді.

Кәмшат өліпті.Және таңертең өлген баланы сол күні түс ауа қойып та бітіріпті. Керек десе,Құнанбай аулына, Айғыздай көзі тірі шешесіне хабар да айтпапты. Айғыз бен Ұлжандаресіткенде бүгін қойшыдан есітіп отыр.

Жалғыз Құнанбайемес, бастығы Зере болып, Абай болып, Бөжей мінезіне шынымен аса қатты ренжіді.Әнеугі жауап бір көңіл қалдырған болса, мынау ісі тіпті бір қырыс надандық пенқаталдық тәрізді, Бөжей өзі осыны сезген болу керек. Кәмшат өлген күні ол:«Айғызға хабар қылсақ нетеді?» деп, үй ішімен, Байдалымен ақылдасқан еді. Бірақосы аз күннің ішінде Құнанбайдың Жігітек жерінен Бөкеншіге қоныс әперіп отырғанынайтып, Байдалы ырық бермеді.

Қопа менҚаршығалы сияқты қоныстарды Бөкеншіге Жігітектен алып бергеннен бері, қазірміне, күн сайын көші-қөн да, жайылыс-өріс, бие-бау да даулы болып тату ағайынтоңырайысып барады.

Байдалы,Түсіптер күнде көріп, күнде сезіп: «Бөкеншіні өкпелетіп алмасақ екен,қолтығымыздан шығарып алмасақ екен» деп, дамылсыз күдіктеніп отыратын болған. Солмазасыздықтың өзі де Құнанбайға бұларды өшіктіріп отырған. Бұл жайдың бәрінтанып сезген Бежей Құнанбайға катты ашулы еді.

Кәмшат жайыосындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп жүргенірас.

Абай көңілінде,Бөжейді Кәмшат үшін, жазықсыз жас нәресте үшін айыптаған үкімге ақтау жоқ.Үлкенмен араздық дәл бұндай адамшылық ар сыналатын жерге арашашы бола алмайды.

Хабар-ошарсызКәмшаттың қойылып қойғанына Құнанбай жаман қатуланды. Астыртын хабарменҚұнанбайдың үлкен аулына Ырғызбай, Топай, Жуантаяқтардың көп ірі кісілеріжиналып қалған. Солардың тобына Құнанбай Бөжей мінезін шағып, көпке кінәлатыпотырып, тағы кісі жіберді.

Бұл жолыЖігітекке барған Жұмабай емес, Ызғұтты мен Жақып. Құнанбайдың жан күйержақындары. Бөжейге кеп:

- Бұ неқылғаның? Шабындыдан келген күң бе еді? Құнанбайдың бел баласы, оң көзі емес пееді? Тым құрыса іштен шыққан анасына хабар айтып, топырақ бұйыртсаң етті! Бұ недеген білместік, не деген өштік?- деп сөйледі Ызғұтты.

Бөжей менБайдалы, Түсіп бірігіп отырып жауап берді:

- Сыныққа сылтаутаба алмай отырған Құнанбай ғой. Қаршадай қыз өлді деп сауын айтып, ас берушіме ем? Тіпті берсем де, басым ырықтан арылар ма еді? Кінәласа, құн тілесін ендіменен. Бірақ тек, әлі жетсе алып көрсін!- деп, Бөжей бір-ақ томырылды.

Жер ашуы қайнаркезіне жеткен сияқты. Бұл сөздер биылғы жазды не қылса да үлкен ылаңның, зорбәленің жазы етуге айналған сөздер еді.

Ызғұтты менЖақыпты жөнелтісімен, Бөжейлер өздеріне қараған бар ағайынды баталасуғашақырыпты.

Сол күні кешкеҚұнанбай да өз тараптарымен баталасып, жаулыққа бекініп жатқанда, Байсал,Қаратай, Сүйіндіктер боп, Бөжей аулында, Саркөл үстінде серт байлау жасасты.

Ел-елдіңжайлаудағы өрісіне жеткен кезі емес. Әлі жаздың басы. Шыңғыстан жаңа ғана асыпқонысқаны осы еді.

Енді екі жагы датез-тез көшіп, Бақанас, Байқошқар, Қазбала, Жәнібек сияқты кең қоныстарға, алысөрістерге жіті жетіп алмақ. Ендігі жаз күпдері, барлық жайлау күндері,майдандасқан шептер мен жұлысқан топтардың куні, түні болатын сияқты түрі бар.

Жалпы Тобықтықауырт, асыға көшіп келеді. Жігіт атаулы сойыл шоқпарын сайлап, жаз мінетінаттарын жиі-жиі таң асырып, асыға жаратып жүр.

Қызу өсіп, күнсанап өрбіп келеді. Көршілес ауылдарда күн сайын тыныштығы кеткен мазасыз айқайдырду көбейіп, кәрі-жас та, қатын-қалаш та «кеп қалды!» «тиіп кетті», «алды,жұлды!» деген, суық хабарларды күтіп, елеңдеп ұйықтайтын болып еді.

Зеренің аулы осыдегбірсіздік, мазасыздық үстінде үдере көшіп отырып Бақанасқа жетті. Қонғаныкеше ғана еді. Маңында он ауыл емес, қазірде отыз-қырық ауыл оралып қапты.Ертеңді-кеш қалың жиып, қарулы азамат Ұлжан, Айғыз үйлерін күндіз-түні басыпжататын болды. Құнанбай Бақанасқа жеткенше осы аулынан кеткен жоқ. Топырдың бәріносында жиып, ұлықтық әмір бұйрықтарын да осы арадан атқарады. Барлық атшабар,старшын, билер де бүгіндер Бақанас бойында. Бұл атыраптағы отыз-қырық ауылтегіс, ендігі бір өзгеше жиынның ордасы сияқты боп алды. Сияз емес, сайлауемес, ас беріп, ат шаптырган емес не құдалық береке де жоқ. Сылтаусыз болса дажиын айықпайтын бір шоқы боп алды.

Абай әкесініңендігі сырын білмейді. Үлкен кісілер кеп, әке қасын қоршағаннан бері жәнеКәмшат өліп, үй ішін, аналар көңілін уайым басқаннан бері Абай әке қарекетінен,ендігі мақсұтынан шетірек қалған-ды.

Бақанасқа бұлауылдар жеткен күннің ертеңінде көршілес Жәнібекке, тезектің ҚарашоқысынаҚазбалаға Жігітек, Бөкенші, Көтібақ та жетсе керек еді. Бірақ әлденеден, оларкелмепті. Сұрастырғанда кейіндеп Ақтомар, Қаршығалы, Шақпақ тұстарында қапты дегенхабар келді. Егескенде, иін тіресе, таласа кешетін әдет болушы еді. Бастапқыекпін сондай-ақ еді. Не болды екен? Немене есеппен бұғып қалды екен?.. Осыныүлкенді-кішінің әрқайсысы: «Бұл қалай? Неліктен?» десіп сұрасып жүргенде түс кезіндеБақанас бойына бір езгеше хабар шұғыл кеп қалды.

Ызғұттыныңаулына түсіп, сусын ішіп аттанған Бөкеншінің үш жолаушысы айтыпты: «Бес күнненбері Бөжей науқас еді. Соңғы күнде сол науқастың беті бұзылған тәрізді. Бөжей өзішоши ма? Болмаса, сақтықта қорлық жоқ дей ме? Әйтеуір, кеше кешке бар жанкүйерағайынын шақырып, арыздасып жатыр дегенді есіттік» - депті.

Бұлжүргіншілердің сөзі ұшқары сөз емес, шын еді.

Бақанастың суықбетке әзірленіп жүрген елінің бүгін күні бойғы аузындағы сөзі осы болды. «Арыздасыпжатыр дейді! Байсал, Байдалы, Түсіптер жыласып арыздасыпты, дейді!»,«Науқасының бетінен ағайын шошиды дейді!», «Жазым боп кете ме қайтеді?»-деседі. Далада малшы атаулы бір-біріне кездессе, қосақ басында қатындаркездессе, ат үстінде азамат кездессе, ас үстінде үй іштері - абысын-ажынкүңкілдессе, тегіс сөйлейтін сөзі осы болды.

Осы күнніңертеңінде суық сыбыс анық боп, Бөжей қайтыс болды деген хабар да жетті. Өткентүні, ел жатар кезде жантәсілім қыпты.

Бұл хабардыЖұмабай ат үстінде естіп Ұлжан үйіне келгенде, ол үй таңертеңгі шайын ішіп отырекен. Үйде Құнанбай, Зере, Ұлжан бар. Балалардан Абай, Оспан, Тәкежан отыр еді.

Бөжейдің өлімінесіткенде үй іші тегіс аңтарылып, селт етті. Бірталай уақыт жым-жырт отырып, үнқата алмай қалған үлкендер, мынау тосын хабарды енді-енді, әркім әр түрдесезіне бастап еді.

Құнанбай қаттысұрланып алып, түрулі тұрған есіктен алыстағы көк адырға қадалып отырып, ернінжыбырлатты да, баяу ғана бата қылды.

Зере жалын атып,зор күйінішпен күрсініп қойып, кесек-кесек жас ыршытты.

Абайдың екі өкпесіаузына тығылғандай боп, тынысы бітіп, жүрегі қатты соғып кетті.

БақанастағыЫрғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті.Ағайын арасының ежелгі айнымас заңы бойынша, жаназаға шақырар деп еді.

Әншейіндеқаншалық қиян-кескі араз боп жүрсе де, «торқалы той, топырақты өлім» дегенгекелгенде, араздық ұмытыла тұратын. Әсіресе Бөжейдей кісінің өліміндежыласпаған, қойыспаған ағайын болу мүмкін емес. Құнанбай да, Зере, Ұлжан да осысәскеге дейін хабаршы келмегенін түсіне алмай, аса дағдарған еді.

Жаназаға деп саба,сойыс, үй қамдап, өз жолымен барудың жайын да шолақ-шолақ сөйлескен болатын. Бірақкешке шейін тосса да хабаршы келмеді. Сұмдық көрінсе де, көнбестеріне шара жоқ.Бөжейдің өліміне Құнанбайды шақырмапты. Әдейі алалап тастапты.

Бұл не Бөжейдіңөлердегі өсиетінен немесе артына ие боп отырған Байдалы, Байсал, Түсіптердіңмінезінен. Қайсысы болса да осал соққы емес. Кеудесіне араздықтың қаны қатқанағайын, енді міне, өлім екеш өлімімен де оқ атып кеткендей! Аталас жақын Олжайіші былай тұрсын, тіпті қалың Тобықты ішінде, алыс аталардың арасында да дәлмынадай алалау, кеудеге түрту болған емес.

Құнанбай қаттықиналып, ақыр аяғы ызаға кетті. Кешпес қатал ызаға кетті. Өліге шара жоқ.Әсіресе, исі Тобықтыдан бері істелмеген қатыбас, жат сұмдықты шығарып отырғанБайдалы, Байсалдарға кінәсі көп.

Бірақ соныменқатар енді бүгінге шейін келген әзірлік, жаулыққа, жұлысуға беттеген әзірлікөзгеретін, іркілетін болды. Оны Құнанбай анық түйді. Сондықтан Бақанастағыауылдардың басшы кісілеріне және Ұлжан үйіне:

- Жай,шаруаларыңды бағып, тек тыныш тұра беріңдер!- деді де, өзі Жұмабайды ертіп,Байқошқар суының басына кеп қонған Күнкенің аулына кетті.

Майдан болғалытұрған ауылдардың үстінде енді майдан болмайды деген сөз. «Аласапыран болар,әлек-алқын жазы болар» деген бұл жаз, енді, тіпті басқаша болатын тәрізденді. Қандайболар? Онысы анық мәлім емес. Бірақ қалайда мынандай өлім үстінде ат мініп,аспап асынып жұлқысу жоқ болатын шығар.

Жаназаға,Бөжейдің жаназасына шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі бопқалған еді. Бірақ істер шара жоқ. Кінәсіз екі мейірбан, жазықсыз екі жанБөжейге деген көз жастарын үйлерінде отырып төкті. Бөжейге арналған құрандарын,«тие берсінін» өз үйлерінде, өз балаларына, Абай мен Ғабитхандарға оқытты. Шелпектерінпісіртіп, дастарқандарын жайғызып, бір жеті бойында өз үйлерінде аза қылыпотырысты.

Бұл күндердеҚаршығалыдай кең қонысқа жайыла қонған Жігітек, Бөкенші, Көтібақ атаулыныңсансыз көп ауылдарының үсті қалың нөпір, қара нор еді.

Ол өлкегеБөжейді жоқтап, ертеңді-кеш, күндіз-түні «бауырымдап» аңыраған, аңдыздап, атқойып, ағылып кеп, төгіліп түсіп, жыласып жатқан әйел-еркек, жас-кәрінің ұшықиыры жоқ.

Алыс-жақындағыБөжейдің бастас, тілеулес ағайындары бөлек-бөлек, үлкен-үлкен үйлері менсойыстарын, сабаларын, күтуші еркек, әйелдерін түгел алып келіскен. Өлімдікүтудің ерекше бір көптен бері болмаған салтанаты туып еді.

Алыс жайлауға,Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете алмай қалды. Ең болмасаБөжейдің жетісіне шейін немесе, тіпті, қырқына шейін «жыласатын ағайынды»,«бата оқырды» осы кең қоныс - шалқарда тоспақ болды.

Бөжей өлгенкүннің ертеңінде Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік боп, ертемен байласқан байлауосы еді. Сол жаңағы адамдарға бейім ауыл-аймақтар тегіс бір-ақ күн ішінде осыҚаршығалыға кеп Бөжейдің ауылдарын айнала қоршап, ортаға алып қонысқан-ды.

Бөжей ұзақауырған жоқ. Жиыны бір-ақ жұма ауырды. Бірақ қатты жығылған бетінен бері қарайалмады. Алғаш төсек тартып жатысымен-ақ денесін жер тарта бергендей болды да,бетін суыққа салды. Науқасының үшінші күнінде тыныштық, тақат таба алмай,тынысы бітіп, жанталасып, өне бойы оттай күйіп жатты.

Өлімді көпкөрген Байсал Бөжейдің тамырын ұстап, үнсіз, ауыр күдіктің үстінде отыр еді. ҚастарындаБайдалы, Түсіп, Сүйіндіктер бар болатын.

Азғанадостарынан басқа бөтен жан жоқ. Бөжей осы сәтте айтып қалғысы келді ме?Әйтеуір, бір орайда Байсал отырып:

- Науқасы соқпағой! Соқпаның осындай қатқыл келетіні болушы еді, со ғой! Бір тер шықса, қалыңтер шықса, айығар еді! Буып тұрған тер ғой!- дегенде, Бөжей қабағын түйіп,тістеніп, бар қайратын жинап алғандай болды.

Қаны қашқан,сарғылт, жүдеу жүзіне көкшіл таңбадай ашу келді. Әр сөзін бөліп, бірде қатты,бірде сыбырымен айтып, қылғынып, демігіп отырып:

- Соқпа! Сырттыңсоқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасы ма? Әйтеуір... келді ғой толайым. Құнанбайдың жері кеңір!.. Мен... мен көшермінбұл дүниеден!.. Кетермін! Бөгет болмай кетермін!.. Бірақ... күндерің не болар?-деді.

Мынау отырған төртдосының ішінде сыр беріп жылаған - жалғыз Сүйіндік. Анау үшеуі үн қатқан жоқ.Тастай түйіліп сазарысты да, жым-жырт қалды.

Бөжейдің арыздасқаныда, тіл қатып сөйлегені де сол. Осыдан кейін бір жанға бір ауыз сөз айтқан жоқ.Арада тағы төрт күн еткен соң қайтыс болған.

Құнанбайға хабарбергізбеген Байдалы мен Байсал. Ел жатар кезде Бөжейдің тынысы бітті де, түнортасына дейін естерінен айрылғандай боп, барлық қатын-қалаш, бала-шағаменбірге жаңағы үлкендер де өкіріп, өксіп жыласып отырды. Байсал бір рет қалыңжиын жылап кеп, жағалай

көріскен кезде,түрегеп тұрған қалпынан тәлтіректеп, жығылып та кетті. Сүйеніп тұрған таяқ татіреу болмады. Талып кеткен уақты еді. Осыны керген соң Байдалы Түсіп пенСүйіндікті ертіп, Байсалды жиыннан, жылаған шудан оңаша алып шығып, оқшау барыпотырып:

- Жылағанменжақсы Бөжей қайта ма? Тірілер болса, күңіреңген дүние, төгілген жас аз ба? Әнеки,-деді. Түн аспанын қақ жара шулап, боздап, зарлап жатқан қыз-қатын, ер-азаматжаққа қол нұсқады.

Жалын атып, аһұрып, күрсініп алып:

- Есті жи,Байсал! Белді бекем бу, түге!- деп өзгелерге де әмір, бұйрық сияқты сөзтастап,- ақыл қосыңдар одан да! Хабаршы жөнелтейік. Қамға кірісейік!- деді.

Қалған жайбәріне де мәлім еді.

Бұл үлкендер осытүнде қырық-елудей жігіт-желеңді және бірер ақылшы кәріні қастарына алып,өліктің артын күтетін қамға кірісті.

Хабарды кімгеберіп, кімге бермеуді Байдалы өзі атаған. Сол ретте Құнанбай ауылдарын қатарданәдейі шығартып тастаған-ды.

Отыз-қырықкісідей шапқыншы түн ортасы ауа бергенде, қос-қос атпен әзір болды. Жарау атайғырды мініп, қалың Тобықтымен көршілес Керейдің, Матайдың, сонау, тіпті Қарқаралыжағындағы Шор мен Бошанның басты-басты жерлеріне де жат, суық хабарды алып,шашырай шауып жөнелген-ді.

Түн бойы ұйықтамағанБайдалылар күн шыға бергенде, Бөжейдің өз үйінің жанына, осы өлкедегі ең үлкенүй Сүйіндіктің сегіз қанат аппақ үйін әкеліп тіккізген. Үй тігіліп болысымен,ішіне бөтен жасау-жабдық кіргізбей, тек есіктен төрге дейін кілем ғанажайғызды. Оң жаққа үлкен сүйек төсек кіргізді. Үстін көмкерумен қара кілемментегістеп болып, сол төсекке Бөжейдің сүйегін әкеп салғызды. Жаназасыншығарғанша өлік осында болмақ.

Бөжейдің өлігінөз үйінен шығарып, мынау үйге әкеп қою қаралы қатындар мен Бөжей қыздарыныңзарлауын қатты үдетіп еді. Байдалы сүйекті орналастырып болысымен, сол өлікүстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті.

Бұл жұмысөліктің артын күтудің үлкен бір серті еді. Қара дегені - ұзын найзаның басынатігілген ту. Егер Бөжей жай қара қазақ емес, төреден шыққан болса, солтөрелердің өзді-өз тұқымының туларын тігер еді. Ақ тулы, көк тулы, ала тулыдеген төрелердің тұқым-тұқымы, жік-жігі осындайда көрінетін. Ал, қарадан кісіөлсе тудың түсі өліктің жасына қарай болады. Ол жөндерге келгенде Байдалыескіге жүйрік Сүйіндікпен ғана ақылдасты.

Сүйіндік жаскісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі өлсе, ақ болатынын айтып келді де,«Бөжейдей орта жасты кісінің қаралы туы - бір жағы ақ, бір жағы қызыл болукерек» дегенді айтқан. Жаңағы Байдалы әкеп тіккен ту - қара дегені осы еді.

Бөжей өлгенкүннің ертеңінде тігілген осы қара Бөжейдің өлімі өзге өлімнен ерекшекүтілетінін жариялады. Соның шарты - Бөжейге ас беріледі, жыл бойы арты қаттыкүтіледі деген болатын. Қара тіккен Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына асберем деген ырымын жасады. Бұл әдеттің екінші бір белгісі тағы бар. Байдалықараны тігіп, барлық жиылып тұрған жанкүйер жақындармен бата қылған кезде, солүйдің екі жақ босағасына екі ат жетектеліп келді. Бірі - доға жал семіз күреңат. Екіншісі - дом боп жарап қалған, сартап болған сұлу қара көк ат. Күрең ат  - Бөжейдің қыс мінетін аты. Қара көкті - осыжаз басынан байлап жүр еді.

Бөжейдейазаматтарының ыстық көзіндей болған екі серік аты келгенде барлық үлкендердіңөздері де еңіреп-еңіреп жіберісті. Біреулер таяғына сүйеніп, бірнеше кәрілержер тіреп жыласып:

- Арысым-ай,арыстаным, бауырым-ай!- десіп, күңіреніп еді.

Өзгеден бұрынбойын жиып алған тағы Байдалы болды. Ол әуелі оң жақ босағада тұрған күрең атқакеп:

- Жануар-ай, иеңкетіп, тұл қалдың ғой сен бейбақ!- деп, жақындап келді де күрең аттың кекіліншорт кесті. Содан құйрығынан алып, уыстап тұрып, дәл тірсегінен жоғары келтіре,қалың құйрығын да борт-борт кесіп алды.

Қара көк атқа дасоны істеп, тұлдаған екі атты барлық осы өңірдің өзге жылқысынан бөлек түскекіргізіп қоя берді. Қара тіккен жерде ас берудің серті айтылды. Мынау тұлданғанекі ат келесі жылға шейін мінілмейді. Қол тимей семіріп барып, жыл асқан соңиесінің асына сойылады.

Байдалы екіаттың артынан қарап тұрып:

- Қара көктіңжал-құйрығы қара ғой. Қаралы ат осы болсын. Көшкенде ерімнің қаралы ер-тұрманыосыған ерттелсін, тұлдаған киімдері осы жануарға жабылсын!- деді. Бұл сөзібайлау еді.

Осыдан соңБайдалы бастаған үлкендер қастарына Қаршығалыдағы барлық басты ру, байауылдарының мал иелерін алып отырып, Бөжейдің жаназасына, підиясына байлайтынмал-мүліктің әңгімесіне кірісті.

«Өлім - бардыңмалын шашар, жоқтың артын ашар», Бөжей бай болмасын, бірақ жоқ емес. Әсіресеағайын тұрғанда, мынандай шебі бүтін тұқымы тұрғанда, неге жоқ болады? Тірідетілеуі бір туысқан өлісінде неге ұмытады? Бет топырағы жасырынбай тұрып қайтіпұмытады?

Осыны айтыспасада ойламаған ағайын жоқ.

Сондықтан оларБөжейдің өз үйіне салмақ түсірген жоқ. Керек десе бір лақты да өзіненшығартпасқа бекісті. Ертең бата оқыры, қонақасысы аз болмайды. Қара тіккен үй,әсіресе өткен-кеткеннің бәрін шақырып тұратын үй болмақ. Шаршаған мен шалдыққанболсын, аш-арық болсын, алыс-жақынның бөгде жүргіншісі болсын, баршасы да бұлбір жылдың бойында, ылғи ғана Бөжейдің үйіне түсетін болады. Солардың тие берсіні,тілек батасы Бөжейге сауап. «Өлгендердің артын күту, аруағын күту сол сауабынойлауда» деп, молда, қожа көп өсиеттеген сөздерді де Байдалылар еске алды.

Сонымен Бөжейдіңөз үйінің шығыны әлі алда жатыр. Ол санаусыз көп. Ендеше мынадай қауыртшығасыны ол үйдің өзіне салмай, бөліп әкету шарт.

Жиылған ағайынынтымағы сараңдыққа бой ұрмады. Бұл өлкеде талайдан болмаған бай підия және деосы Бөжейдікі болатын болды.

БастығыСүйіндік, Байсалдар болып: «Азаға салғаным», «қосқаным», «аруағына арнағаным»деп шеттерінен қос ат, інген, жамбы, тай тұяқ, қой тұяқ сияқты бұйымдар атасты.Сөйтіп, кеңес аяғында підиясының өзі талай тоғыз болып саналды. Бас тоғызытүйе, екінші тоғызы жылқы, аяғы қой, ешкі тоғыздары және ішік-кілем сияқтытоғыздар еді.

Осы таңертеңде,дәл осы кеңесте, мынау қара тіккен ақ үйге бұдан былай мол жасау, қаралы сәндіжасау жиюдың жайы да байланды.

Сүйіндік,Байсал, Байдалы бар-бәрінің үйлерінде, тең, сандықтарында жатқан қаралы қалыкілем, қымбат ішік, өзгеше тон, тұскиіз сияқты асыл бұйымдар тегіс осы үйгеәкеліп жиылмақ. Түске жақын ақ үйдің ішіне әзірше жасау қып ілмесе де, ертеңөлік шыққан соң ілетін боп барлық септің жасауларын да әкелісіп қойысты.

Бұл кездеБөжейдің өз үйінің ішінде қара сұр бәйбіше шаршысын шорт байлаған. Қара шашынтарқатып, екі иініне жайып салған. Қан-сөлден айрылып, сұрланып талған жүзіндекөк тамырлары білінеді. Екі бетінің ұштары жылап жыртқан тырнақтың табынсақтап, жарадар

Бөжейдің екіқызы да бастарындағы бөркін тастап, қара салыны шорт байласып алыпты. Бұларәкелері өлісімен, қайғылы, шерлі, бір ұзақ жоқтаудың сарынын тапқан екен. Бүгінтаңертеңнен бері жаназашыларға көріскенде сол жоқтауларын айтумен отыр.

Барлық Шыңғыссыртындағы ұшы-қиыры жоқ, ен өлке, кең сала, мол жайлау, құйқалы адыр, қалыңтаулардан жұрт ағылды. Аңыраған ел жер қайысқан қалың топыр боп кеп, бірнешекүн жыласып, аза салып болды да, ақыры Бөжейдің жаназасын шығарды. Сүйегін бұл жайлауғақоймай, Шыңғысты қайта асырып, қыстауының үстіне апарып, Тоқпамбетке қойды. Бөжейдейжұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды.

Автор: 

Мұхтар Әуезов



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу