Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Сабақтың тақырыбы

Ұрпақтар көзқарасының арасындағы алшақтық неден туындауы мүмкін?

Оқыту мақсаттары

 

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Сабақтың мақсаты

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды

 Бағалау критерийлері

  • Әдеби-көркем шығарманың (мәтін) идеялық мазмұнын түсінеді;
  • Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін айқындайды;
  • уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды;
  • Түрлі жағдаяттарға сай өз ойын креативті айтады;
  • Өз ойын еркін және сенімді жеткізеді;
  • Тілдік құралдар мен көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады..

 Тілдік дағдылар

Жылулық, өнеге, тәрбие көзі, парасаттылық, даналық

 Құндылықтарды дарыту

  • Құрметтеу: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
  • Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, қоғам

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Бастапқы білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі ЖЖ

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін талқылайды.

  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді.

https://www.youtube.com/watch?v=5Moz5pwolcE

Сабақтың ортасы

5 мин

 

 

15 мин

15 мин

Мағынаны тану.

  • тапсырма. ТМ. Әуезовтің «Абай жолы» романының «Шытырманда» тарауына талдау жасаңыздар.
  • Авторы – М. Әуезов – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңғар биігі, академик – ғалым, ұлы драматург, көрнекті аудармашы, атақты ұстаз – тәлімгер, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың иегері, классик жазушы.

2. Тақырып – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі жазушының суреттейін деп отырған ойының негізгі арқауы.

3.«Шытырманда» тарауының тақырыбы – бірнеше.Біріншісі – Абайдың кітап оқуға құмарлығы, көп білуге деген құлшынысы.Екіншісі – әке тапсырмасымен ел басқару, дау шешу жұмыстарына араласуы.Үшіншісі – алғашқы рет тұтанған махаббат оты, ғашықтық сезім.4. Әдеби жанр. Эпос – бұл өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып, жан - жақты танытатын күрделі жанр.5. Эпикалық жанр түрі:Кең көлемді эпикалық түр.Роман – ойдан өрбітіп баяндалған тарихи дәуір ұғымын білдіреді.Романның көлемі үлкен, мазмұны қат – қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі.6. Шығарманың негізгі идеясы – тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелеп, сол арқылы өз мақсат, мүдделі арманын білдіру. «Шытырманда» тарауының негізгі идеясы – Абайдың Шығыс поэзиясын оқуға, ел ішіндегі тарихи, аңыз әңгімелерді құмартып тыңдаудағы талпынысын жеткізу.

Әке тапсырмасын орындаудағы аса ұқыптылығы мен жауапкершілігі, өзінің күннен – күнге толысып, өсіп (рухани жағынан) келе жатқандығын таныту.

Тоғжанға деген алғашқы табиғи сезімінің шынайылығын, бар жанымен құлай табынған сұлулықтың жас жүрегіне шоқ салғанын оқырманға Абайша сезіндіру.7. Шығарманың композициялық құрылысы – сюжеттік дамудың кезең – кезеңдерін тәртіпке салып реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын ой бірлігі. Шығарманың композициялық бөлімі бес кезеңнен тұрады. «Шытырманда» тарауы – көлемді – көлемді үш бөлімнен тұрады.

І бөлім «Кітап әлемінде»Абайды қызықтырған Шығыстың хикая – дастандары.Абай да, әжесі де әңгіме айтудың хас шебері.Әке тапсырмасы.Жұмбақ сезім.

ІІ бөлім. «Есейген Абай»Күңкенің үйіндегі жиынБайдалы мен Құнанбай арасындағы қырғи қабақтық қатынас.Абайдың кісілік келбеті

ІІІ бөлім. «Баталы іс»Ән қанатындаАнасының ұзақ әңгімесіБөжей асы мен жер дауыЕкі түн, бір күнгі тәтті ұйқы.

6. 1. Сюжеттің басталуы – әңгіменің кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым - қатынасқа көшпес бұрынғы хал - жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар суреттеледі.

І бөлім. Абайдың Шығыстың хикая - дастандарын оқуға құмарлығынан басталады.ІІ бөлім. Ел аралап, жер танып, адам танып есейіп қалған Абай Күңкенің үйіндегі игі жақсылар бас қосқан үлкен жиынның үстінен түсуінен басталады.ІІІ бөлім. Қарқаралыдан ешкім естімеген бірнеше жаңа әндерді Абайдың орындауынан басталады.

6. 2. Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартылыстың басталуы іспетті шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.І бөлім. Абайдың әке әмірімен Құлыншаққа байланысты тапсырманы орындауы;ІІ бөлім. Абайдың әкесінен, әжесі мен шешесінен сұрануы;ІІІ бөлім. Анасының ел арасындағы қым - қуыт әңгімелерін естуі, ұзақ ойға кетуі.

6. 3. Шиеленісуі – оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп, ширығуы.1 бөлім. Абай әкесі Құнанбайдың әмірімен Қарабас екеуі Сүйіндік ауылына жер дауына байланысты аттанады.ІІ бөлім. Абай тағы да әкесінің әмірімен Қарабас екеуі Байдалы қыстауына барады.ІІІ бөлім. Абай Байдалының жауабы мен жуан, төрелер арасындағы бітпес дауды салмақты да, салиқалы түрде шешеді.

6. 4. Шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл – әрекеттің күшейіп өрбіп жеткен жері, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.І бөлім. Абай Сүйіндіктің қызы Тоғжанға ғашық болады.

2-тапсырма. Т/Ж

Мұғалім оқушыларға «Шытырманда » тарауынан алынған үзіндіні «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы мәліметтер жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кесте толтырады.

1.Пікір

Оқыған үзінді бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2.Дәлел

Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3.Мысал

Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4.Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

3-тапсырма.Т/Ж «Шытырманда» бөлімін уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

Кері байланыс:

  • Әдеби-көркем шығарманың (мәтін) идеялық мазмұнын түсінеді;
  • Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін айқындайды;
  • уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

http://www.infoportal.kz/ru/content/abay-zholy-1-shytyrmandaроманы

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

  • Бәрінен бұрын нені түсіндіруге қиын болды?
  • Сабақта алған білімді басқа пәндерде немесе мектептен тыс қалай қолдана аласың?
  • Қалай мен бүгін алған білімді есте сақтаймын?
  • Сөздік қорым жеткіліксіз, сондықтан мен осы мәселені шешу үшін не істеуім керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу