Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 13 сабақ.


Ғасырлық туынды

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу мақсаты:

11.3.3.1 шығарманы идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаты:

Шығарамадағы автор идеясын көркемдік құндылық тұрғысынан жанжақты талдап, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері:

Шығарма идеясын анықтайды

Көркемдік құндылық тұрғысынан талдайды

Өзіндік ойын білдіреді

Әдеби эссе жазады

Құрылымын сақтайды

Сауатты жазады.

Қызығушылығын арттыру:

«Абай жолы» романын тарихи шығарма деуге негіз бар ма?

•«Абай жолы» роман-эпопеясын неліктен «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы» (Қ.Сәтбаев) деп бағалады?

Топтық жұмыс:

Әр топ сұрақтарды суырып, эссе туралы қысқаша ойарын ортаға салады, еске түсіреді.

- Эссе құрылымы

- Кіріспені қалай жазу керек?

- Тезистік ой деген не?

- Негізгі бөлімде не жазылады?

- Жақсы эссе болу үшін не қажет?

Эссе құрылымы.

Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікіроқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікірэсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

Негізгі бөлім бір немесе бірнеше абзацадан тұрады. Әр абзацада бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.

Жеке жұмыс:

Оқушылараға 2 тақырып ұсынылады. Әркім өз қалауы бойынша тақырыпты таңдап, шағын эссе жазады.

1. Жазушы Мұхтар Әуезовтың өз шығармасы туралы «Абай жатқан дария, мен одан шөміштеп алдым»- деп айтуында қандай ой жатыр?

2. Шығармадағы салтдәстүрлер қаймағы бұзылмаған қазақ халқының шынайы бейнесін суреттейді.

Бағалау, кері байланыс:

«Сен маған, мен саған» қарама – қарсы отырған жұптар өз жұмыстарын алмастырып алып оқып, критерийлер арқылы бағалайды, сындарлы кері байланыс береді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу