Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 13 сабақ.


Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1 Қатысқандар саны:

Уақыты: 40 минут Қатыспағандар саны:

Бөлім/ Сабақ тақырыбы:

Ғасырлық туынды

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

оқу мақсаты

11.3.3.1 шығарманы идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаты:

Шығарамадағы автор идеясын көркемдік құндылық тұрғысынан жан – жақты талдап, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма идеясын анықтайды
  • Көркемдік құндылық тұрғысынан талдайды
  • Өзіндік ойын білдіреді
  • Әдеби эссе жазады
  • Құрылымын сақтайды
  • Сауатты жазады.

Құндылықтарды дарыту

- құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: құндылық, көркем образ, маңыздылық, тарихи шындық, бейне, заман талабы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

Өзін – өзі тану, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Өткен тақырыптарға шолу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1.Оқушыларды қарсы алу. Сабақтың тақырып, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу

Cлайд

Сабақтың ортасы

5+5 минут

3 минут

20 минут

3 минут

Қызығушылығын арттыру:

Жазылымға дайындық.

Оқушыларға талқылауға сұрақтар ұсынылады. Оқушылар шағын топтарға бірігіп, ұсынылған сұрақтарды, тұжырымдарды «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы талқылайды.

Ұсынуға болатын сұрақтарға мысал:

  • «Абай жолы» романын тарихи шығарма деуге негіз бар ма?
  • «Абай жолы» роман-эпопеясын неліктен «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы» (Қ.Сәтбаев) деп бағалады?

Топтық жұмыс:

Әр топ сұрақтарды суырып, эссе туралы қысқаша ойарын ортаға салады, еске түсіреді.

  • Эссе құрылымы
  • Кіріспені қалай жазу керек?
  • Тезистік ой деген не?
  • Негізгі бөлімде не жазылады?
  • Жақсы эссе болу үшін не қажет?

Эссе құрылымы.

Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацадан тұрады. Әр абзацада бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.

Жеке жұмыс:

Оқушылараға 2 тақырып ұсынылады. Әркім өз қалауы бойынша тақырыпты таңдап, шағын әдеби эссе жазады. Сөз көлемі 150-180 сөз.

  • Жазушы Мұхтар Әуезовтың өз шығармасы туралы «Абай жатқан дария, мен одан шөміштеп алдым»- деп айтуында қандай ой жатыр?
  • Шығармадағы салт – дәстүрлер қаймағы бұзылмаған қазақ халқының шынайы бейнесін суреттейді.

Бағалау, кері байланыс: «Сен маған, мен саған» қарама – қарсы отырған жұптар өз жұмыстарын алмастырып алып оқып, критерийлер арқылы бағалайды, сындарлы кері байланыс береді.

https://infourok.ru/aza-tilinen-prezentaciya-debi-esse-2501702.html

https://umckrg.gov.kz/files/loader/1496048292342.pdf

Сабақтың соңы:

2 мин

Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу