Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы . Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : №3І нұсқа)

Мектеп:

Күні : 2020 ж.

Мұғалім: Нурмуханова А.Е.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Еңісте», «Оқапта», «Асуда» тараулары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақ мақсаты:

«Абай жолы» роман-эпопеясын мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийі:

Шығарманың идеясын анықтайды.

Шығарманың идеясына сыни шолу жазады.

Дескрипторлар:

Шығарманың идеясына баға береді.

Шығармадағы тарихи фактілерді көрсетеді.

Шығарманың рухани құндылығына баға береді.

Шығарманың эстетикалық құндылығына баға береді.

Шығарманың қазақ халқына маңыздылығын түсіндіреді.

Мақала құрылымы сақталған.

Ғылыми стильде жазылған.

Сөз саны сақталған. (250-280 сөз)

Құндылықтарды игерту:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Дала, отан тақырыбы негізінде Қазақстан тарихы және қазақ тілі пәндерінде алған білімдерін оқушылар еркін қолдана алады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, ноутбуктер

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Келіс, уез, начальник, рубасы, болыс, достық, тарихи шындық, заман, қоғам.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар өткен тарауларды еске түсіре отырып, тақырыппен байланысты тарауларды анықтайды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту. Оқушылар суретке және пікірге қарап, тақырыпты болжайды. Ой шақыру сұрақтарына жауап береді.

«Кез келген ғалым, кез келген этнограф, кез келген жазушы, зерттеуші М.Әуезовтің «Абай жолынан» аттап өте алмайды. Құс салып, саят құру, қыз ұзатылу, ас беру, өлік жөнелту сияқты көріністер тарауларда суреттеледі. Билер айтысы мен билікті шешкен қазақылық картиналардың әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық еңбекпен тең»

Қ.Сәтбаев

Тапсырма: сурет пен пікірге қарап тақырыпты болжаңыз. СЖ.

Ой шақыру сұрақтары:

  • Қ.И.Сәтбаевтың айтқысы келген ойы қандай?
  • «Абай жолы» қазақ халқы үшін несімен құнды?
  • Шығармада қандай тарихи фактілер кездеседі?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен жұмыс алгоритмімен таныстыру.

Интербелсенді тақта, тақтадағы сурет

Сабақтың ортасы

25 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі. Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясына сыни шолу жазады.

Тапсырма: Ғалым, геолог – Қ.Сәтбаевтың пікірін негізге ала отырып, «Абай жолы» роман-эпопеясы мен жазушы стиліне сыни шолу жазыңыз. Мақалаңызда шығармадан дәлел келтіріңіз.

Дескриптор:

Шығарманың идеясына баға береді.

Шығармадағы тарихи фактілерді көрсетеді.

Шығарманың рухани құндылығына баға береді.

Шығарманың эстетикалық құндылығына баға береді.

Шығарманың қазақ халқына маңыздылығын түсіндіреді.

Мақала құрылымы сақталған.

Ғылыми стильде жазылған.

Сөз саны сақталған. (250-280 сөз)

Бағалау. Оқушылар жұпта жұмыстарымен алмасады. Дескриптор бойынша бір-бірін тексеріп, пікір жазады.

«Автор орындығы». Топта анықталған үздік жұмыс, басқа топтарға оқылады, сынып арасынан үздік жұмыс анықталып, оқылады.

Интербелсенді тақта

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия

1.Сәтті шыққаны ....

2.Келесі қадамда нені ескеру керек?

Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.

Интербелсенді тақта

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу