Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал.
Сұрақ:
- Көркем әдебиеттегі типтік бейне және даралау дегенді қалай түсінесіздер?
- Эпикалық образ дегеніміз не?
Қосымша оқып түсіну үшін ұсынылатын деректер: Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады. Әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау (обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады. Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілі әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар, кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, қимылын бақылауға болатын, өскен ортасын күллі ой-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Эпикалық образ – бедерлі бейне, әрі нақты, әрі қатты тұлға. Эпикалық образдың үлгісі ретінде Абайдай дананы дүниеге әкеліп, тәлім берген Құнанбайды атауға болады. |
Тапсырма оқушының білу және түсіну деңгейін тексеру үшін ұсынылады.
1-2-топ «Қайтқанда» бөлімі
№ | Басты оқиғалар | Кейіпкерлер |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 |
3-4-топ «Қат-қабатта» бөлімі
№ | Басты оқиғалар | Кейіпкерлер |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 |
5-6-топ «Жолда» бөлімі
№ | Басты оқиғалар | Кейіпкерлер |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 |
Ықтимал жауаптар
«Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда», тарауы бойынша басты оқиғаларды атап көрсетіңіз. (Кемінде 5-6 оқиға болу керек)
№ | Басты оқиғалар |
1 | Бала шәкірт Абайдың қаладағы оқудан елге оралуы. |
2 | Әкелер арасындағы алғашқы мәжіліс. |
3 | Қодар мен Қамқа өлімі. |
4 | Абайдың ауырып қалуы. |
5 | Ақын Барлас пен Байкөкшенің Ұлжан мен Зереде қонақта болуы, Абайдың айығуы. |
6 | Абайдың өнерге қызығушылығы. Ұлжан ананың ақын қонақтарды сый-сияпатпен аттандыруы. |
Тапсырма оқушының білу және түсіну деңгейін тексеру үшін ұсынылады.
Кейіпкер сипатын 2-3 сөзбен немесе 1-2 сөйлеммен жазыңыз
ЖЖ
Шығармадағы кейіпкер іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі | Қай кейіпкер сөзі мен әрекеті және сипаты? |
Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. | |
-Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жатады... - деді. | |
- Қап, мынаның баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! Қой, не де болса қалмайық енді. | |
- Мас көзіңді, мас! – деп, әзірейілдей төніп келе жатқан бірдеме. Әдейі танытпайын деп, бет-аузын таңып алыпты. ... тақымындағы шоқпарына жабысты. Шоқпарды да тартып алды. | |
«Әй, анау да көк желкеден ұрады-ау!» | |
- Өй , балам, мына жер жау жатағы. Бұл ұрының ойнағына кеп алып, жаман ырым бастағаның не қылғаның? - деді. | |
- Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді. | |
-Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! –деді. | |
Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. | |
-Шүкір әке, - деп біраз тұрды да: ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым. | |
-Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты! – дей беріп еді... | |
-Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!-деп мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. | |
- Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді. | |
-Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? – деді. | |
-Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі ме десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың немене?- деді. | |
-Одан да , не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! - деді. | |
-«Құдай ау , бұл қорлықты көрсеткенше, қыз ғып неге жаратпадың!..» ... | |
- Бақа, бақа салып жібердім көйлегіңе, - деп.... | |
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша . Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген ............ осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді. | |
| |
Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек! – деп .................. байлауын айтты. | |
Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің! |
«Қайтқанда» тарауы бойынша іс-әрекет пен сөйленген сөздің қай кейіпкерге тән екенін табуға және кейіпкердің содан аңғарылатын күй-жайын, сипатын ажыратуға байланысты тапсырмалар мен ықтимал жауаптар. ( Кейіпкер сипатын 2-3 сөзбен немесе 1-2 сөйлеммен жазыңыз)
(Мұғалім осы тапсырманы сәйкестендіру тестісі түрінде өңдеп ұсына алады)
Шығармадағы кейіпкер іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі | Қай кейіпкердің сөзі мен әрекеті? |
Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. | Абай |
| Байтастар |
- Қап, мынаның баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! Қой, не де болса қалмайық енді. | Жұмабай |
- Мас көзіңді, мас! – деп, әзірейілдей төніп келе жатқан бірдеме. Әдейі танытпайын деп, бет-аузын таңып алыпты. ... тақымындағы шоқпарына жабысты. Шоқпарды да тартып алды. | Абай |
«Әй, анау да көк желкеден ұрады-ау!» | Жорға Жұмабай |
- Өй , балам, мына жер жау жатағы. Бұл ұрының ойнағына кеп алып, жаман ырым бастағаның не қылғаның? - деді. | Жұмабай |
- Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді. | Абай |
-Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! –деді. | Ұлжан |
Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. | Құнанбай |
-Шүкір әке, - деп біраз тұрды да: ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым. | Абай |
-Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты! – дей беріп еді... | Майбасар |
-Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!-деп мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. | Жеңгесі Қалиқа |
- Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді. | Айғыз |
-Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? – деді. | Абай |
-Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі ме десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың немене?- деді. | Ұлжан |
-Одан да , не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! - деді. | Құнанбай |
-«Құдай ау , бұл қорлықты көрсеткенше, қыз ғып неге жаратпадың!..» ... | Абай |
- Бақа, бақа салып жібердім көйлегіңе, - деп.... | Оспан |
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша . Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген ............ осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді. | Құнанбай |
| Құнанбай |
Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек! – деп .................. байлауын айтты. | Құнанбай |
Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің! | Қодар |
Шығармадағы кейіпкер іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі | Қай кейіпкердің сөзі немесе әрекеті? | Кейіпкердің қандай сипаты танылады? |
Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. | Абай | Бала шәкірт Абай ауылға жетуге асығып, туған елін, туыстарын сағынғанынан жүрегі өрекпіп, бел шешпестен дамыл таппай келе жатыр. |
| Байтастар | Байтас пен Жұмабайдың сақтығы. Қорқыта, шошыта отырып, асықпай, өздерімен бірге жүруін тілеу. |
- Қап, мынаның баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! Қой, не де болса қалмайық енді. | Жұмабай | Бөрі - қасқырдың екінші, қосымша аты. Бөлтірік – қасқырдың қарақұлақтанып қалған күшігі. Бөрі сөзі арқылы Құнанбайдың бейнесін қайсар, қайратты ер екенін танытып отырса, бөлтірік сөзі арқылы Құнанбайдың баласы Абайдың осал еместігін, әкесіне тартқан айбаттылығы мен айбындылығын байқатады. |
- Мас көзіңді, мас! – деп, әзірейілдей төніп келе жатқан бірдеме. Әдейі танытпайын деп, бет-аузын таңып алыпты. ... тақымындағы шоқпарына жабысты. Шоқпарды да тартып алды. | Абай | Тапқыр, қушыкеш, әзілқой және жіті, шапшаң қимылдайтын епті, сонымен қатар қарулы. |
«Әй, анау да көк желкеден ұрады-ау!» | Жорға Жұмабай | Қорғалақтау, жасқаншақтау, күдіктену. |
- Өй , балам, мына жер жау жатағы. Бұл ұрының ойнағына кеп алып, жаман ырым бастағаның не қылғаның? - деді. | Жұмабай | Тіксіну, баладан қорыққанына ұялу. Өзінің осалдығын жуып-шаю. |
- Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді. | Абай | Үлкендердің әкесіне шағымданатынын алдын ала ескеріп, сақтық жасауы әрі кішіпейілділік танытуы. |
-Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! –деді. | Ұлжан | Ұлжан ана асқан сабырлы да байсалды жан. Ерінің орнын жоғары бағалайды. Баланы әкені сыйлауға тәрбиелеу әрі Құнанбайдың отбасындағы басымдығы мен беделділігі танылады. |
Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. | Құнанбай | Әке балаға сыншы әрі баланы ересектерше салмақты болуға бағыттау және ширату байқалады. |
-Шүкір әке, - деп біраз тұрды да: ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым. | Абай | Салмақты, алды –артын ойлай бастаған ересектік пен байыптылық байқалады.Әке қабағын бағып өскен бала екені танылады. Абайдың есейіп қалғанын, зиындылығ танимыз. |
-Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты! – дей беріп еді... | Майбасар | Абайдың жөн-жосықты білетіндігін, естиярлығын ересек адамдардай көшелі деп бағалайды. |
-Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!-деп мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. | Жеңгесі Қалиқа | Абай екі ананың (Ұлжан мен Айғыз) ортасында тел өскендіктен, «Телғара» атанған. Абайдың бойының таралып, ұзарып өскенін жеңгесі «соқталдай азамат бопсың» деуінен байқаймыз. |
- Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді. | Айғыз | Айғыз ананың өзгелерден ерекшелігі, паңдығы мен тәкаппарлығы байқалады. |
-Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? – деді. | Абай | Кәрі әжесін кәрілікке қимауы, көңілін алдарқатуы , көңілін аулауы және жанашырлық танытуы байқалады. |
-Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі ме десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың немене?- деді. | Ұлжан | Ұлжан - сыншы ана. Төркіні ақынжанды, әзілқой, табанда тауып сөйлейтін тапқырлық қасиетке ие жандар. Абайдың тапқырлығы мен қуыкештігін, алғырлығын нағашыларына ұқсатады. Жазушы Абайдың ақындық өнерінің шығу тегін, алған бастауын меңзейді. |
-Одан да , не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! - деді. | Құнанбай | Абайды Құнанбайдың бағалауынан байқампаздығын, аңғарымпаздығын, сындарлы сыншылдығын, танығыштығын және әкенің осы баласына зор үміт артып отырғанын байқаймыз. |
-«Құдай ау , бұл қорлықты көрсеткенше, қыз ғып неге жаратпадың!..» ... | Абай | Сүндетке отырғызғанда Абайдың айтқан сөзі. |
- Бақа, бақа салып жібердім көйлегіңе, - деп.... | Оспан | Оспан - Абайдың сүйікті інісі. Ол оспадар, тентек, ұрыншақ , әкені де тыңдамайтын сотқар ойын баласы. |
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша . Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген ............ осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді. | Құнанбай | Құнанбайдың тесіле, сыздана қарауынан , кірпігін де сирек қағуынан ешкімнен қаймықпайтын зілі күшті, бірбеткейлік пен тік мінезділігі байқалса, шалқия отырып сөйлеуінен өз ісіне деген зор сенімділік байқалады. |
| Құнанбай | Құнанбай - ел басқарып отырған адам, аға сұлтан. Ел ұяты мен ел жүгін көтеріп жүрген адам ретінде тіл қата отырып, өзгелерді ортақ етуді көздейді. |
Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек! – деп .................. байлауын айтты. | Құнанбай | Құнанбайдың кесімі, шешімі |
Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің! | Қодар | Өр мінезді, қайсар, бірақ көпке топырақ шаша алмайтынын білген дәрменсіздігі мен шарасыздығы байқалады. Қодар тілге шешен адам. |
| Құнанбай | Ешкімді бұлтартпас бірбеткей қатал әмірші. |
(Оқушылардың білу және түсіну деңгейін тексеру үшін 2 тапсырма ұсынылады, мұғалім өз таңдауы бойынша біреуін ұсына алады)
Тапсырма
«А» үстелінің тапсырмалары
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы «Қайтқанда» бөліміндегі Абай бейнесіне қатысты маңызды оқиғаларды іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз.
Кейіпкер бейнесіне қатысты маңызды оқиғаларды іріктеп алыңыз | Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз | Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңіз және оның маңызын талқылаңыз | Оқиғалардың шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз |
Дескриптор
- ұсынылған бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады;
- оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды;
- оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды;
- кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдайды және оның маңызын талқылайды;
- кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға береді;
- жауабын «Кесте» сызбасы түрінде ұсынады.
«Б» үстелінің тапсырмалары
«Қат-қабатта» бөліміндегі жер дауына қатысты оқиғаны шиеленістірген 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.
Жер дауына қатысты оқиғаны шиеленістірген 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп алыңыз | Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз | Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз | Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз |
Дескриптор
- ұсынылған бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады;
- оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды;
- оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды;
- кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдайды және оның маңызын талқылайды;
- кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға береді;
- жауабын «Кесте» сызбасы түрінде ұсынады.
«В» үстелінінің тапсырмалары
«Жолда» бөліміндегі Бөжей мен Құнанбай дауының шешіміне қатысты оқиғаларда шешуші орын алған 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.
Бөжей мен Құнанбай дауының шешіміне қатысты оқиғаларда шешуші орын алған 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп алыңыз | Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз | Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз | Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз |
Дескриптор
- ұсынылған бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады;
- оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды;
- оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды;
- кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдайды және оның маңызын талқылайды;
- кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға береді;
- жауабын «Кесте» сызбасы түрінде ұсынады.
«Г» үстелінінің тапсырмалары
«Жолда» бөліміндегі Құнанбайдың Қарқаралыда мешіт салғызуы, Алшынбаймен құдаласуы, Абайға қатысты оқиғаларды, оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.
Құнанбайдың мешіт салғызуы, Алшынбаймен құдаласуы, Абайға қатысты оқиғалардың, оқиғадағы кейіпкер сипатын және олардың әрекеттерін іріктеп алыңыз | Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз | Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз | Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз |
Дескриптор
- ұсынылған бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады;
- оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды;
- оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды;
- кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдайды және оның маңызын талқылайды;
- кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға береді;
- жауабын «Кесте» сызбасы түрінде ұсынады.
«Е» үстелінінің тапсырмалары
«Жолда» бөліміндегі АбайдыңҚарқаралыда Шөжені кездестіруі, халықтың жиылысы; Бөжеймен сәлемдесуі, Бөжейдің батасы және Байдалының Абайға берген бағасына қатысты оқиғаларды, оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілін анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.
«Жолда» бөліміндегі Абайдың Шөжені кездестіруі; Бөжеймен сәлемдесуі, Бөжейдің батасы және Байдалының Абайға берген бағасына қатысты оқиғаларды, оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін іріктеп алыңыз | Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз | Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз | Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз |
Дескриптор
- ұсынылған бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады;
- оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды;
- оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды;
- кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдайды және оның маңызын талқылайды;
- кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға береді;
- жауабын «Кесте» сызбасы түрінде ұсынады.
Әр топ роман-эпопея мен қосымша әдебиетті пайдалана отырып, жауап іздейді және қысқаша жауаптарын тезис түрінде кестеге жазып алады.
Керекті әдебиеттер:
- М.Әуезов . Абай Құнанбаев , Алматы, 1995ж
- Мұхтар Әуезов тағылымы. А., 1987 ж.
- М.Әуезов «Абай жолы» романы 1- томы
Кері байланыс
- Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
- Тапсырманы дескриптор бойынша толық орындай алдыңыз ба?
- Сізге топтың көмегі қажет болды ма?
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин
Критерийлер |
| ||||
бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады; оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды; | бөлімдегі 2-3 маңызды оқиғаны іріктеуде қиналады, кейіпкер сипатын, әрекеттерін талдауда қиналады | бөлімдегі 2-3 маңызды оқиғаны іріктеуде дәлсіздіктер байқалады; оқиғадағы кейіпкер сипатын, әрекеттерінің кейбірін талдайды; | бөлімдегі 2-3 маңызды оқиғаны іріктейді; оқиғадағы кейіпкер сипатын, әрекеттерін жан-жақты талдайды; | ||
оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды; | оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтауда қателеседі; | оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтауда кейбір дәлсіздіктер орын алады; | оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын нақты анықтайды; | ||
типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді талдайды және оның маңызын талқылайды; | типтендіру мен даралау үшін қолданылған кемінде 1 тәсілді талдайды; | типтендіру мен даралау үшін қолданылған кемінде 2 тәсілді талдайды және оның маңызын талқылайды; | типтендіру мен даралау үшін қолданылған кемінде 3 тәсілді талдайды және оның маңызын егжей-тегжейлі талқылайды; |
Сұрақты талқыла
«Қай кейіпкерді эпикалық образ ретінде тануға болады?»
«Қарлы кесек» ойыны.
Ойынның шарты:
20 оқушы болса, 4-тен 5 үстелге бөлінеді. (24 оқушы болса, 6 үстел)
«А» әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (тағып алады да) «А» үстелінің басына, «Б» әрпін алғандар – «Б» үстеліне, «В» әрпін алғандар – «В» үстеліне т.с.с. орналасады. «Г» әрпін алғандар – «Г» үстеліне т.б.
Мұғалім әр топқа ортақ немесе жеке-жеке тапсырма береді.
Керекті құрал-жабдықтар:
- Бағыттаушы парақтар (қатысушының санына қарай).
- Қатысушының нөмірі жазылған жетон.
- Үстелдердің белгілеуге арналған сілтемелер.
- Жалпы бағалау парағы.
№А-1. Бағыттау парағы | ||
Тур | Үстел | Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері |
№А-2. Бағыттау парағы | ||
Тур | Үстел | Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері |
№А-3. Бағыттау парағы | ||
Тур | Үстел | Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері |
№А-4. Бағыттау парағы | ||
Тур | Үстел | Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері |
Басқа бағыттау парақтары сияқты «№А-1. Бағыттау парағы» сияқты әзірленеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?