Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім/ сабақтың тақырыбы

Ғасырлық туынды

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том

Оқыту мақсатына сілтеме

11.3.1.1 шығарманы әдем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Сабақ мақсаты:

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясындағы тарихи құндылықтарды салыстыру және сыни тұрғыдан бағалау;

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ндағы көркемдік детальдардың автор идеясын жеткізудегі маңызын талдай отырып, шығарманың көркемдік құндылығына баға беру.

 Бағалау критерийі

  • екі роман-эпопеядағы тарихи құндылықтарды салыстырады және бағалайды;
  • көркемдік детальдардың автор идеясын жеткізудегі маңызын талдай отырып, шығарманың көркемдік құндылығына баға береді.

 Құндылықтарды игерту

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

  дағдылары:

Таныстырылым.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, география, қазақ тілі, өзін-өзі тану.

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

эпитет, метафора, психологиялық параллелизм , теңеу, метонимия ұғымдарын еске түсіреді, жаңа жағдайда қолданады. Роман-эпопея, тарихи және көркемдік құндылықтар т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

«Абай жолы» роман-эпопеясының «Өрде», «Қияда», «Еңісте» тарауларының мазмұнын біледі.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 минут

Қызығушылықты ояту сатысы:

«Көзімнің қарасы» әнін сынып болып, бірге орындайды. 2 мин

http://www.youtube.com/watch?v=AZm_Nd1rJRM

Топтастыру

Топқа бөлгенде оқушылар портрет пен сөздердің қай кейіпкерге тән екенін дұрыс ажырату арқылы өз топтарын табуы керек.

1-топ Абай

2-топ Құнанбай

3-топ Зере мен Ұлжан

4-топ Тоғжан

5-топ Базаралы

Абай бейнесі

  • Әкең айтпай, өзің білген болсаң батамды берейін. Көзіңнен жақсы жанар көрдім ғой, шырағым!...- деді.
  • Екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап тұр екен өзінің...-деді. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты айтылған еді?

Бұл кезде ..... денесі іріленген. Жауырынды, сүйекті боп қалған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып, бар мүсіні балғын кесек тартыпты. Бет пішіні де денесіне лайық дөңгеленіп, іріленіп алған. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп, кең көсілгендей. ...Отты сұлу көздерінің ақ , қарасы әлі де тап-таза... Жіп-жіңішке боп кеп созылған ұзын қастары мен ойшыл, отты көздері ... өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп тұр.

Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың алдында күйеу жақтан берiлетiн үлкен сыйы болады. Жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бiр сыбаға қып алған екен. Некеқияр мен той салтының бәрi өткен соң, үлкендер тегiс дауыстап бата қылысты

да, жалпыға айтқандай боп:

– Қайырлы болсын!

– Ұзақ қызық берсiн!

– Құтты, құтты болсын!– дестi. Шымылдық арқылы ... мен Дiлдәға айтқан ата- ананың тiлектерi едi. 

... " қош келдiңiз, нағашы " деп қол қусырып тағзыммен қарсы алған. Барлық мол үйлерден мынау он үй өзгеше, оқшау тұрғанын қонақ атаулы аттарынан түспей тұрып, ерте таныған едi. ... Бөжейдiң нағашы жұртына арнап тiктiрген үйлер екенiн де бiлiсiп қалған. Ақсақал нағашыны қасындағы үлкенiрек кiсiлермен iрiктеп отырып, ... дәл ортаға, ең жасаулы үйге кiргiздi. Өзге топтарын да дамыл көрмей қарсы алысып, қатар үйлерге кiргiзiп жатқан. Нағашылар бәйгеге қосқалы бiр баран, екi қылаң жүйрiктерiн әкептi. Құйрық-жалы сүзулi, үстерiне бала мiнгiзген, үкiлi-тұмарлы аттар оқшау байланды.

Бөжейдің нағашы жұртын қарсы алып жатқан кім?

Базаралы бейнесі

Жылы үйге келіп, шай ішіп алғаннан бері Базаралының жүзіне жылы күндердегідей нұр кірген.

Батыр тұлғалы, ер сұлудың ойшыл сергек көзі де, ақ сұр жүзі де еріксіз елеткендей.

Бетінің қызылы да балқығандай боп нұрланып тұр. Кең иық, зор кеудесі төменшіктеп иілмейді...

«Еңгезердей мол денелі болса да, аса сымбатты, нұр жүзді ..... қазір отызға жаңа ілінген. Ақ елтірі ішігін желбегей жамылып отырып, таңдайын қақты.

Шіркін,...! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сыртың мен нұрың бар. Ішінде жатқан тұнық мөлдір сырың да бар. Тек, сорлы жазған, қарымы шолақ Қауменнен несін тудың екен? – деді. Қызығып та, қызғанып та сөйлеген сияқты. Кім жайлы айтылған сөз? Кімге берген баға?

Құнанбай бейнесі

Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те құс та жалайды. Екінші , дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйірілмейді. Үшінші орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің.

-Немене бұ, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын? Менің қасымнан сол өатындардың қасы артық болды ма? Мұнда болсаң ел көресің, сөз ұғасың, тәлім- тәрбие аласың . Онда не табасың? деді.

- Ей, тілмәш, осы саған «әке» дейін, жарықтығым, тек дегенімді жеткізші!.. Ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы осы!.. –деді.

... адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді берік ұстанамын. Жақсылық кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар.

Тоғжан бейнесі

Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркi, бiлек толған неше бiлезiктерi – баршасы да бұл өңiрден Абайдың көрмеген бiр сәнi сияқты. Толықша келген, аппақ жүздi, қырлы мұрын, қара көз қыздың жiп-жiңiшке қасы да айдай боп қиылып тұр.

Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкiр боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттiң жебесiндей. ... үйдегi сөзге құлақ салып, не күлiп, не қымсынса, сұлу қастары бiр түйiле түсiп, бiр жазылып толқып қояды. Елбiреп барып дiр еткен қанат лебiндей. Самғап ұшар жанның жеңiл әсем қанатындай. Биiкке, алысқа мегзейдi.

Көз алдында ... аппақ жұмыр бiлегi, жас баланың етiндей, ақ торғындай мойыны! Таң осы да... Өзi ғой!

...Ақ етiң аппақ екен атқан таңдай!

Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезiммен үнсiз жырлап тұрған тәрiздi. ... арналған, ең алғашқы "ғашығым" деген жарына арналған жан жарының тұңғыш жолы осы едi. Ойша екi-үш ауыз махаббат сәлем айтып шықты.

Судыраған қара жiбек биқасаптан әдемi жеңiл шапан киген. Басында жап-жаңа қара кәмшат бөрiк. Мойнында әсемдеп, кең ораған құбылма түстi торғын шәлi. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстiнде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы шолпандай... Ақмаңдай, аппақ жұмыр мойнына, қолаң жiбек шашына бетiнiң үлбiреген қызылы соншалық жарасып тұр. Қара шапан сыртынан белiн шымқай буған сарғыш жiбек белбеуғе оң қолын сүйеп, мықынын таянған. Маңайға бұрылып қарамастан, шырқап жылап, жоқтау айтып келедi.

Зере мен Ұлжан бейнелері

-Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны- басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға!.. – деді. Кімнің сөзі?

-Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айырылма! – деді.

-Қатты болсаң, қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің? «Жер тәңірісі сенсің» деп қошеметшің айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойнындағы қарызы мол әкесің, білдің бе? Кімнің сөзі?

-Қой , жарықтығым , жетті енді! Сақтағаным балаларым еді . Олар екеш, оларды да аямағаның ба?

-Е-е. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кiм өткен?– деп, кiшкене тақпақтап бастап едi.

№ 2 таныстырылым

Ортасы

34 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. 4 мин

Ой шақыру.

Романда қандай тарихи және көркемдік құндылықтар көрініс тапқан? 2 минут ойларын жазады. Топта талқылап ортаға салады.

Сыныпта ортаға салады.

1-тапсырма 8 мин.

Т

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясынан берілген үзінділерді түсініп оқыңыз.
  • Үзінділерді негізге алып, тарихи құндылықтарды айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды ( уақыт пен кеңістік ұғымы) анықтаңыз. Ол үшін әр шығармаға қатысты мәтіннен нақты 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен оған қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдаңыз. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде жеткізіңіз.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы

Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясы

Шығармада көрініс тапқан ұлттық салт-дәстүрлер немесе құндылықтарға қарсы сипаттар

Дәуір көрінісін сипаттайтын тарихи оқиғалар

Шығармада көрініс тапқан ұлттық салт-дәстүрлер немесе құндылықтарға қарсы сипаттар

Дәуір көрінісін сипаттайтын тарихи оқиғалар

Дескриптор:

  • екі шығарма бойынша берілген үзінділерді түсініп оқиды;
  • үзінділерді негізге алып, тарихи құндылықтарды айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтайды;
  • әр шығармаға қатысты мәтіннен нақты 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен оған қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды;
  • ойларын «Кесте» сызбасы түрінде жеткізеді.

Топтардың жұмыстарын қорғауға 10 минут беріледі.

2-тапсырма 8 минут

«Жигсо-2» стр.

1- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар

№1- сарапшы парағы

«... Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!» - деген қазақ неткен дана!..

1.Автор қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

2.Абайдың шешендік танытатын тұстарын мәтіннен тауып 3 мысалмен дәлелде.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

8.«Шешендік күші -шындық» (388-беттегі пікірді оқыңыз) деген тұжырымға өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз)

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

№2- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар

№2- сарапшы парағы

« ... Абайға есіктен кірген самал да жайлы... Кейде жақын жердегі кең жәйілім - «Қорықтан» адырға қарай шеттей ұшқан топ үйректердің сыпсың қанат қағыстары естіледі. Ұяны сай жақтан, інді моладан салып ап, жұп-жұбайлы күндерге жаңа ауысқан саралақаз, италақаздар үн салып өтеді. Абай кітап оқып отырса да, көктемнің осы сияқты көп алуан жаңа тірлігін үнемі қатар сезеді. Ойлай сезеді. Үй жанынан кішкене, шымыр тұяқтарымен шапшаң дүбірлеп, топыр салып, жас қозы-лақтар жүгіріп өтті. Бір болымсыз себептен үркіп, ұйтқып безгендей. Әлі өмір танымайтын жас буын өз тірлігін үрке сүйеді»

  • Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?........................
  • Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «күн сәулесі» деталі арқылы жазушы нені меңзейді?

...............................................................................................................

3. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

4.Абайдың ғылым-білім туралы айтқан пікіріндегі ауыспалы мағынадағы деталь сөздерді, метафоралық қолданыстарды тауып жаз.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

5. «Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел» Ол қандай өткел? Абай арманы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

№3- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар

№3- сарапшы парағы

«...Мен өз өмірімде оған жетпеспін... көрмеспін, ол күнді. Бірақ алда заман қатты өзгеріп, қауым мүлдем басқаша дәурен жасар. Басқа заңдар туғызып, үлкен ырысқа түгел халық болып еріскен күндер болар. «Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын» дегендеймін. ... мен өзіме ең «ақыл заман», «жақын заман» алдымда қол созып тұрғандай көремін... Халқыңды, қауымыңды соған әзірлей беруді ғана біл дегім келеді!- деді» (208-бет)

Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?...................

...............................................................................................................

2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

3. Автордың идеяны жеткізудегі шеберлігін үзіндіні негізге ала отырып,талдаңыз.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

4. Абайдың ақындық мұраты мен ««Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

№4-топтағы оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар

№ 4-сарапшы парағы

«... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деген...»

  • Бұл кім туралы, кімнің сөзі?

2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

9. Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «қапас бұлбұлы», «аппақ кіршіксіз» деп сипаттау арқылы жазушы нені меңзейді? Кейіпкерге қатысты алдыңғы әрекеттерімен байланыстыра отырып, талдаңыз.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

10. Өнер өріс алу үшін, көкжиегі кеңею үшін не керек? Ойыңызды өрбітіп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып жазыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

№5-топтағы оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар

№ 5-сарапшы парағы

«...Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза- Құнанбай» деді. Тағы да біраздан соң ол жиын: «Шешен кім?» деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай» деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «жақсы кім?» десті. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: - «Уай, Көкше, не оттап отырсың өзі?»-деп, Қаратайға қадала түсіп, - Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен?» - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп:

«Уай, тәйір-ай, мен Құнанбйдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ, «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» - деді...»

1.Бұл кім туралы? .....................................................

2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып жаз.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

3. Образ ашудағы маңыздылығы қандай? Шығарманың көркемдік құндылығын бағалап, үзінді арқылы дәлелдер келтіріп жазыңыз.

1)........................................................................................................................

2)........................................................................................................................

3)........................................................................................................................

10. Құнанбай бейнесіне қатысты көркемдік танымды тарихи таныммен салыстырып , ойыңызды өрбітіп, роман-эпопеямен үндестіріп, өзіндік ой қорытып, баға беріп жазыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Дескрипторлар

Көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады.

Пікірге өз көзқарасын білдіріп, баға беріп дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады.

Оқиғаны өрбітудегі автор ойымен келісетінін немесе келіспейтінін байқатып, 3 маңызды мәселені айқындай алады.

Өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіріп айтады.

Өзге топқа барып, әр оқушы өз ойын 1 минуттан ортаға салып сөйлейді. 4 минут.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин

Ескерту:

Мұғалім оқушыларға деңгейіне қарай қолдау көрсету үшін кейбір сарапшы парақтары бойынша ықтимал жауаптар төменде ұсынылды:

№1 сарапшы парағы

«... Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!» - деген қазақ неткен дана!..

Тапсырмалардың жауаптары:

1. «Жайлауда» тарауының соңы. Абайдың сөзі. (Жазушы Абайдың аузына халық даналығын салады). Базаралының әділетсіздікке қарсы күресін сипаттап тұр. Оралбай мен Керімбаланың өз махаббат сезімдері үшін жасаған сәтсіз қадамдары, осы оқиғаға орай Базаралының жастарды қолдап көмек көрсетпек болуы, алайда сәтсіз аяқталғанымен, болашақ тізгіні жастардың қолында, жастардың тегеурінді әрекетінде жатқанын меңзейді. «Арыстан», «айға шауып» «арыстандық ету», «ақ сұңқар», «сұңқарлық ету» сөздері дәстүрлі метафоралық қолданыста алынған. «Арыстан» бейнесі арқылы Оралбай, Керімбала және Базаралының бас бостандығы жолындағы күресі, яғни әйел теңсіздігіне қарсы күресі алынса, «айға шабу», «ауға шырмалу» қол жетпеске ұмтылуды, қиындыққа маталу, күрес жолындағы жеңілісін, сәтсіз қадамын айтады. Ал «арыстандық», «сұңқарлық етпей қоймас» метафоралық тіркестері арқылы осы жеңілістің уақытша екенін артында ұлы күш, жастардың тегеурінді күресі келе жатқанын меңзейді. Жазушы халық шешендігін қолдану арқылы Абайдың шешендігінің күші халықтан бастау алғанын танытқан. Ақын болашақтан зор үміт күтеді.

  • Абайдың шешендігін танытатын тұстарын мәтіннен тауып 3 мысалмен дәлелде. Автор Абай шешендігін таныту үшін қандай тәсілдер қолданған? Талдаңыз.

Ықтимал жауап: Абайдың шешендігін, ақындық қабілетін жазушы мынадай оқиғаларда танытады: 1) Әжесінің құлағын үшкіргенде өлеңдетуі:

Ұшады бозша торғай көдені ықтап,

Басасың аяғыңды нықтап-нықтап,

Кәрі әжем естімейді нана берсін,

Берейін өлеңіммен шын ұшықтап.

2) Құлыншақтың: «Ақперді! Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді, - деп, ащы мысқылмен күлген сөзін іліп әкетіп:

Бақ берген емей немене,

Борсақтан қалған аз жерді.

Менікі деп тап берді деңіз- деп тапқырлықпен жауап қайырады.

  • (Теңеу, метафора, эпитет, психологиялық параллелизм, аллегория, т.б.) Кітапханадағы Абайды қағытқан чиновниктің «Гоголь кітапханасына қашаннан бері түйелер жіберілетін болған?» деген сөзіне Абайдың: «Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, бұнда ол түгіл, есек те отырыпты ғой!» деген жауабындағы «түйе», «есек» сөздерінің аллегориялық қолданыста тұрып, ажуалап, астарлап сөйлеу, кекету арқылы күлкі, ащы мысқыл туғызуын жазушы диалог арқылы ұтымды берген.
  • Тәкежан мен Қаражанның 12 жасар ұлы Мақұлбай қайтыс болғанда, жоқтау жырын шығарып, Әйгерімге айтқызады:

Қызыл балақ қыранның,

Балапанын дерт алды.

Жеміс ағаш бәйтерек,

Балдырғанды өрт алды.

4. «... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деп Әйгерімге айтқан сөзінен астарлап, бейнелі сөйлейтін, шешендік қабілеті танылады.

№2 сарапшы парағы

« ... Абайға есіктен кірген самал да жайлы... Кейде жақын жердегі кең жәйілім - «Қорықтан» адырға қарай шеттей ұшқан топ үйректердің сыпсың қанат қағыстары естіледі. Ұяны сай жақтан, інді моладан салып ап, жұп-жұбайлы күндерге жаңа ауысқан саралақаз, италақаздар үн салып өтеді. Абай кітап оқып отырса да, көктемнің осы сияқты көп алуан жаңа тірлігін үнемі қатар сезеді. Ойлай сезеді. Үй жанынан кішкене, шымыр тұяқтарымен шапшаң дүбірлеп, топыр салып, жас қозы-лақтар жүгіріп өтті. Бір болымсыз себептен үркіп, ұйтқып безгендей. Әлі өмір танымайтын жас буын өз тірлігін үрке сүйеді»

1. Талдауға қажетті ықтимал жауаптар немесе мұғалімнің бағыт-бағдары үшін: «Жел» -Мағжанда бостандық символы, ал Әуезов бұл арада «желді» Абай үшін жаңалық жаршысы ретінде қолданған. Самал жел – жайлы жел; Абай үшін жаңа бір ізденістің бастауы болған көктем көрінісі; «жас қозы -лақтар» «шымыр тұяқтары» сияқты детальдар (Оралбайлар сияқты) келе жатқан жас буынның мықтылық айғағындай, т.б.

2. Жазушының Абайдың кітапқа, ғылым-білімге бас қойғандағы сәтін сипаттау үшін қолданған ауыспалы мағынадағы деталь сөздерді, метафоралық қолданыстарды тауып жаз.

«Еңісте» тарауының басындағы: «Еңсесі биік отаудың оң жақтағы тұскиіз, шымылдығына шаңырақтан түскен күн сәулесінде көктемдік, жаңа , ашық рең бар. ...Орыс тілінде жазылған ұзақ әңгімені Абайдың ең алғаш рет еркін ұғып, тіл бөтендігін жеңген кезі осы. Ұғымды болған кітап бірінші өткел болды. Таза, сары, ашық өткелдей. Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел.»3.«Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел» Ол қандай өткел? Абай арманы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз.

№4 сарапшы парағы

«... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін нтуысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деген...»

Ықтимал жауап: Әйгерімнің өнеріне жасалған қиянат арқылы жазушы сол замандағы өнер адамдарына жасалған қысастықты; әйел теңсіздігі және әлеуметтік теңсіздік мәселесін танытады; Абайдың өнерді бағалау мәдениеті мен өресін танытады. Бұлбұл –метафоралық қолданыста тұр, әнші құс. Әйгерімнің әншілік өнерін бұлбұл құсқа балайды да, өзін бұлбұлды қамаған аушыға теңейді.

3.Өнер өріс алу үшін, көкжиегі кеңею үшін не керек? Өнер өріс алып, көкжиегі кеңею үшін еркіндік, бостандық керек.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 2 мин

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

Үзінділердегі тарихи құндылықтарды айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтайды;

ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтауда қиналады;

ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтауда кейбір дәлсіздіктер байқалады;

ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтай алады;

мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен оған қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды;

мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдауда қиналады;

мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдауда кейбір дәлсіздіктер байқалады;

мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды;

көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады;

көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін талдауда қиналады;

көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін ашуда кейбір дәлсіздіктер байқалады;

көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады;

пікірге өз көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады.

пікірге көзқарасын білдіруде, сыни баға беруде, дәлел келтіруде қиналады;

пікірге көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлел келтіруде кейбір дәлсіздіктер байқалады;

пікірге көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады.

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
  • Тапсырманы дескриптор бойынша толық орындай алдыңыз ба?
  • Сізге топтың көмегі қажет болды ма?

№3 -слайд

№4 -слайд

№5 -слайд

№6-слайд

Рефлексия

2 мин

«3-2-1» әдісі

Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті

Қиындық туғызған 2 жағдай

Сезіміңді білдіретін 1 сөз

Үйге:

Оқушылар білімін толықтыру үшін үйге оқуға ұсынылатын материал: «СОҒЫС және БЕЙБІТШІЛІК» – ТЕКТІЛЕР мен ТЕКСІЗДЕРДІҢ ТАРИХЫ» атты Мәдина Серікқызының филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақовамен жүргізілген сұқбатын оқу.

№14 -слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу