Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал.
Топтастыру
1-топ Абай
2-топ Құнанбай
3-топ Зере мен Ұлжан
4-топ Тоғжан
5-топ Базаралы
Абай бейнесі |
|
Бұл кезде ..... денесі іріленген. Жауырынды, сүйекті боп қалған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып, бар мүсіні балғын кесек тартыпты. Бет пішіні де денесіне лайық дөңгеленіп, іріленіп алған. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп, кең көсілгендей. ...Отты сұлу көздерінің ақ , қарасы әлі де тап-таза... Жіп-жіңішке боп кеп созылған ұзын қастары мен ойшыл, отты көздері ... өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп тұр. |
Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың алдында күйеу жақтан берiлетiн үлкен сыйы болады. Жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бiр сыбаға қып алған екен. Некеқияр мен той салтының бәрi өткен соң, үлкендер тегiс дауыстап бата қылысты да, жалпыға айтқандай боп: – Қайырлы болсын! – Ұзақ қызық берсiн! – Құтты, құтты болсын!– дестi. Шымылдық арқылы ... мен Дiлдәға айтқан ата- ананың тiлектерi едi. |
... " қош келдiңiз, нағашы " деп қол қусырып тағзыммен қарсы алған. Барлық мол үйлерден мынау он үй өзгеше, оқшау тұрғанын қонақ атаулы аттарынан түспей тұрып, ерте таныған едi. ... Бөжейдiң нағашы жұртына арнап тiктiрген үйлер екенiн де бiлiсiп қалған. Ақсақал нағашыны қасындағы үлкенiрек кiсiлермен iрiктеп отырып, ... дәл ортаға, ең жасаулы үйге кiргiздi. Өзге топтарын да дамыл көрмей қарсы алысып, қатар үйлерге кiргiзiп жатқан. Нағашылар бәйгеге қосқалы бiр баран, екi қылаң жүйрiктерiн әкептi. Құйрық-жалы сүзулi, үстерiне бала мiнгiзген, үкiлi-тұмарлы аттар оқшау байланды. Бөжейдің нағашы жұртын қарсы алып жатқан кім? |
Базаралы бейнесі |
Жылы үйге келіп, шай ішіп алғаннан бері Базаралының жүзіне жылы күндердегідей нұр кірген. Батыр тұлғалы, ер сұлудың ойшыл сергек көзі де, ақ сұр жүзі де еріксіз елеткендей. |
Бетінің қызылы да балқығандай боп нұрланып тұр. Кең иық, зор кеудесі төменшіктеп иілмейді... |
«Еңгезердей мол денелі болса да, аса сымбатты, нұр жүзді ..... қазір отызға жаңа ілінген. Ақ елтірі ішігін желбегей жамылып отырып, таңдайын қақты. |
Шіркін,...! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сыртың мен нұрың бар. Ішінде жатқан тұнық мөлдір сырың да бар. Тек, сорлы жазған, қарымы шолақ Қауменнен несін тудың екен? – деді. Қызығып та, қызғанып та сөйлеген сияқты. Кім жайлы айтылған сөз? Кімге берген баға? |
Құнанбай бейнесі |
Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те құс та жалайды. Екінші , дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйірілмейді. Үшінші орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің. |
-Немене бұ, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын? Менің қасымнан сол өатындардың қасы артық болды ма? Мұнда болсаң ел көресің, сөз ұғасың, тәлім- тәрбие аласың . Онда не табасың? –деді. |
- Ей, тілмәш, осы саған «әке» дейін, жарықтығым, тек дегенімді жеткізші!.. Ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы осы!.. –деді. |
... адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді берік ұстанамын. Жақсылық кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар. |
Тоғжан бейнесі |
Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркi, бiлек толған неше бiлезiктерi – баршасы да бұл өңiрден Абайдың көрмеген бiр сәнi сияқты. Толықша келген, аппақ жүздi, қырлы мұрын, қара көз қыздың жiп-жiңiшке қасы да айдай боп қиылып тұр. |
Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкiр боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттiң жебесiндей. ... үйдегi сөзге құлақ салып, не күлiп, не қымсынса, сұлу қастары бiр түйiле түсiп, бiр жазылып толқып қояды. Елбiреп барып дiр еткен қанат лебiндей. Самғап ұшар жанның жеңiл әсем қанатындай. Биiкке, алысқа мегзейдi. |
Көз алдында ... аппақ жұмыр бiлегi, жас баланың етiндей, ақ торғындай мойыны! Таң осы да... Өзi ғой! ...Ақ етiң аппақ екен атқан таңдай! Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезiммен үнсiз жырлап тұрған тәрiздi. ... арналған, ең алғашқы "ғашығым" деген жарына арналған жан жарының тұңғыш жолы осы едi. Ойша екi-үш ауыз махаббат сәлем айтып шықты. |
Судыраған қара жiбек биқасаптан әдемi жеңiл шапан киген. Басында жап-жаңа қара кәмшат бөрiк. Мойнында әсемдеп, кең ораған құбылма түстi торғын шәлi. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстiнде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы шолпандай... Ақмаңдай, аппақ жұмыр мойнына, қолаң жiбек шашына бетiнiң үлбiреген қызылы соншалық жарасып тұр. Қара шапан сыртынан белiн шымқай буған сарғыш жiбек белбеуғе оң қолын сүйеп, мықынын таянған. Маңайға бұрылып қарамастан, шырқап жылап, жоқтау айтып келедi. |
Зере мен Ұлжан бейнелері |
-Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны- басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға!.. – деді. Кімнің сөзі? |
-Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айырылма! – деді. |
-Қатты болсаң, қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің? «Жер тәңірісі сенсің» деп қошеметшің айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойнындағы қарызы мол әкесің, білдің бе? Кімнің сөзі? |
-Қой , жарықтығым , жетті енді! Сақтағаным балаларым еді . Олар екеш, оларды да аямағаның ба? -Е-е. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кiм өткен?– деп, кiшкене тақпақтап бастап едi. |
1-тапсырма 8 мин.
Т
- М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясынан берілген үзінділерді түсініп оқыңыз.
- Үзінділерді негізге алып, тарихи құндылықтарды айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды ( уақыт пен кеңістік ұғымы) анықтаңыз. Ол үшін әр шығармаға қатысты мәтіннен нақты 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен оған қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдаңыз. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде жеткізіңіз.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы | Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясы | ||
Шығармада көрініс тапқан ұлттық салт-дәстүрлер немесе құндылықтарға қарсы сипаттар | Дәуір көрінісін сипаттайтын тарихи оқиғалар | Шығармада көрініс тапқан ұлттық салт-дәстүрлер немесе құндылықтарға қарсы сипаттар | Дәуір көрінісін сипаттайтын тарихи оқиғалар |
Дескрипторлар:
- екі шығарма бойынша берілген үзінділерді түсініп оқиды;
- үзінділерді негізге алып, тарихи құндылықтарды айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтайды;
- әр шығармаға қатысты мәтіннен нақты 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен оған қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды;
- ойларын «Кесте» сызбасы түрінде жеткізеді.
Топтардың жұмыстарын қорғауға 10 минут беріледі.
1-тапсырмаға қосымша ұсынылатын мәтіндер
1-топқа берілетін үзінділер («Абай жолы» роман-эпопеясынан) |
(Байдалының сөзі) |
Бұл кезде Абайдың денесі іріленген. Жауырынды, сүйекті боп қалған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып, бар мүсіні балғын кесек тартыпты. Бет пішіні де денесіне лайық дөңгеленіп, іріленіп алған. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп, кең көсілгендей. ...Отты сұлу көздерінің ақ , қарасы әлі де тап-таза... Жіп-жіңішке боп кеп созылған ұзын қастары мен ойшыл, отты көздері Абайды өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп тұр. |
Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың алдында күйеу жақтан берiлетiн үлкен сыйы болады. Жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бiр сыбаға қып алған екен. Некеқияр мен той салтының бәрi өткен соң, үлкендер тегiс дауыстап бата қылысты да, жалпыға айтқандай боп: – Қайырлы болсын! – Ұзақ қызық берсiн! – Құтты, құтты болсын!– дестi. Шымылдық арқылы Амен Дiлдәға айтқан ата- ананың тiлектерi едi. |
Абай " қош келдiңiз, нағашы " деп қол қусырып тағзыммен қарсы алған. Барлық мол үйлерден мынау он үй өзгеше, оқшау тұрғанын қонақ атаулы аттарынан түспей тұрып, ерте таныған едi. ... Бөжейдiң нағашы жұртына арнап тiктiрген үйлер екенiн де бiлiсiп қалған. Ақсақал нағашыны қасындағы үлкенiрек кiсiлермен iрiктеп отырып, ... дәл ортаға, ең жасаулы үйге кiргiздi. Өзге топтарын да дамыл көрмей қарсы алысып, қатар үйлерге кiргiзiп жатқан. Нағашылар бәйгеге қосқалы бiр баран, екi қылаң жүйрiктерiн әкептi. Құйрық-жалы сүзулi, үстерiне бала мiнгiзген, үкiлi-тұмарлы аттар оқшау байланды. |
Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясынан үзінділер |
2-топқа берілетін үзінділер («Абай жолы» роман-эпопеясынан) |
Абай амандасармыз деп ойлап едi. Қалыңдық бетiн бұрған жоқ. Сондықтан екеуi амандаса да алмады. Дiлдә келiсiмен ас жасалып, төр де, шымылдық iшi де ас жедi. Бiрақ күйеу мен қалыңдық көп дәм татқан жоқ. Сол астың артынан төрде отырған, түсi Абайға көрiнбейтiн бiр молда неке оқыды. Суық су құйған бiр кесе төрдегi жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылды. Абай ұрттады да, Дiлдәра бердi. Осының артынан екi жеңге ақырын күлiсiп кеп, Абай мен Дiлдәның алдына қарсыотырып, екеуiнiң де оң қолдарын алып, бiрiне-бiрiн ұстаттырды.Екi қолдың арасында бiр қабат сусылдаған жiбек жүр. Сол арқылы ұстатады екен.Абай Дiлдәның жiңiшке саусақтарын көбiрек ұстап қап едi. Алдында отырған бiр жеңге ақырын мысқылдап, Абайдың қолын тарта берiп: – Тоқта, жабысып қапсың ғой! Берi кел! Шаш сипа!– дедi. Жақын отырған қыздар күлiп жiбердi. Жеңге Абайдың қолын өзi көтерiп апарып, Дiлдәның арқасындағы қос бұрымына тигiздi. Әлi де Абай қолының астында жаңағы жiбек жүр. Сол жiбекпен Абай бiр-екi рет сипап өттi. Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың алдында күйеу жақтан берiлетiн үлкен сыйы болады. Жаңағы Абайды мысқылдаған ашық жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бiр сыбаға қып алған екен. Некеқияр мен той салтының бәрi өткен соң, үлкендер тегiс дауыстап бата қылысты да, жалпыға айтқандай боп: – Қайырлы болсын! – Ұзақ қызық берсiн! – Құтты, құтты болсын!– дестi. Шымылдық арқылы Абай мен Дiлдәға айтқан ата- |
Бұл сөздерi барлық жиынды қатты ойландырды. Асылбек, Базаралы дауының кейбiр жерiн терiс деп бiлген. – Жұт деген киiз туырлықты қазақтың атам заманнан бергi зәулiсi емес пе? Жалғыз бүгiнгi күннiң адамынан боп отыр ма? Сыңар езу кетiп, бiр-ақ жаққа салмақ сап отырсың. Осының оғат!– дедi. Базаралы дауласайын деген ойда емес. Көңiлiндегi өзi ұғынған наразылық бетiнен қайтқан жоқ. Асылбектiң сөздерiн:" әкең Сүйiндiктен келе жатқан жалтақтық қой!" деп, жақтырмай тыңдады. Асылбекке ажырая қарап, басын изеп қоя салды. Жiгiттердiң осы әңгiмесi аяқтай бергенде, аязды тыстан үш кiсi кеп кiрдi. Үстерi қар, сақал-мұрттары сiреу болған. Алдыңғы келген сеңсең тымақ көне тонды, ұзын бойлы жолаушының кiрпiгiне шейiн қырау тұрып қапты. Бұл келген Бөкеншi Дәркембай мен соның екi кедей көршiсi екен. Абай Дәркембайды танып: – Шешiнiңдер, – деп едi. Дәркембайдың жүрiсi тығыз екен, шешiнбедi. Бұл Дәркембай анау жылы Тоқпамбетте Бөжей сабалатында Құнанбайды атам деп мылтық оқтаған кiсi болатын. Сол төбелестен берi Тобықты iшi болсын, әсiресе, Құнанбай айналасы болсын оның сондағы iсiн есiткен. Барлық Ырғызбай Дәркембайды содан берi көзге түрткi қып, шетке қағып, қырына ала беретiн. |
Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясынан үзінділер |
3-топқа берілетін үзінділер («Абай жолы» роман-эпопеясынан) |
Түн бойы ұйықтамаған Байдалылар күн шыға бергенде, Бөжейдiң өз үйiнiң жанына, осы өлкедегi ең үлкен үй Сүйiндiктiң сегiз қанат аппақ үйiн әкелiп тiккiзген. Үй тiгiлiп болысымен, iшiне бөтен жасау-жабдық кiргiзбей, тек есiктен төрге дейiн кiлем ғана жайғызды. Оң жаққа үлкен сүйек төсек кiргiздi. Үстiн көмкерумен қара кiлеммен тегiстеп болып, сол төсекке Бөжейдiң сүйегiн әкеп салғызды. Жаназасын шығарғанша өлiк осында болмақ. Бөжейдiң өлiгiн өз үйiнен Бөжейдiң өлiгiн өз үйiнен шығарып, мынау үйге әкеп қою қаралы қатындар мен Бөжей қыздарының зарлауын қатты үдетiп едi. Байдалы сүйектi орналастырып болысымен сол өлiк үстiне тiккен ақ үйдiң оң жақ белдеуiне өз қолымен әкеп қара тiктi. Бұл жұмыс өлiктiң артын күтудiң үлкен бiр сертi едi. Қара дегенi – ұзын найзаның басына тiгiлген ту. Егер Бөжей жай қара қазақ емес, төреден шыққан болса, сол төрелердiң өздi-өз тұқымының туларын тiгер едi. Ақ тулы, көк тулы, ала тулы деген төрелердiң тұқым-тұқымы. Жiк-жiгi осындайда көрiнетiн. Ал, қарадан кiсi өлсе тудың түсi өлiктiң жасына қарай болады. Ол жөндерге келгенде, Байдалы ескiге жүйрiк Сүйiндiкпен ғана ақылдасты. Сүйiндiк жас кiсi өлсе туы қызыл болатынын, кәрi өлсе, ақ болатынын айтып келдi де, "Бөжейдей орта жасты кiсiнiң қаралы туы – бiр жағы ақ, бiр жағы қызыл болу керек" дегендi айтқан. Жаңағы Байдалы әкеп тiккен ту - қара дегенi осы. Бөжей өлген күннiң ертеңiнде тiгiлген осы қара бөжейдiң өлiмi өзге өлiмнен ерекше күтiлетiнiн жариялады. Соның шарты: Бөжейге ас берiледi, жыл бойы арты қатты күтiледi деген болатын. Қара тiккен Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына ас берем деген ырымын жасады. Бұл әдеттiң екiншi бiр белгiсi тағы бар. Байдалы қараны тiгiп, барлық жиылып тұрған жанкүйер жақындармен бата қылған кезде, сол үйдiң екi жақ босағасына кi ат жетектелiп келдi. Бiрi – доға жал семiз күрең ат. Екiншiсi – дом боп жарап қалған, сартап болған сұлу қара көк ат. Күрең ат – Бөжейдiң қыс мiнетiн аты. Қара көктi - осы жаз басынан байлап жүр едi. Ол әуелi оң жақ босағада тұрған күрең атқа кеп: – Жануар-ай, иең кетiп тұл қалдың ғой, сен бейбақ!– деп, жақындап келдi де күрең аттың кекiлiн шорт кестi. Содан құйрығынан алып, уыстап тұрып, дәл тiрсегiнен жоғары келтiре, қалың құйрығын да борт-борт кесiп алды. Қара көк атқа да соны iстеп, тұлдаған екi атты барлық осы өңiрдiң өзге жылқысынан бөлек түске кiргiзiп қоя бердi. Қара тiккен жерде ас берудiң сертi айтылды. Мынау тұлданған екi ат келесi жылға шейiн мiнiлмейдi. Қол тимей семiрiп барып, жыл асқан соң иесiнiң асына сойылады. Байдалы екi аттың артынан қарап тұрып: – Қара көктiң жал-құйрығы қара ғой. Қаралы ат осы болсын. Көшкенде ерiмнiң қаралы ер-тұрманы осыған ерттелсiн, тұлдаған киiмдерi осы жануарға жабылсын!– дедi. |
Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясынан үзінділер |
4-топқа берілетін үзінділер («Абай жолы» роман-эпопеясынан) |
-Немене бұ, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын? Менің қасымнан сол өатындардың қасы артық болды ма? Мұнда болсаң ел көресің, сөз ұғасың, тәлім- тәрбие аласың . Онда не табасың? –деді. |
- Ей, тілмәш, осы саған «әке» дейін, жарықтығым, тек дегенімді жеткізші!.. Ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы осы!.. –деді. |
... адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді берік ұстанамын. Жақсылық кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар. |
Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те құс та жалайды. Екінші , дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйірілмейді. Үшінші орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің. |
Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясынан үзінділер |
5-топқа берілетін үзінділер («Абай жолы» роман-эпопеясынан) |
-Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны- басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға!.. – деді. Кімнің сөзі? |
-Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айырылма! – деді. |
-Қатты болсаң, қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің? «Жер тәңірісі сенсің» деп қошеметшің айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойнындағы қарызы мол әкесің, білдің бе? Кімнің сөзі? |
-Қой , жарықтығым , жетті енді! Сақтағаным балаларым еді . Олар екеш, оларды да аямағаның ба? -Е-е. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кiм өткен?– деп, кiшкене тақпақтап бастап едi. |
Судыраған қара жiбек биқасаптан әдемi жеңiл шапан киген. Басында жап-жаңа қара кәмшат бөрiк. Мойнында әсемдеп, кең ораған құбылма түстi торғын шәлi. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстiнде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы шолпандай... Ақмаңдай, аппақ жұмыр мойнына, қолаң жiбек шашына бетiнiң үлбiреген қызылы соншалық жарасып тұр. Қара шапан сыртынан белiн шымқай буған сарғыш жiбек белбеуғе оң қолын сүйеп, мықынын таянған. Маңайға бұрылып қарамастан, шырқап жылап, жоқтау айтып келедi. |
Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкiр боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттiң жебесiндей. ... үйдегi сөзге құлақ салып, не күлiп, не қымсынса, сұлу қастары бiр түйiле түсiп, бiр жазылып толқып қояды. Елбiреп барып дiр еткен қанат лебiндей. Самғап ұшар жанның жеңiл әсем қанатындай. Биiкке, алысқа мегзейдi. Көз алдында ... аппақ жұмыр бiлегi, жас баланың етiндей, ақ торғындай мойыны! Таң осы да... Өзi ғой! ...Ақ етiң аппақ екен атқан таңдай! Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезiммен үнсiз жырлап тұрған тәрiздi. ... арналған, ең алғашқы "ғашығым" деген жарына арналған жан жарының тұңғыш жолы осы едi. Ойша екi-үш ауыз махаббат сәлем айтып шықты. |
Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясынан үзінділер |
2-тапсырма 8 минут
«Жигсо-2» стр.
№ 1- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар
№1- сарапшы парағы
«... Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!» - деген қазақ неткен дана!..
1.Автор қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
2.Абайдың шешендік танытатын тұстарын мәтіннен тауып 3 мысалмен дәлелде.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
8.«Шешендік күші -шындық» (388-беттегі пікірді оқыңыз) деген тұжырымға өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№2- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар
№2- сарапшы парағы
« ... Абайға есіктен кірген самал да жайлы... Кейде жақын жердегі кең жәйілім - «Қорықтан» адырға қарай шеттей ұшқан топ үйректердің сыпсың қанат қағыстары естіледі. Ұяны сай жақтан, інді моладан салып ап, жұп-жұбайлы күндерге жаңа ауысқан саралақаз, италақаздар үн салып өтеді. Абай кітап оқып отырса да, көктемнің осы сияқты көп алуан жаңа тірлігін үнемі қатар сезеді. Ойлай сезеді. Үй жанынан кішкене, шымыр тұяқтарымен шапшаң дүбірлеп, топыр салып, жас қозы-лақтар жүгіріп өтті. Бір болымсыз себептен үркіп, ұйтқып безгендей. Әлі өмір танымайтын жас буын өз тірлігін үрке сүйеді»
- Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?........................
- Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «күн сәулесі» деталі арқылы жазушы нені меңзейді?
...............................................................................................................
3. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
4.Абайдың ғылым-білім туралы айтқан пікіріндегі ауыспалы мағынадағы деталь сөздерді, метафоралық қолданыстарды тауып жаз.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
5. «Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел» Ол қандай өткел? Абай арманы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№3- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар
№3- сарапшы парағы
«...Мен өз өмірімде оған жетпеспін... көрмеспін, ол күнді. Бірақ алда заман қатты өзгеріп, қауым мүлдем басқаша дәурен жасар. Басқа заңдар туғызып, үлкен ырысқа түгел халық болып еріскен күндер болар. «Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын» дегендеймін. ... мен өзіме ең «ақыл заман», «жақын заман» алдымда қол созып тұрғандай көремін... Халқыңды, қауымыңды соған әзірлей беруді ғана біл дегім келеді!- деді» (208-бет)
Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?...................
...............................................................................................................
2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
3. Автордың идеяны жеткізудегі шеберлігін үзіндіні негізге ала отырып,талдаңыз.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
4. Абайдың ақындық мұраты мен ««Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№4-топтағы оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар
№ 4-сарапшы парағы
«... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деген...»
- Бұл кім туралы, кімнің сөзі?
2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
9. Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «қапас бұлбұлы», «аппақ кіршіксіз» деп сипаттау арқылы жазушы нені меңзейді? Кейіпкерге қатысты алдыңғы әрекеттерімен байланыстыра отырып, талдаңыз.

10. Өнер өріс алу үшін, көкжиегі кеңею үшін не керек? Ойыңызды өрбітіп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып жазыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№5-топтағы оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар
№ 5-сарапшы парағы
«...Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза- Құнанбай» деді. Тағы да біраздан соң ол жиын: «Шешен кім?» деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай» деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «жақсы кім?» десті. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: - «Уай, Көкше, не оттап отырсың өзі?»-деп, Қаратайға қадала түсіп, - Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен?» - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп:
«Уай, тәйір-ай, мен Құнанбйдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ, «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» - деді...»
1.Бұл кім туралы? .....................................................
2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып жаз.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
3. Образ ашудағы маңыздылығы қандай? Шығарманың көркемдік құндылығын бағалап, үзінді арқылы дәлелдер келтіріп жазыңыз.
1)........................................................................................................................
2)........................................................................................................................
3)........................................................................................................................
10. Құнанбай бейнесіне қатысты көркемдік танымды тарихи таныммен салыстырып , ойыңызды өрбітіп, роман-эпопеямен үндестіріп, өзіндік ой қорытып, баға беріп жазыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Дескрипторлар |
Көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады. |
Пікірге өз көзқарасын білдіріп, баға беріп дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады. |
Оқиғаны өрбітудегі автор ойымен келісетінін немесе келіспейтінін байқатып, 3 маңызды мәселені айқындай алады. |
Өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіріп айтады. |
Өзге топқа барып, әр оқушы өз ойын 1 минуттан ортаға салып сөйлейді. 4 минут.
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин
Критерийлер |
| ||||
Үзінділердегі тарихи құндылықтарды айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтайды; | ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтауда қиналады; | ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтауда кейбір дәлсіздіктер байқалады; | ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтай алады; | ||
мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен оған қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды; | мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдауда қиналады; | мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдауда кейбір дәлсіздіктер байқалады; | мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды; | ||
көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады; | көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін талдауда қиналады; | көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін ашуда кейбір дәлсіздіктер байқалады; | көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады; | ||
пікірге өз көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады. | пікірге көзқарасын білдіруде, сыни баға беруде, дәлел келтіруде қиналады; | пікірге көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлел келтіруде кейбір дәлсіздіктер байқалады; | пікірге көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады. |
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин
Критерийлер |
| ||||
Үзінділердегі тарихи құндылықтарды айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтайды; | ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтауда қиналады; | ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтауда кейбір дәлсіздіктер байқалады; | ұлттық салт-дәстүрлер мен дәуір көрінісін сипаттайтын оқиғаларды анықтай алады; | ||
мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен оған қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды; | мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдауда қиналады; | мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдауда кейбір дәлсіздіктер байқалады; | мәтіннен 3 мысал алып, әрқайсының тарихи құндылық болу ерекшеліктері мен қайшы келетін көріністерді дәлел келтіріп талдайды; | ||
көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады; | көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін талдауда қиналады; | көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін ашуда кейбір дәлсіздіктер байқалады; | көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады; | ||
пікірге өз көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады. | пікірге көзқарасын білдіруде, сыни баға беруде, дәлел келтіруде қиналады; | пікірге көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлел келтіруде кейбір дәлсіздіктер байқалады; | пікірге көзқарасын білдіріп, сыни баға беріп, дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады. |
№ 1- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар
«... Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!» - деген қазақ неткен дана!..
1.Кімнің сөзі?
2.Мәтіннің қай тұсынан алынған үзінді?...............................................................................................
3. Неге айтылған? .......................................................................................................................................
4. Нені меңзейді? ......................................................................................................................................
5. Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?..........................................................
6.Кейіпкердің қандай сипатын танытады? ..............................................................................................
7.Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................................................
2)........................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
8.Абайдың шешендік танытатын тұстарын мәтіннен тауып 3 мысалмен дәлелде.
1)........................................................................................................................................................
2)........................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
9.Автор Абай шешендігін таныту үшін қандай тәсілдер қолданған? ...........................................................................................................................................................
«Шешендік күші -шындық» (388-беттегі пікірді оқыңыз) деген тұжырымға өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№2- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар
№2- сарапшы парағы
« ... Абайға есіктен кірген самал да жайлы... Кейде жақын жердегі кең жәйілім - «Қорықтан» адырға қарай шеттей ұшқан топ үйректердің сыпсың қанат қағыстары естіледі. Ұяны сай жақтан, інді моладан салып ап, жұп-жұбайлы күндерге жаңа ауысқан саралақаз, италақаздар үн салып өтеді. Абай кітап оқып отырса да, көктемнің осы сияқты көп алуан жаңа тірлігін үнемі қатар сезеді. Ойлай сезеді. Үй жанынан кішкене, шымыр тұяқтарымен шапшаң дүбірлеп, топыр салып, жас қозы-лақтар жүгіріп өтті. Бір болымсыз себептен үркіп, ұйтқып безгендей. Әлі өмір танымайтын жас буын өз тірлігін үрке сүйеді»
- «Еңісте» тарауының қай тұсынан алынған үзінді?...............................................
- Нені меңзейді? ......................................................................................................................................
- Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?.........................................................
- Қандай сипатын танытады? ...............................................................................................................
- Қандай мәселе көтерілген? ...............................................................................................................
- Қандай тәсіл қолданған? .......................................................................................................................
- Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «күн сәулесі» деталі арқылы жазушы нені меңзейді?
...............................................................................................................................................
8. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................................................
2)........................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
9.Абайдың ғылым-білім туралы айтқан пікіріндегі ауыспалы мағынадағы деталь сөздерді, метафоралық қолданыстарды тауып жаз.
1)........................................................................................................................................................
2)........................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
10. «Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел» Ол қандай өткел? Абай арманы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (130 сөз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№3- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар
№3- сарапшы парағы
«... шұбалаң құйрық, семіз торы атқа мінген. Үстінен қыс киімінің бірі, қалың күпіні тастамаған. Аяғында саптама етігі бар. Басына киген тымағы да қыс тымағы сияқты, қалың, ұзын жүн елтірі екен. Атын сипай қамшылап, сумаңдатып, қатты аяңдатып келеді. Денесі еңгезердей болғанда, қалың киімі онан сайын зорайтып, молайта түскен. Етігінің басы атының қолтығынан аса салбырап келеді...»
- Бұл кім? .....................................................................................
- «Еңісте» тарауының қай тұсынан алынған үзінді?...............................................................................................
- Нені меңзейді? ......................................................................................................................................
- Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?............................................................................
- Қандай сипатын танытады? .................................................................................................................
- Қандай мәселе көтерілген?.........................................................................................................................
.........................................................................................................................................................................
8. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................................................
2).......................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
9. Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «Қырыс қабақ, қою қастың астында көз еті де қалыңдау, томпақтау» деп сипаттау арқылы жазушы нені меңзейді? Кейінгі әрекеттерімен байланыстыра отырып, талдаңыз.
1)........................................................................................................................................................
2)........................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
10. Кейіпкердің намыс қылып жүргені Абай үшін намыс па? Неге? «Намыс» ұғымы туралы пікіріңізді жазыңыз.Үзіндіні мәнерлеп оқуға даярланыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (130 сөз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
№4-топтағы оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар
№ 4-сарапшы парағы
«... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деген...»
- Бұл кім туралы, кімнің сөзі? .................................................................................................................
- «Еңісте» тарауының қай тұсынан алынған үзінді?.......................................................
- Нені меңзейді? .........................................................................................................................................
- Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?..................................................
- Қандай сипатын танытады?.........................................................................................
- Қандай мәселе көтерілген? .....................................................................................................................
- Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «күн сәулесі» арқылы жазушы нені меңзейді?
...............................................................................................................................................
8. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда.
1)........................................................................................................................................................
2)........................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
9. Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «қапас бұлбұлы», «аппақ кіршіксіз» деп сипаттау арқылы жазушы нені меңзейді? Кейіпкерге қатысты алдыңғы әрекеттерімен байланыстыра отырып, талдаңыз.
1)........................................................................................................................................................
2)........................................................................................................................................................
3)........................................................................................................................................................
10. Өнер өріс алу үшін, көкжиегі кеңею үшін не керек? Ойыңызды өрбітіп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып жазыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (130 сөз)
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
4-тапсырма
Шығарма жұмыстарыңды топта оқы, ең үздігін таңдап ал, «Автор орындығында» отырып оқы.
Дескрипторлар «Жетті» деп есептеледі, егер : |
Берілген үзіндіден 3 детальді тауып талдай алады. |
Көркемдегіш сөздердің түрін ажыратып, мәнін аша алады. |
Пікірге өз көзқарасын білдіріп, баға беріп дәлелді түрде көркем тілмен жаза алады. |
Оқиғаны өрбітудегі автор ойымен келісетінін немесе келіспейтінін байқатып, 3 маңызды мәселені айқындай алады. |
Өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіріп айтады. |
5-тапсырма
«Карусель» әдісі
- топ
«Еңісте» тарауының 1-2- бөлімшесі бойынша автормен келісетін 3 мәселені және автормен келіспейтін 3 мәселені анықтаңыздар да, диктафонға жазып кетіңіздер. Келесі үстелге барғанда, жазып кеткен топтың пікірін тыңдап, өз пайымдауларыңызды қоса жазып кетіңіздер.
2-топ
«Еңісте» тарауының 3- бөлімшесі бойынша автормен келісетін 3 мәселені және автормен келіспейтін 3 мәселені анықтаңыздар да, диктафонға жазып кетіңіздер. Келесі үстелге барғанда, жазып кеткен топтың пікірін тыңдап, өз пайымдауларыңызды қоса жазып кетіңіздер.
3-топ
«Оқапта» тарауының 1- бөлімшесі бойынша автормен келісетін 3 мәселені және автормен келіспейтін 3 мәселені анықтаңыздар да, диктафонға жазып кетіңіздер. Келесі үстелге барғанда, жазып кеткен топтың пікірін тыңдап, өз пайымдауларыңызды қоса жазып кетіңіздер.
4-топ
«Оқапта» тарауының 2- бөлімшесі бойынша автормен келісетін 3 мәселені және автормен келіспейтін 3 мәселені анықтаңыздар да, диктофонға жазып кетіңіздер. Келесі үстелге барғанда, жазып кеткен топтың пікірін тыңдап, өз пайымдауларыңызды қоса жазып кетіңіздер.
Әр топта бақылаушы болады.
Бақылаушы әр өлшем бойынша қатысушыларға 5 ұпайлық жүйемен баға береді. Бақылаушының есепке алатын өлшемдері:
Топтағы оқушылардың аты-жөні | Топ лқушыларының «Еңісте», «Оқапта» тарауларындағы басты оқиғаларды білуі | Берілген бөлімше бойынша маңызды мәселелерді тауып, топқа ұсыныс айта алады | Оқиғаны өрбітудегі автор ойымен келісетінін немесе келіспейтінін байқатып, 3 маңызды мәселені айқындай алады. | Өзгелердің пікіріне өз көзқарастарын білдіріп, диктафонға жазып кетеді | Жалпы ұпай саны |
Ықтимал жауаптар:
№1 сарапшы парағы
«... Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!» - деген қазақ неткен дана!..
Тапсырмалардың жауаптары:
1. «Жайлауда» тарауының соңы. Абайдың сөзі. (Жазушы Абайдың аузына халық даналығын салады). Базаралының әділетсіздікке қарсы күресін сипаттап тұр. Оралбай мен Керімбаланың өз махаббат сезімдері үшін жасаған сәтсіз қадамдары, осы оқиғаға орай Базаралының жастарды қолдап көмек көрсетпек болуы, алайда сәтсіз аяқталғанымен, болашақ тізгіні жастардың қолында, жастардың тегеурінді әрекетінде жатқанын меңзейді. «Арыстан», «айға шауып» «арыстандық ету», «ақ сұңқар», «сұңқарлық ету» сөздері дәстүрлі метафоралық қолданыста алынған. «Арыстан» бейнесі арқылы Оралбай, Керімбала және Базаралының бас бостандығы жолындағы күресі, яғни әйел теңсіздігіне қарсы күресі алынса, «айға шабу», «ауға шырмалу» қол жетпеске ұмтылуды, қиындыққа маталу, күрес жолындағы жеңілісін, сәтсіз қадамын айтады. Ал «арыстандық», «сұңқарлық етпей қоймас» метафоралық тіркестері арқылы осы жеңілістің уақытша екенін артында ұлы күш, жастардың тегеурінді күресі келе жатқанын меңзейді. Жазушы халық шешендігін қолдану арқылы Абайдың шешендігінің күші халықтан бастау алғанын танытқан. Ақын болашақтан зор үміт күтеді.
- Абайдың шешендігін танытатын тұстарын мәтіннен тауып 3 мысалмен дәлелде. Автор Абай шешендігін таныту үшін қандай тәсілдер қолданған? Талдаңыз.
Ықтимал жауап: Абайдың шешендігін, ақындық қабілетін жазушы мынадай оқиғаларда танытады: 1) Әжесінің құлағын үшкіргенде өлеңдетуі:
Ұшады бозша торғай көдені ықтап,
Басасың аяғыңды нықтап-нықтап,
Кәрі әжем естімейді нана берсін,
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап.
2) Құлыншақтың: «Ақперді! Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді, - деп, ащы мысқылмен күлген сөзін іліп әкетіп:
Бақ берген емей немене,
Борсақтан қалған аз жерді.
Менікі деп тап берді деңіз- деп тапқырлықпен жауап қайырады.
3) (Теңеу, метафора, эпитет, психологиялық параллелизм, аллегория, т.б.) Кітапханадағы Абайды қағытқан чиновниктің «Гоголь кітапханасына қашаннан бері түйелер жіберілетін болған?» деген сөзіне Абайдың: «Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, бұнда ол түгіл, есек те отырыпты ғой!» деген жауабындағы «түйе», «есек» сөздерінің аллегориялық қолданыста тұрып, ажуалап, астарлап сөйлеу, кекету арқылы күлкі, ащы мысқыл туғызуын жазушы диалог арқылы ұтымды берген.
Тәкежан мен Қаражанның 12 жасар ұлы Мақұлбай қайтыс болғанда, жоқтау жырын шығарып, Әйгерімге айтқызады:
Қызыл балақ қыранның,
Балапанын дерт алды.
Жеміс ағаш бәйтерек,
Балдырғанды өрт алды.
4. «... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деп Әйгерімге айтқан сөзінен астарлап, бейнелі сөйлейтін, шешендік қабілеті танылады.
№2 сарапшы парағы
« ... Абайға есіктен кірген самал да жайлы... Кейде жақын жердегі кең жәйілім - «Қорықтан» адырға қарай шеттей ұшқан топ үйректердің сыпсың қанат қағыстары естіледі. Ұяны сай жақтан, інді моладан салып ап, жұп-жұбайлы күндерге жаңа ауысқан саралақаз, италақаздар үн салып өтеді. Абай кітап оқып отырса да, көктемнің осы сияқты көп алуан жаңа тірлігін үнемі қатар сезеді. Ойлай сезеді. Үй жанынан кішкене, шымыр тұяқтарымен шапшаң дүбірлеп, топыр салып, жас қозы-лақтар жүгіріп өтті. Бір болымсыз себептен үркіп, ұйтқып безгендей. Әлі өмір танымайтын жас буын өз тірлігін үрке сүйеді»
1. Талдауға қажетті ықтимал жауаптар немесе мұғалімнің бағыт-бағдары үшін: «Жел» -Мағжанда бостандық символы, ал Әуезов бұл арада «желді» Абай үшін жаңалық жаршысы ретінде қолданған. Самал жел – жайлы жел; Абай үшін жаңа бір ізденістің бастауы болған көктем көрінісі; «жас қозы -лақтар» «шымыр тұяқтары» сияқты детальдар (Оралбайлар сияқты) келе жатқан жас буынның мықтылық айғағындай, т.б.
2. Жазушының Абайдың кітапқа, ғылым-білімге бас қойғандағы сәтін сипаттау үшін қолданған ауыспалы мағынадағы деталь сөздерді, метафоралық қолданыстарды тауып жаз.
«Еңісте» тарауының басындағы: «Еңсесі биік отаудың оң жақтағы тұскиіз, шымылдығына шаңырақтан түскен күн сәулесінде көктемдік, жаңа , ашық рең бар. ...Орыс тілінде жазылған ұзақ әңгімені Абайдың ең алғаш рет еркін ұғып, тіл бөтендігін жеңген кезі осы. Ұғымды болған кітап бірінші өткел болды. Таза, сары, ашық өткелдей. Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел.»3.«Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел» Ол қандай өткел? Абай арманы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз.
№4 сарапшы парағы
«... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін нтуысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деген...»
Ықтимал жауап: Әйгерімнің өнеріне жасалған қиянат арқылы жазушы сол замандағы өнер адамдарына жасалған қысастықты; әйел теңсіздігі және әлеуметтік теңсіздік мәселесін танытады; Абайдың өнерді бағалау мәдениеті мен өресін танытады. Бұлбұл –метафоралық қолданыста тұр, әнші құс. Әйгерімнің әншілік өнерін бұлбұл құсқа балайды да, өзін бұлбұлды қамаған аушыға теңейді.
3.Өнер өріс алу үшін, көкжиегі кеңею үшін не керек? Өнер өріс алып, көкжиегі кеңею үшін еркіндік, бостандық керек.
5-тапсырма
«Карусель» әдісі белгілі бір мәселені жан-жақты талқылауға тиімді, әрі барлық оқушылардың белсенді әрекеті арқылы жүзеге асады.
Шарты: Әр топтың оқушылары өздеріне тиесілі бөлімше бойынша автормен келісетін 3 мәселені және автормен келіспейтін 3 мәселені анықтайды да, диктафонға жазып, сағат тілі бағытымен келесі топтың үстеліне жылжиды. Келесі үстелге барғанда, жазып кеткен топтың пікірін тыңдап, талқылап, өз пайымдауларын қоса жазып, келесі топтың үстеліне жылжып, осы ретпен жұмыс істейді. Орталарында әр топтан бір-бір бақылаушы арнайы бағалау өлшемдері бойынша бақылап, белгілеп отырады.
Бақылаушы әр өлшем бойынша қатысушыларға 5 ұпайлық жүйемен баға береді. Бақылаушының есепке алатын бағалау өлшемдері:
Топтағы оқушылардың аты-жөні | Топ лқушыларының «Еңісте», «Оқапта» тарауларындағы басты оқиғаларды білуі | Берілген бөлімше бойынша маңызды мәселелерді тауып, топқа ұсыныс айта алады | Оқиғаны өрбітудегі автор ойымен келісетінін немесе келіспейтінін байқатып, 3 маңызды мәселені айқындай алады. | Өзгелердің пікіріне өз көзқарастарын білдіріп, диктафонға жазып кетеді | Жалпы ұпай саны |
Бақылаушының есебі тыңдалады.
Оқушылар жұмыс туралы пікірлерін «Бағдаршам» арқылы білдіреді.
Рефлексия.
«Ақылдың алты қалпағы» әдісін пайдалануға болады.
«Ақ қалпақ» киген оқушы сабақта қамтылған қажетті ақпаратқа назар аударта сөйлейді.
«Сары қалпақ» киген оқушы жетістіктер мен жақсылықтары туралы шынайы түрде сеніммен айтады.
«Қара қалпақ» киген оқушыдың таңдауындағы кемшіліктерді айтады.
«Қызыл қалпақ» киген оқушы келесі сабаққа болжам жасайды.
«Жасыл қалпақ» киген оқушы сабақ туралы креативті, жаңа идеялар айтады.
«Көк қалпақ» киген оқушы барлық айтылған сөздерге сараптама жасап сөйлейді.
Ф бағалау
Оқушылар білімін толықтыру үшін үйге оқуға ұсынылады.
«СОҒЫС және БЕЙБІТШІЛІК» – ТЕКТІЛЕР мен ТЕКСІЗДЕРДІҢ ТАРИХЫ
Айгүл ІСІМАҚОВА,филология ғылымдарының докторы, профессор:
Жақсы кітап – жан азығы. Мейлі, ол өзге ұлт өкілінің қаламынан туып, өз ана тіліңнен бөлек тілде жазылса да. Өйткені әдебиет – әлемге ортақ қазына, жалпы адамзатты тәрбиелейтін рухани құндылық. Әлем әдебиетінің жауһарлары дегенде көпшілік оқырман алдыңғы лекте ғұлама жазушы Лев Толстойдың әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын атайтыны анық. Жалпы, алғаш осыдан 145 жыл бұрын жарық көрген шығарманың әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпай келе жатуының сыры неде?
– Айгүл Серікқызы, орыс халқының алып жазушысы Лев Толстойдың әлем әдебиетінің жауһарына айналған әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романының көркемдік құндылығы неде?– Әлихан Бөкейхан 1914 жылы «Қазақ» газетінің 48-нөмірінде «Арыс ұлы» деген бүркеншік атпен жариялаған «Роман деген не?» атты мақаласында былай дейді: «Романның ішкі мағынасы: тіршіліктің жарық һәм күңгірт жағын бейне өзіндей етіп суреттеп, адамның өзіне көрсету. Роман адамзаттың өмірін, дәуірін бұлжытпай көрсетуші баға жетпес айна. Роман суреттеп көрсетеді: я бір адамның, я бір нәсілдес, бір тілдес халықтың өмірін, яки бір қалыптағы заманның қатардағы жәмәғитын, я қилы-қилы замандарда болып кеткен халықтардың өмір халін. Романның асыл мақсұды: адамзаттың мінез-құлқын түзетпек, кемшілікті, қараңғылықты адамзаттан қумақ. Мұнан мұрад, ол адам баласына үйретінді үлгі, тәрбие бермек.Осы кезде роман адамды жоғары, төменге бөлмей, шетке қақпай, талғамай сынап жазып отыр, яғни роман көпке бірдей болып, романнан һәркім өз керегін алады, өз мінін я артықшылығын табады.Осы заманда роман жазылады: тұтас халықтың, буын-буын елдің, патшалықтың, мәжілістің жайлары, адамның білім-өнерін, шаруа-тұрмысын.Осы рет, осы мағынамен 18 һәм 19-ыншы ғасырда атақты роман шығарушылар: Әнглиеде Валтер Скот, Чарлз Диккенс, Уйлием Теккерей, орыста Пушкин, Гогол, Лермонтов, Толстой һәм басқалар. Толстой өзінің данышпандық һәм хәкімлік жағынан «Соғыс һәм татулық» деген роман жазып шығарғандығымен бүтін жер үстіндегі адам баласына атағы жайылды. Мұнда Толстой алуан-алуан адамның мінез-хұлқын бірін қалдырмай тізіп, адам өмірінің жіңішке қылдай жерін суреттеп көрсетеді. «Соғыс һәм татулық» романында бар: патша да, міністр де, төре де, офитсер де, салдат та, кәсіпшілер де, саудагерлер де, байлар да, қызметшілер де, егінші де, мұғалім де, шәкірд те, би де, песір де, еркек те, әйел де, бала да, кәрі де, жас та. Осылардың бар өмірі, мінез-хұлқы, әділдік-зорлығы, артық-кемі, күшті-әлсізі, бәрі де көз алдыңа келіп тұрғандай елестейді. Романды түсініп оқыған адам әлгі айтқанның бәрін көреді, сондықтан роман өмір айнасы.» (Ә.Бөкейхан. «Таңдамалы». «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. Алматы, 1995).Мен 2015 жылы Толстой өмір сүрген, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазған Ясная Поляна мұражай-қонысында (Тула облысы, Ресей) «Лев Толстой және қазіргі әлем әдебиеті» тақырыбында өткен xалықаралық симпозиумға қатыстым. Сонда жасаған баяндамамда Әлихан Бөкейханның әлгінде үзіндісін айтып өткен мақаласын негізге алдым. Осыдан 104 жыл бұрын Әлиханның, өз сөзімен айтқанда, «Соғыс һәм татулық» романына нақты баға беруі шетелдік толстойтанушыларды таңғалдырғанын мақтанышпен айта аламын.– Романға арқау болған қандай мәселе әлі күнге дейін өзекті деп ойлайсыз?– «Соғыс және бейбітшілік» – кешегі орыс қоғамындағы тектілер мен тексіздердің тарихы. Романда кейіпкерлердің әрқайсысының өмір жолы арқылы тұтас халықтың тарихы ғана емес, психологиясы да ашып көрсетіледі. «Соғыс және бейбітшілік» – сол кезде асқақтап тұрған Ресей қоғамының айнасы болса, бүгінгі Ресей қоғамы үшін сын болып табылатын шығарма. Шетелде «Ресей халқын, оның психологиясын тану үшін Толстойды оқу керек» деген қағиданы ұстанатын интеллектуалдық орта бар. Олар үшін орыстың әлемдік деңгейдегі шығармаларының көш басында «Соғыс және бейбітшілік» романы тұрады. Әлем әдебиетінде Лев Толстой сияқты соғыс және бейбітшілік xронотопы негізінде текті мен тексіздің псиxологиясын һәм табиғатын анықтап, оның бетпердесін нақты іс-әрекеттер арқылы ашып берген жазушы болған емес. Жалпы, мен үшін романдағы басты мәселе – адам адамдығын сақтап қалуы үшін не істеуі керек? Жан азабы мен тән азабы не үшін берілген? Текті деп кімдерді айтуға болады?– Әлгінде өзіңіз қатысқан шетелдік симпозиум туралы айтып өттіңіз. Жалпы, шетелдік әдебиеттанушылар «Соғыс және бейбітшілік» романының қандай қырларын баса зерттеп жүр?– Ясная Полянада Гарвард университеті профессорларының ұйымдастыруымен екі жылда бір халықаралық аудармашылар семинары және үш жылда бір ғылыми конференция өткізіледі. Семинарға тұрақты түрде қатысып тұратын жапон әдебиетшілері Толстой мен Достоевский екеуін бір деңгейде өте жоғары бағалайды. Олар Толстойды танып қана қоймай, орыс әдебиетшілерімен бірге Толстойдың шіркеуден кету сырын зерттейтін көлемді ғылыми зерттеулер де жазуда. Конференцияның тұрақты модераторы, Гарвардтың профессоры Донна Орвиннің «Лев Толстой: пацифист, патриот және азамат» атты баяндамасы жаңашыл ұстанымымен елең еткізді. Ал Маша Синдельман америкалық әйелдер Наташа Ростованы не үшін жақсы көретінін өз зерттеуіне арқау еткен. Симпозиумда ағылшынның әйгілі жазушысы Уильям Теккерейдің «Бақталастық базары» романының жазылуына «Соғыс пен бейбітшіліктің» тікелей әсері болғаны да айтылды (Ирина Гнюсова). Кавказдық әдебиетшілер Толстойды мұсылман деп, оның мұсылмандық көзқарастарын айтып келеді. Бірақ мұрағат деректері жоқ. Осы орайда Инесса Миджебоцкаяның «Толстой: діни ұстанымы жайлы талас-тартыстар» атты зерттеуі – Толстойдың мұсылмандығын дәлелдейтін, оның ұрпақтарына жазған хаттарындағы дін, ар-ұят туралы ойларын дерек ретінде келтірген жоғары деңгейдегі баяндама болды. Негізі, Толстойдың бұл романына біржақты көзқараспен қарамауымыз керек. Тағы бір шетелдік ғалым Дэвид Слоунның «Толстойдың Кантты тануы» тақырыбындағы баяндамасын да ықылас қоя тыңдадық. Толстойдың кітапханасында Канттың кітаптары баршылық. Ол өзіне ұнаған тұстардың астын сызып оқыған. «Толстой мен Жан Жак Руссо: идея және жетілу» атты қос алыптың адамзаттың ой иесі ретінде тұлғалануы туралы баяндаманы да жиылған қауым ұйып тыңдады. Ал Карин Бектің «Соғыс және бейбітшіліктегі» сөйлеу және баяндау тілі» баяндамасы бізді теориялық маңыздылығымен елең еткізді. Мәселен, романдағы Андрей Болконскийдің жараланып, көк аспан астында шалқасынан жатып, «Мен бұл өмірде не бітірдім?» деген сауалға жауап іздейтін ой толғауы… Ғалым өз еңбегінде роман кейіпкерлерінің сөйлеу актілерін олардың соңғы сөзі – жаны үзілгенге дейінгі аралықта қарастырған. Сол арқылы Толстойдың көркемдік дискурсын айқындап көрсете білді. Соңғы баяндамалардың бірі «Соғыс және бейбітшілік: үлгі ме әлде үлгі емес пе?» деген тақырыпта оқылды. Бұл орайда «Толстой дворян болды, ол өз заманын үлгі ретінде жазды» деген пікірлер де айтылды. Алайда Толстой өз романын тек үлгі ретінде жазбаған. Романда жазушының өз замандастарынан көңілі қалуы да, ұсақ-түйекке алданып өмір сүрудің орнына одан қонақ ретінде өтіп бара жатқандардың, жалпы, бәрінен жалыққан кісінің құсалығы да бар. Соғысушылар – билік басындағылардың көзқарасы мен соғыстың қорлығын көріп жатқан қарапайым халықтың қасіреті бар. Сондай-ақ Ольга Славицкаяның «Соғыс және бейбітшілік» – біз жоғалтып алған сыр», Эгене Чомудардың «Соғыс және бейбітшілік» сиқырлы ертегі» секілді» баяндамаларын да «бізде осындай зерттеулер жоқ-ау» деп қызыға тыңдадық. Жалпы, барлық зерттеушінің тұжырымы бойынша «Соғыс және бейбітшілік» – Толстойдың ең басты шығармасы. Өкінішке қарай, қазіргі Ресей қоғамы Толстойды көп насихаттамайды. Ясная Полянада ұйымдастырылатын осы тектес ғылыми іс-шаралардың басында жүргендер – тек қана шетелдік зерттеушілер, Гарвардтың профессорлары.Баяндамамда Шәкәрімнің Толстойға хат жазуына Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, сол кезде Мәскеуде оқыған Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мағжан Жұмабай себепкер болғаны анық екенін айттым. Мағжанның Ясная Полянаға бірнеше рет барғаны туралы Осип Мандельштамның естелігінде айтылған. Әзірге қолымызда ешқандай мұрағат дерегі жоқ. Орыстар Толстойды христиан етуді өздеріне ұлттық абырой санайды. Сол себепті бұл – әзірге жабық мағлұмат. 2034 жылы Толстой мұрағаты толық ашылғаннан кейін ғана бұл мәселенің түйіні шешіледі деп ойлаймын. Лев Толстойдың 1901-1910 жылдардағы мұрағаттық деректері: xаттары, кімдер келгені, кімдермен пікір алысқаны Чертков деген xатшының ұйғаруымен1910 жылдан бастап ресми жабық деп бекітілген.– Оқырман ретінде шығарманың қай тұстары әлі күнге дейін ерекше әсерлендіреді?–Мен «Соғыс және бейбітшілікті» оқушы кезімде қызықты шығарма ретінде ғана қабылдайтынмын. Кейіпкерлерге жаным ашып, тебіреніп оқитынмын. Мәскеуде аспирантурада оқып жүргенімде кейіпкерлерге Толстойдың өз ойларын жеткізудегі құралдары ретінде қарай бастадым. Ал бүгінде шетел әдебиетшілерімен пікір алмасқаннан кейінгі қабылдауым мүлдем басқаша. Қай заманда да тектілер мен тексіздер, адамдық пен пенделік, уақыт пен заманның қадірін білетіндер һәм оны білуге мұршасы келмейтіндер баршылық. Адам баласына бір-ақ рет берілетін осынау өмірде абырой сақтап өтуді және айналасына хайуандық емес, адамдық көзқараспен қарап өтуді басты құндылық санаған Толстойдың имандылық көзқарастарын өзі жақсы көрген кейіпкерлері арқылы ашып көрсетуі өз басыма ерекше әсер етеді. Мәселен, жап-жас дворян, Отанына қызмет етуді басты абырой санаған офицер Андрей Болконскийдің «Мен бұл өмірде не бітіріп үлгердім?» деген шекспирлік сауалға жауап іздеуі; Пьер Безуховтың жан тазалығын аттай алмай өтіп бара жатқан Дон Киxоттық ғұмыры; Толстойдың «әйел осындай болуы керек» деген көзқарасын арқалаған сүйікті кейіпкері Наташа Ростова… Наташа сынды дворян отбасында туып, жақсы тәрбие алған текті қыздың қара басының ғана емес, маңайындағы шаруалардың да қамын ойлауы, «біз бәріміз бір жерде туып, бір тілде сөйлеп, бір ұлттық биді бірге билейтін адамбыз ғой» деп, өзін маңайындағы қарапайым xалықпен тең санауы, оларға жанымен жақсылық тілеуі – қазіргі заманда да ұмыт болып бара жатқан қасиет.Жалпы, Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы – адамзат тариxының, адамның ары мен жан тазалығын сақтап қалу жолының бірден-бір көркем шежіресі болып қала бермек. Сондықтан Толстой бүгін де оқылады, бүгін де әлемдік кино индустриясының басты мәтіні болып келеді.
СұхбаттасқанМәдина СЕРІКҚЫЗЫ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?