Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Сабақ: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім/ сабақтың тақырыбы | Ғасырлық туынды Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсатына сілтеме | 11.3.1.1 шығарманы әдем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясындағы тарихи құндылықтарды салыстыру және сыни тұрғыдан бағалау; М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ндағы көркемдік детальдардың автор идеясын жеткізудегі маңызын талдай отырып, шығарманың көркемдік құндылығына баға беру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту |
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылым. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, география, қазақ тілі, өзін-өзі тану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәнге байланысты сөздер және терминдер: эпитет, метафора, психологиялық параллелизм , теңеу, метонимия ұғымдарын еске түсіреді, жаңа жағдайда қолданады. Роман-эпопея, тарихи және көркемдік құндылықтар т.б. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | «Абай жолы» роман-эпопеясының «Өрде», «Қияда», «Еңісте» тарауларының мазмұнын біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Сабақ мазмұны | Дереккөздері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 3 минут
| Қызығушылықты ояту сатысы: «Көзімнің қарасы» әнін сынып болып, бірге орындайды. 2 мин http://www.youtube.com/watch?v=AZm_Nd1rJRM Топтастыру Топқа бөлгенде оқушылар портрет пен сөздердің қай кейіпкерге тән екенін дұрыс ажырату арқылы өз топтарын табуы керек. 1-топ Абай 2-топ Құнанбай 3-топ Зере мен Ұлжан 4-топ Тоғжан 5-топ Базаралы
| № 2 таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 34 мин | Мағынаны тану сатысы Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. 4 мин Ой шақыру. Романда қандай тарихи және көркемдік құндылықтар көрініс тапқан? 2 минут ойларын жазады. Топта талқылап ортаға салады. Сыныпта ортаға салады. 1-тапсырма 8 мин. Т
Дескриптор:
Топтардың жұмыстарын қорғауға 10 минут беріледі. 2-тапсырма 8 минут «Жигсо-2» стр. № 1- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар №1- сарапшы парағы «... Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!» - деген қазақ неткен дана!.. 1.Автор қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 2.Абайдың шешендік танытатын тұстарын мәтіннен тауып 3 мысалмен дәлелде. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 8.«Шешендік күші -шындық» (388-беттегі пікірді оқыңыз) деген тұжырымға өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. №2- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар №2- сарапшы парағы « ... Абайға есіктен кірген самал да жайлы... Кейде жақын жердегі кең жәйілім - «Қорықтан» адырға қарай шеттей ұшқан топ үйректердің сыпсың қанат қағыстары естіледі. Ұяны сай жақтан, інді моладан салып ап, жұп-жұбайлы күндерге жаңа ауысқан саралақаз, италақаздар үн салып өтеді. Абай кітап оқып отырса да, көктемнің осы сияқты көп алуан жаңа тірлігін үнемі қатар сезеді. Ойлай сезеді. Үй жанынан кішкене, шымыр тұяқтарымен шапшаң дүбірлеп, топыр салып, жас қозы-лақтар жүгіріп өтті. Бір болымсыз себептен үркіп, ұйтқып безгендей. Әлі өмір танымайтын жас буын өз тірлігін үрке сүйеді»
............................................................................................................... 3. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 4.Абайдың ғылым-білім туралы айтқан пікіріндегі ауыспалы мағынадағы деталь сөздерді, метафоралық қолданыстарды тауып жаз. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 5. «Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел» Ол қандай өткел? Абай арманы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз) ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. №3- топтағы оқушыларға арналған тапсырмалар №3- сарапшы парағы «...Мен өз өмірімде оған жетпеспін... көрмеспін, ол күнді. Бірақ алда заман қатты өзгеріп, қауым мүлдем басқаша дәурен жасар. Басқа заңдар туғызып, үлкен ырысқа түгел халық болып еріскен күндер болар. «Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын» дегендеймін. ... мен өзіме ең «ақыл заман», «жақын заман» алдымда қол созып тұрғандай көремін... Халқыңды, қауымыңды соған әзірлей беруді ғана біл дегім келеді!- деді» (208-бет) Автор осы сөз арқылы кімнің образын ашып тұр?................... ............................................................................................................... 2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 3. Автордың идеяны жеткізудегі шеберлігін үзіндіні негізге ала отырып,талдаңыз. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 4. Абайдың ақындық мұраты мен ««Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып айтыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз) ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. №4-топтағы оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар № 4-сарапшы парағы «... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деген...»
2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып талда. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 9. Осыдан кейінгі абзацтарда айтылған «қапас бұлбұлы», «аппақ кіршіксіз» деп сипаттау арқылы жазушы нені меңзейді? Кейіпкерге қатысты алдыңғы әрекеттерімен байланыстыра отырып, талдаңыз. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 10. Өнер өріс алу үшін, көкжиегі кеңею үшін не керек? Ойыңызды өрбітіп жазыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясымен үндестіріп, өзіндік ой қорытып жазыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз) ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. №5-топтағы оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар № 5-сарапшы парағы «...Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза- Құнанбай» деді. Тағы да біраздан соң ол жиын: «Шешен кім?» деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай» деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «жақсы кім?» десті. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: - «Уай, Көкше, не оттап отырсың өзі?»-деп, Қаратайға қадала түсіп, - Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен?» - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Уай, тәйір-ай, мен Құнанбйдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ, «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» - деді...» 1.Бұл кім туралы? ..................................................... 2. Қандай тәсіл қолданған? Үзіндіден 3 детальді тауып жаз. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 3. Образ ашудағы маңыздылығы қандай? Шығарманың көркемдік құндылығын бағалап, үзінді арқылы дәлелдер келтіріп жазыңыз. 1)........................................................................................................................ 2)........................................................................................................................ 3)........................................................................................................................ 10. Құнанбай бейнесіне қатысты көркемдік танымды тарихи таныммен салыстырып , ойыңызды өрбітіп, роман-эпопеямен үндестіріп, өзіндік ой қорытып, баға беріп жазыңыз. (Ойыңызға 3 түрлі дәлел келтіріңіз) (60 сөз) .................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Өзге топқа барып, әр оқушы өз ойын 1 минуттан ортаға салып сөйлейді. 4 минут. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин Ескерту: Мұғалім оқушыларға деңгейіне қарай қолдау көрсету үшін кейбір сарапшы парақтары бойынша ықтимал жауаптар төменде ұсынылды: №1 сарапшы парағы «... Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!» - деген қазақ неткен дана!.. Тапсырмалардың жауаптары: 1. «Жайлауда» тарауының соңы. Абайдың сөзі. (Жазушы Абайдың аузына халық даналығын салады). Базаралының әділетсіздікке қарсы күресін сипаттап тұр. Оралбай мен Керімбаланың өз махаббат сезімдері үшін жасаған сәтсіз қадамдары, осы оқиғаға орай Базаралының жастарды қолдап көмек көрсетпек болуы, алайда сәтсіз аяқталғанымен, болашақ тізгіні жастардың қолында, жастардың тегеурінді әрекетінде жатқанын меңзейді. «Арыстан», «айға шауып» «арыстандық ету», «ақ сұңқар», «сұңқарлық ету» сөздері дәстүрлі метафоралық қолданыста алынған. «Арыстан» бейнесі арқылы Оралбай, Керімбала және Базаралының бас бостандығы жолындағы күресі, яғни әйел теңсіздігіне қарсы күресі алынса, «айға шабу», «ауға шырмалу» қол жетпеске ұмтылуды, қиындыққа маталу, күрес жолындағы жеңілісін, сәтсіз қадамын айтады. Ал «арыстандық», «сұңқарлық етпей қоймас» метафоралық тіркестері арқылы осы жеңілістің уақытша екенін артында ұлы күш, жастардың тегеурінді күресі келе жатқанын меңзейді. Жазушы халық шешендігін қолдану арқылы Абайдың шешендігінің күші халықтан бастау алғанын танытқан. Ақын болашақтан зор үміт күтеді.
Ықтимал жауап: Абайдың шешендігін, ақындық қабілетін жазушы мынадай оқиғаларда танытады: 1) Әжесінің құлағын үшкіргенде өлеңдетуі: Ұшады бозша торғай көдені ықтап, Басасың аяғыңды нықтап-нықтап, Кәрі әжем естімейді нана берсін, Берейін өлеңіммен шын ұшықтап. 2) Құлыншақтың: «Ақперді! Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді, - деп, ащы мысқылмен күлген сөзін іліп әкетіп: Бақ берген емей немене, Борсақтан қалған аз жерді. Менікі деп тап берді деңіз- деп тапқырлықпен жауап қайырады.
Қызыл балақ қыранның, Балапанын дерт алды. Жеміс ағаш бәйтерек, Балдырғанды өрт алды. 4. «... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деп Әйгерімге айтқан сөзінен астарлап, бейнелі сөйлейтін, шешендік қабілеті танылады. №2 сарапшы парағы « ... Абайға есіктен кірген самал да жайлы... Кейде жақын жердегі кең жәйілім - «Қорықтан» адырға қарай шеттей ұшқан топ үйректердің сыпсың қанат қағыстары естіледі. Ұяны сай жақтан, інді моладан салып ап, жұп-жұбайлы күндерге жаңа ауысқан саралақаз, италақаздар үн салып өтеді. Абай кітап оқып отырса да, көктемнің осы сияқты көп алуан жаңа тірлігін үнемі қатар сезеді. Ойлай сезеді. Үй жанынан кішкене, шымыр тұяқтарымен шапшаң дүбірлеп, топыр салып, жас қозы-лақтар жүгіріп өтті. Бір болымсыз себептен үркіп, ұйтқып безгендей. Әлі өмір танымайтын жас буын өз тірлігін үрке сүйеді» 1. Талдауға қажетті ықтимал жауаптар немесе мұғалімнің бағыт-бағдары үшін: «Жел» -Мағжанда бостандық символы, ал Әуезов бұл арада «желді» Абай үшін жаңалық жаршысы ретінде қолданған. Самал жел – жайлы жел; Абай үшін жаңа бір ізденістің бастауы болған көктем көрінісі; «жас қозы -лақтар» «шымыр тұяқтары» сияқты детальдар (Оралбайлар сияқты) келе жатқан жас буынның мықтылық айғағындай, т.б. 2. Жазушының Абайдың кітапқа, ғылым-білімге бас қойғандағы сәтін сипаттау үшін қолданған ауыспалы мағынадағы деталь сөздерді, метафоралық қолданыстарды тауып жаз. «Еңісте» тарауының басындағы: «Еңсесі биік отаудың оң жақтағы тұскиіз, шымылдығына шаңырақтан түскен күн сәулесінде көктемдік, жаңа , ашық рең бар. ...Орыс тілінде жазылған ұзақ әңгімені Абайдың ең алғаш рет еркін ұғып, тіл бөтендігін жеңген кезі осы. Ұғымды болған кітап бірінші өткел болды. Таза, сары, ашық өткелдей. Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел.»3.«Абайдың көп жылдан бері жетсем деп, тырмысып созылған, арманды жағасына шығаратын өткел» Ол қандай өткел? Абай арманы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз. №4 сарапшы парағы «... -Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сыры тыңдаушыны әніңмен ұйытып өтетін нтуысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой. Үніңді өшіріп, сезімтал жаныңды тұншықтырып, елден ерек хасиетіңді бүркеуші, осы ауылмен қоса мен болыппын!- деген...» Ықтимал жауап: Әйгерімнің өнеріне жасалған қиянат арқылы жазушы сол замандағы өнер адамдарына жасалған қысастықты; әйел теңсіздігі және әлеуметтік теңсіздік мәселесін танытады; Абайдың өнерді бағалау мәдениеті мен өресін танытады. Бұлбұл –метафоралық қолданыста тұр, әнші құс. Әйгерімнің әншілік өнерін бұлбұл құсқа балайды да, өзін бұлбұлды қамаған аушыға теңейді. 3.Өнер өріс алу үшін, көкжиегі кеңею үшін не керек? Өнер өріс алып, көкжиегі кеңею үшін еркіндік, бостандық керек. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 2 мин
Кері байланыс
| №3 -слайд №4 -слайд №5 -слайд №6-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 мин | «3-2-1» әдісі Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті Қиындық туғызған 2 жағдай Сезіміңді білдіретін 1 сөз Үйге: Оқушылар білімін толықтыру үшін үйге оқуға ұсынылатын материал: «СОҒЫС және БЕЙБІТШІЛІК» – ТЕКТІЛЕР мен ТЕКСІЗДЕРДІҢ ТАРИХЫ» атты Мәдина Серікқызының филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақовамен жүргізілген сұқбатын оқу. | №14 -слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?