«Абай жолы» эпопеясының әдеби- тарихи маңызы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Уақыты: 2020 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

11.3.1.шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаттары

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Бағалау критерийлері

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

Дескриптор

1. Шығарманың басқа шығармалармен ұқсастығын/айырмашылығын анықтайды;

2. Ұқсас шығармамен салыстырады.

3.тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық құндылықты дәріптеу.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: идея, мазмұн, тарихи құндылық, көркемдік құндылық.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:менің ойымша, менің пайымдауымша, біздің байқағанымыз, сайып келгенде, біздің аңғарғанымыз, біздің көзқарасымыз, ең бастысы.

Пәнаралық байланыстар

тарих

АКТ қолдану дағдылары

youtube 12.05.16 АБАЙДЫҢ ҰЛЫ ЖҰМБАҒЫ

https://www.youtube.com/watch?v=oLNIxRK9xJs

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқушылардың шығармашылық, сыни ойлау, зерттеу қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар орындалды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1.Миға шабуыл

Сынып оқушылары «youtube 12.05.16 Абайдың ұлы жұмбағы» (https://www.youtube.com/watch?v=oLNIxRK9xJs») бейнебаянын көреді, бейнебаян бойынша талқылау жасап, пікір алмасады.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критериін жасайды.

youtube 12.05.16 АБАЙДЫҢ ҰЛЫ ЖҰМБАҒЫ

https://www.youtube.com/watch?v=oLNIxRK9xJs

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

Салыстыру

Оқушылар жеке «Абай жолын» тақырыбы мен идеясы ұқсас басқа шығармамен салыстырып кестені толтырады, жұмыстарын аяқтаған соң жұбымен алмасып бірін- бірі тексереді.

М.Әуезов «Абай жолы»

Р.Тоқтаров «Абайдың жұмбағы»

Тақырыбы

Идеясы

Құндылығы

Тарихилығы

Түйіні

Үндестігі

2- тапсырма: «SWOT талдау» әдісі

Оқушылар топқа бөлінеді. Бір топта төрт оқушы болады.

Топтағы оқушылар алдымен «Абай өмірбаяны және ондағы тарихи деректер көзі» мен «Құнанбай және Абай» мақаласымен танысады, пікір алмасады.

Көркем шығармадағы тарихи деректерді көрсетеді.

Кейіпкерлер бойындағы құндылықтарды әлем әдебиетіндегі ұқсас кейіпкерлермен салыстырады.

S – Кейіпкерлердің мықты жақтары

W – Кейіпкерлердің әлсіз жақтары

O –Кейіпкерлердің мүмкіндіктері

T – Кейіпкерлерге қатысты қауіп-қатер.

Топ мүшелері талдау аяқталғаннан кейін «Шарлау» әдісі арқылы жұмыстарына топтық бағалау жасайды.

Рамазан Тоқтаров. "Абайдың жұмбағы"

http://www.madeniportal.kz/article/4335

«Абай жолы» эпопеясының тарихи орныhttps://vikidalka.ru/2-90559.html

«Құнанбай мен Абай» https://abai.kz/post/39542

Абай өмірбаяны және ондағы тарихи деректер көзі

https://baribar.kz/student/5209/abay-oemirbayany-zhane-ondaghy-tarikhi-der-4/

Сабақтың соңы

Бағалау

«Соңғы сөзді мен айтайын»

Сынып оқушылары «М.Әуезовтің «Абай жолы» романының әдеби –тарихи маңызы неде?» тақырыбына эссе жазады.

Оқушылар белгіленген уақытта эссе жазып болғаннан кейін топ ішінде бірін-бірі тексеріп бағалайды:

  • Эсседе әдеби шығарма құндылығы қалай ашылған?
  • Эссе шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын талдап көрсете алған ба?
  • Эссе арқылы оқырман өз ой-пікірін, жеке көзқарасын шығармашылықпен жеткізе алды ма?

Кері байланыс

Кері байланыс: Оқушылар «ББТЗО» кестесін толтырып, мұғалімге тапсырады.

Б

Автор туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?

Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?

Дифференциация – Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Соңғы сөзді мен айтайын » әдісі кезінде жағдай жасалады.

Бағалау- жұптық және топтық бағалау жүзеге асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу