«Абай жолы» роман – эпопеясы (Жайлауда). Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация.
«Абай жолы» роман – эпопеясы (Жайлауда)
Оқу мақсаты:
романдағы ғаламдық тақырыпқа ой қосып, эссе жазу.
Бағалау критерийі:
Шығармадағы ғаламдық тақырыпқа ой қосып, эссе жазады.
Ой шақыру
Шығармадағы кездескен ғаламдық тақырыптарды анықтаңыз. Мысалдармен ойыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор:
шығармадағы кездескен ғаламдық тақырыптарды анықтайды;
көңілге түйгенін жазып, ойын қорытындылайды.
Жазылым (эссе)
Тақырып:
Автор «Жайлауда» бөлімінде ән тыңдай алмай «өкініш пен күйікте қалған» қоңыр үйдегілердің мұң-наласын баяндаған.
Сауал:
«Автор халықтың әлеуметтік жағдайын тарихи шындықпен дәл бейнелеген» деген пікірмен келісесіз бе? Кедейлік мәселесіне қатысты ойыңызды білдіріп, 200-250 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Дескриптор:
халықтың әлеуметтік жағдайын суреттеген автордың шеберлігіне тоқталады;
пікірмен келісіп, келіспеуін білдіреді;
халықтың жағдайын тарихи шындықпен қалай бейнелегенін талдайды;
ғаламдық мәселеге қатысты өз идеясын айтады.
Үйге тапсырма:
«Абай жолы» роман – эпопеясына ұқсас шетелдік шығарманы оқып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?