Атымды адам қойған соң. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал.


  • «Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісі.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының нақылға айналып кеткен сөздерін талқылай отырып, сөз болған құндылықтар туралы жұпта, сыныпта ой бөлісіңіз.

1.«Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың.»

2.«Атаңның баласы болмаАдамның баласы бол!»

3.«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»

4.«Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын»

  • М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы «Шытырманда»

Осы кезде бағана бұлар шақыртқан Оспан келіп кіріп еді. Абай оның сәлемін алған

жоқ. Інісі қасына кеп отырып болмастан сөйлеп кетті:

— Әй, Оспан, кеше елінді жау шауып жатқанда, сен болыс қайда жүрдің деймін?

— Қай жауды айтасың, астапыралла?

— Жау емей кім, бар кедей-кепшікті қан қақсатқан бүлік топ? Қайда жүрдің деймін?

— Мен сияз құрып, Сақ-Тоғалақта болдым ғой.

— Немене, сенің өз малың бір басыңа жетпей жүр ме? Осы «қарашығын» деген

қасқырдың жемін қайдан таптың?

— Ойбай, не дейсің? Мен өзім үшін жинап па едім?

— Патшаның алымы мен недоймкесі аз ба еді? «Қарашығынды» болыс, би, старшын, тілмаш, атшабар жейді. Соны «кімге жиятынымлы білмедім» леп. енді өтірік те айтпақсың

ба?

Оспан мол денесімен қозғалақтап, Абай алдында ұлық алдынан бетер қысылды.

Ол қазір Абайдың ашуынан жасқанды да, жақында болған бір халді айтпай, іркіп

қалды. Анығында, Никифоров мұның кеңсесіне алғаш келгенде, Оспан өзі де сонда

болатын. «Недоймкені» және «қарашығынды» қандай тығыздықпен, қатты шаралармен

жию қажет екенін суық түспен бұйырған-ды.

Оспан осындай «недоймке» мен «қарашығыннан» кедей-кепшіктің жылда

зарлайтынын айтып, сескене қарап еді. Тартыншақтап, «тым құрыса, өз басын жұрт

қарғысынан амандасам» деп жалтақтап көрген. Сонан ары Никифоров пен Сойкин

Оспанды оңаша шақыртып алып, қатты қысқан-ды.

— Сен патшаның салығын жиып бере алмай отырған нашар болыссың, осы үшін біз

оязға, губернаторға рапорт түсірсек, сен орныңнан ғаңа түспейсің, қазынаның салығына

қарсы шығып, бөгет жасаған кісі боп, ең алдымен басың сотқа ілінеді. Қайсысын

тандайсың? Айт!..- деген Никифоров.

Содан кейін Оспан амалсыз осындай зіл-салмақтан ығысқан да, «недоймке» мен

«қарашығынды» түгел жиюға қол қойған. Бірақ «басымды алып қашсам еді осы пәледен»

деп Тәкежанға шаққан соң, ол бұған ақыл-айла үйреткен.

— Біріншінің биі болысы жоқта болыстың орнына жүре алады ғой. Ұлықтармен мен

болайын, Жиренше болсын. Сен сияз құрған боп анау Сақ-Тоғалақ сияқты жырақтау елдің

біріне аттанып кет!—деген-ді.

Оспан кешегі әлек күндер кезінде осындай сылтаумен тайқып жүрген. Енді бұл

сырын ашуға Абайдан тағы үялып отыр.

— Е, мен бұрын болыс болып көріппін бе? Соны ел-елдің бар болысы жиғызады

деген соң, жиса жисын деп ем, әйтпесе...

— Сонда жарым үлесті өзім жеймін дедің ғой?!

— Өзім үшін емес, ойбай... Қайдағы пәлені қайдан таптың, Абай-ау! Қайдан білейін, иттерді! - деп, Оспан әлдекімді боқтап жіберді.

— Өзінді боқта әуелі!— деп Абай ақырып қалды.

— О, батыреке, жерлеп болдың ғой, ақылынды айтшы, одан да. Айыбымды немен

жуайын... Кімді жазала дейсің?

— Сорлыны емес, жуанды жазала деймін. Елдің ақысын әпер, тым құрыса, солардан!

— Оларың кім? Кімдерден әперейін?

— Бастығы өзіңнен, менен, Тәкежаннан әпер! Ел есесі, ер-азамат, кемпір-шал, жарлы-жакыбай еңбегі кімде кетіп жүрсе, содан әпер. Адам боп еңбек етші, тым құрыса.

Елде кім көп? Жылаған, жоқ-жітік көп. Өзі ұры ұстап, әрі байып, әрі сан сорлыға еселі

жауап бермейтін жауыздық көп. Соларға жаза сал...

— Қайтіп саламын сол жазаны?

— Сиязды, сол жауыздарға жаза кесетін сияз ет.

— Е, міне, мұның ақыл, болмаса, тіпті апшымды қуырып, жанымды жағамнан алдың

ғой, жөн сілтемей тұрып... Ал енді бар ма? Жаңағы айтқан содыр-сойқандарынды тегіс

біліп отырмын, тоқта, енді көрерсің. Оспан болыстық үшін қалтырамайды, тіпті, орнымнан түссем де, «байғұс қолынан келген қайратын халықтың қас-дұшпанына жұмсап түсіп еді» десін! Бәлем, жуан шөгелді ме!.. Жонынан басып жүріп, ең шонжарларын тандап алып тұрып бір соқтығайын.

Абай Оспанның ендігі жүзіне жылынған шыраймен қарады. Анық қайрат, қимыл

көрсетердей.

— Осы айтқаныңды басташы. Сенімен бір туғаным үшін шын бір қуанатын

болайыншы. Түссең де адамшылық, азаматтық жолына басып барып түсші!..

— Үндеме... енді, қоя тұр... Сөз бітті!— деп, Оспан Абайдан ендігі ақылды сұрағысы

келместең, тұра жөнелді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу