Атымды адам қойған соң. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация.


Қызығушылықты ояту «Ойлан. Жұптас. Талқыла»

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының нақылға айналып кеткен сөздерін талқылай отырып, Абай көтерген құндылықтар туралы жұпта, сыныпта ой бөлісіңіз.

1.«Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың.»

2.«Атаңның баласы болмаадамның баласы бол!»

3.«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»

4.«Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын»

Сабақтың тақырыбы: Атымды адам қойған соң ...

Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазу

Бағалау критерийлері: Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, эссе жазады

Мағынаны тану

«Шытырманда» тарауы

Сауалдар легі:

Абай Оспанға неліктен ашуланды?

Абай неліктен халық жағына шықты?

- Абай мен Оспан әрекетіне берер бағаңызды түсіндіріңіз.

Тапсырма:

«Абай – әділдік пен адамшылықтың күрескері» деген пікірге көзқарасыңыз қандай? Берілген үзінді мен Абайдың нақылға айналған сөздерін қолданып және өз пікіріңізді білдіре отырып, 200-250 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Дескрипторлар:

нақыл сөздерді қолданады;

пікірмен келісіп, келіспеуін білдіреді;

аргумент ретінде үзіндіден мысал келтіреді;

ғаламдық мәселеге қатысты өз ойын жазады.

Рефлексия. Табыс баспалдағы

Үйге тапсырма: романнан үзінділер оқу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу