Атымды адам қойған соң. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мезімді жоспар бөлімі: Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Козбагарова Б.М.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Атымды адам қойған соң...

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазу

Сабақтың мақсаттары

Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазу

Бағалау критерийлері

Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, эссе жазады

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

Пәнаралық байланыс

Ұлттық педагогика, тарих

АКТ-ны қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны пайдаланады

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту. «Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісі.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының нақылға айналып кеткен сөздерін талқылай отырып, сөз болған құндылықтар туралы жұпта, сыныпта ой бөлісу.

1.«Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың.»

2.«Атаңның баласы болмаадамның баласы бол!»

3.«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»

4.«Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын»Сабақтың мақсатын таныстыру, тақырыпқа болжау жасау, мақсатқа сай критерийлерді анықтау, талдау.

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану

Оқушыларға «Шытырманда» тарауынан үзінді оқуға тапсырылады.

Сауалдар легі:

  • Абай Оспанға неліктен ашуланды?
  • Абай неліктен халық жағына шықты?
  • Абай мен Оспан әрекетіне берер бағаңызды түсіндіріңіз.

Тапсырма:

«Абай – әділдік пен адамшылықтың күрескері» деген пікірге көзқарасыңыз қандай? Берілген үзінді мен Абайдың нақылға айналған сөздерін қолданып және өз пікіріңізді білдіре отырып, 200-250 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • нақыл сөздерді қолданады;
  • пікірмен келісіп, келіспеуін білдіреді;
  • аргумент ретінде үзіндіден мысал келтіреді;
  • ғаламдық мәселеге қатысты өз ойын жазады.

Оқушылар эссе жұмыстарын жұпта оқып, таныстырады, сыныпта жұбының ұсынумен оқиды.

Бағалау: «Қол соғу»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «Табыс баспалдағы»

Оқушы өзінің қай баспалдақта тұрғандығын талдайды.

Үйге тапсырма: романнан үзінділер оқу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақтау сөздерін айтамын, қабілеттері одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін кері байланыс арқылы анықтаймын.

Ұлттық педагогика, тарих пәндерімен байланысы бар.

Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар).

Құрмет құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу