Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : №1 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: Омирбекова Д.Ш. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып:11L1 | Қатысқан оқушылар саны: 24 | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Көтерілген мәселеге қатысты өзіндік көзқарасын шығармашылық жұмыс түрінде ұсынды | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Елтану,ынтымақтастық; қазақы мәдениетке деген сүйіспеншілік - ашықтық; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Қазақстан тарихы | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту, әртүрлі мақсаттарда жазылатын жазба жұмысына сәйкес стильді таңдай білуге бағыттау. Пән лексикасы және терминология: роман-эпопея, образдар жүйесі, автор ұстанымы. Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: коллизия | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 11-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады және өткен сыныпта оқыған бөлімдермен байланыс жасалады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту «Бес қадам»
Оқушылар кезек-кезек шығып, табандарды басу арқылы ұсынылған тапсырманы орындайды. Шығарма мазмұнын естеріне түсіреді. | Дидактика №1 Слайд 1 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 10 мин 10+5 | Оқушыларға сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. Топқа бөлу: Сыныптағы оқушылар «молекула» әдісі арқылы 6 топқа бөлінеді . Топтағы оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы пікір алмасады. Проблеманы айқындау кезеңі:
Тапсырма №1 ЖЖ Талқылау аяқталған соң, топтағы оқушыларға кубизм арқылы тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар тапсырманы топтық деңгейде орындайды. Кубизм әдісі (деңгейлік саралауға арналған тапсырма) 1-тапсырма. Суретте. Абай өмір сүрген ортадағы мәселелерді көтеріп, сурет түрінде сипаттай отырып, постер жасаңыз. 2-тапсырма. Салыстыр. Абай өмір сүрген қоғамдағы және қазіргі қоғам құндылықтарын, өзекті мәселелерін салыстырыңыз. Тапсырманы Венн диаграммасы түрінде ұсыныңыз. 3-тапсырма. Зертте. Шығармадағы Құнанбай мен Абай образдарын ұсынудағы тарихи шындыққа зерттеу жасаңыз. Автор шешіміні пікір білдіріңіз. Шығармадағы мәселелер қаншалықты өзекті? Қаншалықты шынайы? Тарихи оқиғалармен байланысты ма? Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, қаншалықты шындыққа жанасады? Тапсырманы кесте, сызба түрінде ұсыныңыз. 4-тапсырма. Қолдан. Шығармадағы тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдерді қолданып, толық адам моделін жасаңыз. Тапсырманы ментальді карта түрінде ұсынуға болады. (Деңгейі жоғары оқушылар бұл тапсырманы жекелей орындауы мүмкін) 5-тапсырма. Дәлелде. Романдағы Құнанбайдың әділ, көшбасшы, адал, ақылды, парасатты, дана адам екенін шығармадан үзінділер келтіре отырып, дәлелдеңіз. 6-тапсырма. Талда. Шығармадығы көркем тіл қолданысына талдау жасап, шығармадан дәлелдемелер ұсыныңыз. Жұмысыңызды кластер, кесте түрінде ұсыныңыз. Дескриптор:
Бағалау «Бағдаршам» әдісі Әр топ, жасаған жұмысын ортаға шығып қорғайды, сағат тілі бойынша қалған топтар қорғауға шыққан топты «Бағдаршам» арқылы бағалайды. Пікір білдіреді Қызыл түс – Тапсырма толық орындалмады, себебі ..... . Сары түс – Тапсырма орындалғанымен әлі де толықтыру керек, себебі .... . Жасыл түс – Тапсырма жоғары деңгейде орындалған. Маған ұнағаны ... . РАФТ стратегиясы Бұл жұмыс түрі оқушыларға жекелеме ұсынылады. Оқушылар ұсынылған кесте бойынша жазылым жұмысының түрін таңдайды. . Дескриптор: 1. Жазылымның кімнен екендігін нақты көрсетеді; 2. Жазылым аудиториясын айқын ұсынады; 3. Жазылым жанрының құрылымын сақтайды; 4. Тақырыптан ауытқымайды; 5. Жазылымды 170-180 сөзбен ұсынады; 6. Жазылым барысында кем дегенде 5 көркем тәсіл қолданады.
Жазылымнан кейінгі жұмыс Жұптағы оқушылар бір-бірлерінің жұмысын кезек-кезек оқып, үздік жұмысты анықтайды. Әр жұптан бір үздік жұмыс ұсынылады. Үздік жұмыс топтық деңгейде талданып, әр топтан бір үздік жұмыс анықталады. « Автор орындығы» Топтан анықталған үздік жұмыс автор орындығында оқылады. Оқушылар үздік жұмысты «бес саусақ» әдісі арқылы бағалайды. Бағалау «Бес саусақ» Автор орындығында оқылған жұмыс бес саусақ әдісі арқылы бағаланады. Оқушылар бағалауды дескриптор негізінде бағалайды. | Слайд 3 Дидактика №2 Слайд 4 Дидактика №3 Слайд 5 Дидактика №4 Слайд 6 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. «Блоб» ағашы Сабақтың басындағы көңіл-күйім .... Сабақтың ортасындағы көңіл-күйім .... Сабақтың соңындағы көңіл-күйім .... | Дидактика №5 | |||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?