Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.


І том /1-2-кітап/

Сабақтың тақырыбы:

1-БӨЛІМ. МҰХТАР ӘУЕЗОВ

“АБАЙ ЖОЛЫ” РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ

ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ 1-2-КІТАП

Оқу мақсаты: 11.3.1.1 шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақ мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясындағы тарихи құндылықтарды салыстыру және сыни тұрғыдан бағалау;

Роман-эпопеялардағы көркемдік детальдардың автор идеясын жеткізудегі маңызын талдай отырып, шығарманың көркемдік құндылығына баға беру

Бағалау критерийлері:

Роман-эпопеялардағы тарихи құндылықтарды салыстырады және бағалайды;

Көркемдік детальдардың автор идеясын жеткізудегі маңызын талдап, шығарманың көркемдік құндылығына баға береді.

1-тапсырма ТЖ.

Л.Толстой эпопеясының «Соғыс және бейбітшілік» аталу себебін оқып, М.Әуезовтің роман-эпопеясын «Абай жолы» неліктен осылай атағанын ғаламтор деректері, ғалымдардың пікірлері арқылы зерттеңіздер, атаудың тарихи құндылығын танып біліңіздер.

2-тапсырма Ж. «Керемет пікірталас»

Бірнеше шағын топтарға бірігіңіздер.

Əр топтан 1-2 өкіл шығып, «Соғыс және бейбітшілік» романындағы кейіпкерлер мен соған қатысты тарихи оқиғаны таңдап алады.

«Абай жолы» роман-эпопеясынан осыған ұқсас оқиғалар тізбегін табады. Екі шығармадағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып, концептуалды кесте толтырады.

Кейіпкер бейнесін жасаудағы автор шеберлігі мен шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, сыни тұрғыдан баға береді.

3-тапсырма ТЖ.

«Тыңдайтын үшбұрыштар»

 Үш адамнан тұратын топқа бірігіңіздер.

Спикер эпопеядағы тарихи шындықтың бейнеленуінен бір тақырыпшаны таңдап алып, талдау жасайды, Л.Толстой шығармасынан ұқсас мысал келтіре алады.

Интервьюер мұқият тыңдайды және жазып отырады, егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

Хатшы үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

Келесі қадамда басқа оқушылармен ауысады, рөлдерді де ауыстырып орындайды.

4-тапсырма ЖЖ.,ТЖ.

«Тоғыз бриллиант»

Екі шығармадағы «Тоғыз бриллиантты», яғни М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын тарихи және көркемдік құндылығы жағынан әлемге әйгілі 9 жетістігін әуелі жұбыңызбен ақылдасып жазыңыз, соңынан топта талдаңыздар.

«Галереяны шарлау» арқылы толықтыру, түзетулер енгізіңіздер.

5-тапсырма ТЖ.

«Соңғы сөзді мен айтайын»

Сабина Зәкіржанқызының абайтанушы ғалым Т.Жұртбаевпен сұхбатынан үзіндіні оқып, топта өзара талқылаңыздар,

«Соғыс және бейбітшілік» шығармасынан осы оқиғаға ұқсас үзінді іздеп көріңіздер.

Автор пікіріне өз ойларыыңызды «ПОПС формуласы» арқылы білдіріп, сұхбатта айтылған деректердің қазіргі таңдағы маңыздылығы сыни тұрғыдан бағалаңыздар.

Р Е Ф Л Е К С И Я

«Ойлаудың алты қалпағы»

Сабақ туралы 4 топтан 4 оқушы пікір білдіреді.

«Қызыл қалпақ» - эмоциялар болжамдар, сезу, алдын ала сезу;

«Сары қалпақ» - шуақты оптимизм, логикалық позитивті көзқарас білдіру;

«Жасыл қалпақ» - шығармашылық өсу, мүмкіндіктер, идеялар ұсыну;

«Көк қалпақ» - бағдарлама, үдеріс, ұйымдастырушы, шолу, шешім қабылдау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу