Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


І том /1-2-кітап/

Тараулар

Қысқаша мазмұны

Қайтқанда

13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып Барлас пен Байкөкше келеді.

Қат-қабатта

Елдегі көш-қон. Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылады.

Жолда

Бөжей мен оның жақтастары Құнанбайдың үстінен ұлыққа арыз жазды. Абай Қарқаралыға сапар шегеді. Қарқаралыда Шөже ақынды көреді. Алшынбай Кәмшатты бергізу арқылы Құнанбай мен Бөжейді татуластырады. Бөжей іштей риза болмайды.

  • Шытырманда

Абайды әкесі жер, қыстау бөлу сияқты мәселелерге араластырады. Абай Түйеөркеште Тоғжанды кездестіріп, ғашық болады. Кәмшат қайтыс болады. Көп ұзамай, Бөжей де өмірден өтеді..

  • Бел- белесте

Жігітек, Көтібақ, Бөкенші мен Ырғызбай рулары арасында 3 күнге созылған шайқас болады. Құнанбайдың үстінен арыз түсіп, Чернов деген шенеуніконы алып кетеді. Құнанбай орынбасары Майырды араққа тойғызып, арыздарды жаққызып жібереді. Тоғжан мен Абай кездеседі.

Өрде

Ұлжан Алшынбай ауылына құдалыққа барады. Абай Бөжей асына атсалысады. Абай Тоғжанмен соңғы рет кездеседі.

Қияда

Абай 16 жасында әке атанады. Елде жұт болады. Абай халыққа қамқорлық көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлайды. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке айдалады.

1-тапсырма ТЖ.

1-топ

Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда» тарауларының қысқаша сюжеттік-композициялық жоспарын құрастырыңыздар.

2-топ

Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» тарауларының сюжеттік- қысқаша композициялық жоспарын құрастырыңыздар.

3-топ

Ұсынылған теориялық материалды оқи отыра, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы баса назар аударатын проблемалық тартыстарға шығармадан мысалдар келтіріңіздер, автор идеясының тартыс арқылы шығармада көрініс беру шеберлігіне талдау жасаңыздар.

Тартыс ( конфликт лат. сonfliktus- қақтығыс) – көркем шығармадағы сюжет желісіне арқау болатын, айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Көркем шығарма қаһармандары арасындағы қайшылық, тартыс олар-қарым–қатынасы, іс-әрекеттері, әр қилы көзқарастарынан көрінеді. Эпикалық прозадағы тартыс көбіне қиыншылығы мол оқиғалардың шиеленісі арқылы беріледі. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясындағы негізгі қайшылық, шығармаға арқау болған күрес-тартыс туралы айта келіп: «Үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығы күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болады» дейді. Бұдан адам мен адам тартысы ғана емес, өтіп бара жатқан дәуір мен жаңа заман арасындағы қарама-қайшылық та үлкен шығармалардың арқауына айналмақ. Өмірде ескі мен жаңаның, жақсылық пен жамандықтың күресі бітпек емес. Әртүрлі қайшылық, қарама-қарсылық қақтығыстар өмірде үнемі туып отырады. Сондықтан көркем өнерде бұл жағдай шығармалардың тартыс өзегіне негіз болатын алғы шарт іспетті.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы баса назар аударатын проблемалық тартыстар:

1/ күндестік, бақталастық;

2/ дала шонжарлары мен халық бұқарасы арасындағы тартыс;

3/ рулық тартыс;

4/ әкелер мен балалар проблемасының көрінісі;

5/ екі ұрпақтың, ескі мен жаңаның тартысы.

4-топ

Берілген теориялық материалға сүйене отырып, лирикалық шегініске шығармадан мысал келтіріңіздер, автордың ойы мен сезімінің лирикалық шегініс арқылы шығармада көрініс беру шеберлігіне талдау жасаңыздар.

Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі – лирикалық шегініс. Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі.

Кейде лирикалық шегініс арқылы жазушы кейіпкерлер мен олардың әрекетіндегі өзінің бағалануына ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударуға, әсерлілігін арттыруға ұмтылады.

Кейде бір кейіпкерлерге бағытталған лирикалық шегініс басқа бір кейіпкердің ой-сезімімен астасып жатуы мүмкін, бірақ оқырман бұл үлгідегі лирикалық шегіністі де автордың ой мен сезімнің көрінісі деп қабылдайтыны белгілі.

Кейде автор лирикалық шегіністі өз шығармасының сипаты мен міндетін хабарлау мақсатында пайдаланады.

5-топ

Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Қат-қабатта», «Жолда» бөлімдерінің сюжеттік жоспарын құрастырыңыздар.

6-топ

Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жазушы кейіпкердің жан күйзелісі немесе кейіпкер сезімінің ішкі толқындарын оқырманға терең жеткізу үшін табиғат суреттерін, яғни пейзажды пайдаланады. «Абай жолы» романында кейіпкердің жан дүниесін табиғат суреттерімен астастыра отырып, жазушының образ жасау эпопеядан шеберлігіне мысалдар келтіріңіздер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу