Құнанбай мен Абай. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мезімді жоспар бөлімі: Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Козбагарова Б.М.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Құнанбай мен Абай

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау жасау

Бағалау критерийлері

қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды, талдау жасайды

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ашықтық

Пәнаралық байланыс

Ұлттық педагогика, тарих, орыс әдебиеті

АКТ-ны қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны пайдаланады

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. «Ойлан. Жұптас. Талқыла.»

        М. Әуезов «Абай жолы» романы жайлы түрлі кездесулерде берген сұхбаттарының бірінде: «Романға кіріспес бұрын дүние әдебиетінің барлық озық үлгісін сүзіп шықтым. Немістің, француздың философиялық, тарихи хронологиялық романдарын ақыл-ой елегінен өткіздім»,деген екен. Осы сөздің астарын аша отырып, жазушы  Тұрсын Жұртбай «Құнанбай» атты кітабында былай дейді: «Соның ішінде И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балаларына» иек тіреп, ерекше ықыласын бұрды. Ол осылардан психологиялық шиеленісті үйрене отырып, ілгері дамытты. Мүлде соны ой өрісіне шықты».

Оқушылар өздеріне берілген үзінді талдай келе сабақтың тақырыбын болжайды. Сабақтың мақсатын таныстыру, мақсат бойынша критерийлерді анықтайды.

Слайд

https://abai.kz/post/39542

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану.

Оқушыларға романнан үзінді мен орыс жазушысы И.С. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романының талдауын оқып танысу тапсырылады.

1.

– Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда! Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұртбастайтынадамондайболмайды. Басына ел үйрілмейді. Үшінші, орысшылсың. Солайқарайденқойыпбарасың. Дін, мұсылман жат санайтынынескермейсің! – деді. 

– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көр балалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қартөсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана бағаалады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады... Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді. 2.

«Әкелер мен балалар» (1862) романы - Тургеневтің ең даңқты туындысы. Мұнда ол бүкіл ескілік атаулыны, крепостнойлық құрылыс тудырған заңдар мен кертартпа дәстүрлерді батыл сынайды; қоғам өмірінде өзгеріс, күрделі қопарылыс керек екендігін аңғартады. Бүкіл қараңғылық, надандық көріністерін батыл айыптап, жаңа ұғымдардың ұраншысы ретінде көрінген қаһарман Базаровтың тұлғасы да аса тартымды. Дұшпандары оны ешбір бедел мен әдетті мойындамайтын нигилист деп ат қойып, айдар тақса да, оның алған мақсатының жарқындығын, білімінің кеңдігін, сезімінің тазалығын мойындауға мәжбүр болады. Базаров - алға қойған мақсатын тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де асыруға батылдығы мен байқауы жететін адам. Ол адам өзін-өзі тәрбиелеуге, қоғам алдындағы борышын абыроймен атқаруға міндетті деп есептейді. Сонымен қатар Базаров басқаларды да тәрбиелеу, жақсы жолға үндеу дәуір азаматтарының борышы деп түйеді. Ескіден қалған жолдың бәрін бірдей құптау шарт емес. Халықты бақытқа жеткізетін жолды ғана ардақтау керек деп біледі ол.

«Сұрақтар легі»

  • Құнанбай Абайға қандай мін тақты?
  • Абай әкесіне берген жауабы қандай болды?
  • Құнанбайдың ұлына айтқан міні мен Абайдың әкесіне берген жауабынан өмірдің қандай заңдылығын аңғаруға болады?
  • Абайдың тұлға болып қалыптасуына Құнанбайдың қаншалықты ықпалы болды деп ойлайсыздар?
  • «Құнанбай – жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының  бірі», – деген А.Байтұрсыновтың пікіріне ойларыңызды білдіріңіздер.
  • Роман үзіндісі мен «Әкелер мен балалар» романын талдауы арасында үндестік болуы мүмкін бе? Неліктен?

Үзінді мен талдауды өзара салыстыру (венн диаграммасы)

Кері байланыс: Бағалау критерийлері бойынша өз жетістіктіктерімен бөліседі.

Мұғалімнің қорытынды сөзімен сабақтың түйінін жасау: – «Мен Абай кезіндегі қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі тереңдегі ескіні  Құнанбай бейнесіне жинақтадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның қарама-қарсылығын, ескіні жаңаның  жеңуін көрсетуге тиіс болдым». М.Әуезов.

https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/42196/

https://el.kz/news/archive/content-29887/

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Үйге тапсырма: Романнан үзінділер оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақтау сөздерін айтамын, қабілеттері одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін кері байланыс арқылы анықтаймын.

Ұлттық педагогика, тарих, орыс әдебиеті пәндерімен байланысы бар.

Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар).

Құрмет, ашықтық құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу