М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Хасенова А.Т.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Ғасырлық туынды.М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

Сабақ мақсаты

«Қияда» бөліміндегі кейіпкерлер жүйесін жинақтайды, кейіпкердің ерекше қасиеттерін даралайды, өмір шындығын көрсетеді

Бағалау критерийлері

- кейіпкердің іс-әрекеті арқылы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды

- таңдалынған кейіпкердің ерекшелігін, даралығын талдайды

- кейіпкерлер образы арқылы өмір шындығын көрсетеді

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Заман көрінісі, салт-дәстүрлер көрінісі

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта шығарманың жанрлық ерекшелігіне талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

«Интервью» әдісі

Оқушылар шеңберге тұрып жұптасады. Мұғалім оқушыларға екі түрлі қима қағаз ұсынады.

Микрофон – сұхбат беруші

Чек-лист – сұхбат алушы

Мұғалім оқушыларға кесте ұсынады. Осы кестеге қарай отырып оқушылар өзара сұхбат жүргізіп, кейіпкерлер образына талдау жасайды.

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен жай-күйіне қатысты үзінділерді оқи отырып, қай кейіпкерге қатысты екенін анықтап, кейіпкердің сипатына 1-2 сөйлеммен ғана талдау жасаңыздар.

Кейіпкер әрекеті мен сөзі

Қай кейіпкерге тән

Кейіпкердік қандай сипаты танылады?

- Сен жас болсаң да ақылды адамсың. Халқыңа жаның ашиды екен. Оның зор қасиет. Бірақ сол елің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім жарығына ұмтыл! Оқу ізде!

- Менің тілімді алсаң, болма! Ұлықтық қасиет емес екен. Көзіміз жетті ғой. Бектік бұзады екен және түбінен қайыр шықпайды, қарғыс шығады екен. Жас өміріңді зая қылма!

Ол Абайдың Тәкежаннан кіші бола тұра, жақсы атты жігіт боп бара жатқанын қызғанып жақтырмайды.

- Қарағым... жалғыз қарашығым! - деп, Ұлжан жаққа қарады да, - анаңды күт! - деді.

Қима қағаздар

Ортасы

34 мин

Оқушыларға сабақ тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Жұптық жұмыс

«Мен таныған образ»

Жұпта кейіпкерді таңдау арқылы кейіпкердің тарауда байқаған ерекше мінезі мен қасиетін анықтап, дәлел келтіріңіздер. Анықталған әрекетке қатысты өзіндік көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Сіздің кейіпкеріңіз

Тарауда кейіпкеріңіздің қандай ерекше мінезі мен қасиетін байқадыңыз?

Кейіпкердің осы әрекетіне сіздің көзқарасыңыз қандай?

Абай

Дәркембай

Құнанбай

Тәкежан

Ұлжан

Зере

Шығармашылық жұмыс

Кейіпкерлер әлемі сыр шертеді

Оқушылар топта бір тақырыпты таңдап шағын зерттеу жұмысын жүргізеді.

Тапсырма: Кейіпкерлер және олар арқылы танылатын құндылықтар турасында пікір білдіріп, дәлелдер келтіріп, шағын жоба жұмысын жазыңыз.

  • Шығармадағы Құнанбай бейнесін берудегі тарихи және көркем шындық
  • Әуезов сомдаған ұлы аналар бейнесі
  • Шығармадағы Абайдың азаматтық образы

«Галереяда ой шарлау»

Әр топ өз жұмысын сынып қабырғасына іледі. Оқушылар сағат тілінің бағыты бойынша «Галереяда» орналасқан материалдармен танысып стикерге кері байланыс жазып қалдырады.

Бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады.

Оқушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Ұпай сандары 1-3 ұпай

- кейіпкердің іс-әрекеті арқылы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды

- таңдалынған кейіпкердің ерекшелігін, даралығын талдайды

- кейіпкерлер образы арқылы өмір шындығын көрсетеді

Қима қағаздар

Таратпа материал

Бағалау парақтары

Соңы

3 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан өміріме қажетті қандай ой түйдіңіз?

Қандай дағдыларыңызды дамыта алдыңыз?

Қай топтың жұмысы сізге ерекше ұнады? Неге?

Келесі сабаққа қандай ұсыныс айтасыз?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу