М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, таратпа материал. 20 сабақ.


Шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығы дегеніміз не?

 Қандай өнер туындысы болсын, оның көркемдік құндылықтары, бəрінен бұрын, көркемдік- эстетикалық өзге деңгеймен өлшенбек. Бұрын ешкім бара қоймаған, тың жатқан, сүрлеу-соқпау түрде қоймаған тақырыптар болуы мүмкін, қаламгердің өз оқырманына айтар ауқымды да салмақты ой- идеясы болуы мүмкін, алайда ондай туындының көркемдік-эстетикалық деңгейі төмен болса, жазушы еңбегінің еш болғаны. Демек, осынау эстетикалық ұғымның өнер туындысындағы орны жайлы ертелі-кеш жазылған ірілі-ұсақты еңбектерді атүсті шолып өткеннің өзінде де көп мəселеге көз жеткізуге болады. Əрине, əр зерттеуші көркемөнер туындысының көркемдік-эстетикалық өзге деңгейіне əр түрлі қырынан келгені де мəлім. Тіпті белгілі бір зерттеу нысанының ауқымында болса да, кез келген автордың шығармадағы көркемдік-эстетикалық ізденістер жүйесіне атбасын бұрмай өтпейтіні де аян. «Кейіпкер кескіні қалайша сомдалды?», «Жазушы оқырманын қалайша баурап алды?» деген сауалдарға жауап іздегенде қаламгер шеберлігіне көбірек назар аударамыз. Демек, шеберлік — тым кең ұғым. Ол, бəрінен бұрын, суреткердің дүниетанымымен, эстетикалық идеясымен, сұлулықты қабылдау, қорыту ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Осыдан келіп, стильдік ерекшелік туындайды [1; 28]. Ал, стиль— адам (Бюффон). Əдебиеттану ғалымдары кеңінен танып, мақұлдаған бір көркемдік тəсілді екінші қаламгерде неге жау деуге болмайды. «Толстойдағы диалогизмді Достоевскийде неге аз?», сондай-ақ, керісінше, «Достоевский монологизмін неге Толстойда аз?» деп сауал қоюға болмайтыны сияқты, Есенберлиндегі хронологиялық талдау неге өзгелерде кездеспейді деу əбестік. Əр талантты қаламгер — жеке əлем. Жеке тағдыр. Сыршылдық, сұлулық əлемі. Эстетикалық идеал.

 Қаламгер Сматаевтың романдарындағы пейзажды бейнелеу тұтастай дерлік бір мақсатқа бағынған, ол — мейлі, бұрқанған ашу-ыза, ішкі сұрапыл болсын, тіпті, кең ауқымда алсақ, беймезгіл уақыттағы аласапыран, қанды оқиғалар болсын, қалай болғанда да, көркемдік-эстетикалық қызметін мінсіз атқару арқылы шығарманың бүкіл негізгі арқауындағы сюжеттік желілермен шебер қиюласа алатындығы.

 Жазушы сонау ХVІІІ ғасырдағы алапат оқиғаларға бүгінгі күн тұрғысынан үңіле алған. Жаны сұлу, мінезі мəрт көшпенділер ғұмыр кешкен кеңестік пен Сматаев өмір сүріп жатқан кеңестік біреу. Тек уақыт қана əр түрлі. Осы тұста қаламгер қолданған көркемдік-эстетикалық ізденістер жүйесі арқылы автордың жетекші идеясы алдыңғы кезекке шыққан. Бүкіл сюжеттік желілердегі кейіпкерлер іс-əрекеті, сөйлеген сөзі, дүниетаным, көзқарасы — бəрі де осы жетекші идеяға бағындырылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу