М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 20 сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Хасенова А.Т.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Ғасырлық туынды.М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдау

Сабақ мақсаты

«Абай жолы» роман - эпопеясының құндылықтарын анықтайды

Әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдайды

Бағалау критерийлері

«Абай жолы» роман – эпопеясынан маңызды 5 құндылықты анықтайды

Әлем әдебиеті мен

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Заман көрінісі, салт-дәстүрлер көрінісі

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта шығарманың жанрлық ерекшелігіне талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Көңілді доп»

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім оқушның қолына доп ұсынады. Допты бірінші алған оқушы «Тарауда» бөлімі бойынша ең маңызды оқиғасын сипаттап айтады. Допты келесі оқушыға лақтырады. Осылайша әр оқушы бөлімнің маңызды оқиғаларын мазмұндап айтады.

Сандар арқылы сынып топқа бөлінеді.

Доп

Ортасы

34 мин

Оқушыларға сабақ тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Мағынаны тану

1-топ.

«Сюжеттер картасы»

Тарау бойынша маңызды 4 сюжеттің картасын (сурет, сызба) сызыңыз. Бір сюжетті таңдап, оның неліктен маңызды екендігін дәлелдеңіз. Осы сюжетте қагдай құндылықтар көрініс тапқан? Талдаңыздар.

2-топ

Тараудағы басты оқиғалар мен оларға қатысты кейіпкерлерді жазыңыз (кем дегенде 5 оқиға болуы шарт).

Р/с

Тараудағы басты оқиғалар

Құндылықтар

1

2

3

4

5

6

3-топ

Тараудағы маңызды құндылықты анықтап, оның маңыздылығын ПОПС формуласы арқылы талдап айтыңыздар.

«ПОПС» формуласы

  • Бірінші сөйлем: «Біздің ойымызша ...»
  • Екінші сөйлем: «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз …»
  • Үшінші сөйлем: «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз…»
  • Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік ....».

Оқушылар топта жұмыс жасайды, жұмысты аяқтаған соң сынып алдында қорғайды.

Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

«Құндылықтар себеті»

Топпен ақылдасып, себет ішіндегі құндылық туралы жазылған қағаздардың бірін таңдаңыздар.Тараудағы көрініс табуына талдау жасап, шығармадан 3 түрлі дәлел келтіріп, құндылық болып танылуы/танылмауына қатысты өзіндік тұжырым жасаңыздар. Қандай ғаламдық шығармаларда осы құндылық көрініс тапқан байланысытырп айтыңыз.

Әр топтан бір спикер шығып, өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар айтылған пікірді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды

«Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – бәрі түсінікті

Сары түс – сұрағым бар

Қызыл түс – толық ашылмады, толықтыру керек.

Бағалау

Бағалау критерийлері арқылы оқушы жұмыстары бағаланады

Қима қағаздар

Таратпа материал

Соңы

3 минут

Рефлексия

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған

3 маңызды ақпарат

2 тұжырым

1 сұрақ

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу