М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
Дидактика №1
«Иә, бірақ»
Тұжырым:
- Қодар мен Қамқаның жазасы әділ болды;
- Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылғанымен келіспеймін.
- Бөжейдің Құнанбайға арыз жазғаны дұрыс емес.
- Бөжейге Кәмшатты беру орынды болды.
- Құнанбай айлакерлік танытып Майырды алдап соқты.
- Абай Ділдәға үйленуге қарсы болмады.
- Әйгіремге құда түсу орынсыздау болды.
- Оралбай мен Керімбала бір-бірін ұнатып қалуы үлкен мәселеге алып келді.
Дидактика №2
Топқа бөлу:
Дидактика №3
Дидактика №4
Ақ (ақ бұлттар) – Шығарма мазмұны негізінде фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беріңіз. Ақпараттардың шығарманың қай бөлігінен алғандарыңызды көрсетіңіздер .
Қызыл (от) – Шығармада кейіпкерлердің ішкі сезімдері мен эмоцияларын сипаттайтын үзінділерді анықтаңыз. Ақпараттардың шығарманың қай бөлігінен алғандарыңызды көрсетіңіздер .
Қара (тұман) – Шығармадағы кейіпкерлердің негативті ойлары мен қайғы, мұңы сипатталатын үзінділерді талдаңыз. Ақпараттардың шығарманың қай бөлігінен алғандарыңызды көрсетіңіздер .
Сары (күн) – Шығармада оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойларды ұсынатын кейіпкерлер мен шығарма үзінділерін талдаңыз. Ақпараттардың шығарманың қай бөлігінен алғандарыңызды көрсетіңіздер .
Жасыл (дала) – Шығармадағы жаңашылдықты, жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойларды ұсынатын кейіпкерлерді талдаңыз. Ақпараттардың шығарманың қай бөлігінен алғандарыңызды көрсетіңіздер
Көк (аспан) – Шығармада жоғары деңгейдегі пікірлер мен, ақыл айтып, кеңес беретін кейіпкерлерді талдаңыз. Ақпараттардың шығарманың қай бөлігінен алғандарыңызды көрсетіңіздер .
Дескриптор:
- Ойын дәлелдеу үшін кем дегенде 6 шығарма үзіндісін қолданады;
- Үзіндінің негіз ойын ашып, талдайды;
- Үзіндінің қай кейіпкерге тән екендігін айқындайды;
- Үзіндінің қай тараудан алынғандығын көрсетеді;
- Қорғау барысында топ мүшелері толық қатысады;
- Жұмыс жасау барысында шығармадан дәйексөздерді қолданады.
Дидактика №5
Дескриптор | Т | О | Ж |
Ойын дәлелдеу үшін кем дегенде 6 шығарма үзіндісін қолданады; | |||
Үзіндінің негіз ойын ашып, талдайды; | |||
Үзіндінің қай кейіпкерге тән екендігін айқындайды; | |||
Үзіндінің қай тараудан алынғандығын көрсетеді; | |||
Қорғау барысында топ мүшелері толық қатысады; | |||
Жұмыс жасау барысында шығармадан дәйексөздерді қолданады. |
Дидактика №6
«Блоб» ағашы
Сабақтың басындағы көңіл-күйім ....
Сабақтың ортасындағы көңіл-күйім ....
Сабақтың соңындағы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?