Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Пайым мен парасат

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1 сынып Қоғамдық –гуманитарлық бағыт

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С. Елубай «Жалған дүние» романы.

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

 Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырады

Оқушылардың көбі шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи құндылығын бағалайды

Оқушылардың кейбірі шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Бағалау критерийі

Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер:

Пән лексикасы және терминология: ғаламдық тақырыптар, креативті ой

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

Адамгершілік, патриотизм, отаншылдық рух

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қ ұқық, әдеп

Алдыңғы білім

«Жалған дүние» романы мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау жасады

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-9

Оқушыларды түгелдеу, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін құрастыру.

Қызығушылықты ояту

«Броундық қозғалыс»

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Сабақтың ортасы

10 -26

27-32

33-35

Мағынаны тану

ЖЖ. Талқылау сұрақтары

Оқушылар «Жалған дүние» романынан берілген үзінділерді оқып, астарлы мағына мен көркемдік ерекшеліктерді анықтап, олардың көркем шығарманың тарихи құндылығын арттырудағы қызметін талқылайды.

  • Берілген үзіндінің көркемдік ерекшелігіне, көркемдегіш құралдардың не үшін қолданғанына түсінік беріңіз.
  • Үзіндіде сол кезеңге байланысты құндылықтар мен шиеленіскен мәселелер, зұлымдық пен опасыздық әрекеттер, тарихи ақпараттар қалай және қай кейіпкер арқылы көрініс тапқан?
  • Хансұлудың арманы, тілегі мен ойы қандай? Едігенің өз кітабын жарыққа шығаруға деген талпынысы қаншалықты маңызды еді?

Жауабыңызды ғаламдық тақырыптармен байланыстырыңыз.

Келесі жұп алдыңғы жұпты бағалап, кері байланыс береді.

Т. ПОПС» формуласы

Оқушылар «Жалған дүние» романы бойынша оқиғалар мен қайшылықтарды, құндылықтарды саралай келе, жеке талдау, жинақтау жұмыстарын жүргізу негізінде сөйлемдерді толықтыруы керек.

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып бағалайды

шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды

сұрақтарға талқылай отырып,жауап береді

ғаламдық тақырыптармен байланыстырады

шығарманың тарихи құндылығына өзіндік көзқарас тұрғысына баға береді

презентация

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
  • бүгін сабақта қуантқаны.....
  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.
  • маған ерекше ұнағаны.....
  • сабақтан соң маған........келді.
  • бүгін маған..........сәті түсті.
  • қызықты болғаны.....
  • ......қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім.....
  • енді мен......аламын.

Үй тапсырмасы

С.Елубай шығармашылығына қатысты зерттеулерді оқу.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу