Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Таныстым»

Қазақ тілі әдістеме бірлестік жетекшісі

_____________

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Оқу мақсаты

11.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау

Бағалау критерийі

  • Көркемдегіш құралдарды таба алады;
  • Автордың көзқарасын анықтай алады;
  • Ақынның стилін анықтай алады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар көркемдегіш құралдарды табу арқылы, өлеңге талдау жасайды. Ақынның өлеңіне талдау жасай отырып, стилін анықтайды.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

Мектеп құндылығы:

  • Құрмет;
  • Ынтымақтастық;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылым, бейнебаян (қажетіне қарай)

Тілдік мақсаттар

Тіл мәдениетін дамыту

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Іс-әрекет

Дереккөз

дер

Сабақтың

басы

7-8 мин

Бірінші сабақ.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақтың мақсатымен танысу. Күтілетін нәтижелер анықтау.

Үй жұмысын сұрау

Мұғалім нұсқаулы

ғы

Сабақтың

ортасы

5-6 мин

2-3 мин

10-12 мин

7-8 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылармен бірге Қ.Аманжолов туралы ақпаратты еске түсіру. Ақынның 3 қырын тақтаға жазып, мысалдармен дәлелдеу.

С

  • «Әрбір адамның өз стилі, өз ерекшелігі болу керек» дегенге қалай қарайсыңдар?
  • Автор стилі дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Осы уақытқа дейін өткен қандай ақын-жазушылардың өзіндік ерекше стилін байқадыңдар? Ол неге байланысты деп ойлайсыңдар?

ЖЖ

Тапсырма №1

Берілген үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, дәптерлеріңе жазып алыңдар. Автордың не айтқысы келгенін анықтаңдар.

1-жұп

Өзге  емес, өзім айтам өз жайымда,Жүрегім жалын атқан сөз дайында.Тереңде  тұнып жатқан дауыл күйді,Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…

Аманжол – Рахымжанның Қасымымын,Мен қалған бір атаның ғасырымын.Біреуге жұртта қалған жасығымын,Біреуге аспандағы асылымын.

2-жұп

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,Көрінер көлеңкесі келбетімде,Қай жерде үзіледі  қайран сапар,Түйін боп өмірімнің бір шетінде.

Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.Немесе бастармын ба екінші өмір,Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.

3-жұп

Дүние,  жалт-жұлт еткен кең мекенім,Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.Арпалыс ала құйын заманаларАрбасып тұрып алды, мен не етемін.

Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,Көп күттім, көп тіледім құмарлана.Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,Алыстан көрінгенмен мұнарлана.

4-жұп

Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,Қараймын елесіңе мен таңырқап.Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.

Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,Ізімді табарсыңдар  әзер іздеп.Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,«Досың да,туысың да біздерміз» деп.

5-жұп

Ризамын туғаныма адам болып,Өкінбен қаламын деп бір күн солып.Адамзат сапарының мейманымыз,Бір мезет жер бетіне кетер соғып.

Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы,Көруші ең құбылысты қай – қайдағы.Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,Қап – қара түнек болып маңайдағы

6-жұп

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,Өкінем ұқсата алмай келемін деп,Күніне жүз ойланып, мың толғанам,Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Барым да, бақытым да осы өлеңім,Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.Өмірге келгенім жоқ бостан – босқа,Мен қайтып, босқа жасап, босқа өлемін.

7-жұп

Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,Сөз соғам құлашымды еркін керіп.Суарып шынықтырам күйге малып,Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.

Құя алман үгітілген балшық өлең,Көңілімде көл жасаман тамшыменен.Серінің семсеріндей сертке таққанӨлеңнің өткірін бір алшы менен.

8-жұп

Ежелден ерке бұлан Қасым едім,Бұлқына тасып едім, басып едім.Жүзім – жаз , көңілім – көктем кең пейілді,Жақсының жүрегіне ғашық едім.

Сөзім жыр, лебізім – күй ерке едім,Өз жерім, өз елімде еркеледім.Өмірдің алтын сарай аспанынаҚиялым қақты қанат ерте менің.

9-жұп

Кең жайдым құлашымды дүниеге,Білдім мен қайғыра да, сүйіне де.Әйтеуір әрі – сәрі болғаным жоқ,Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде…

Аяған жүрегім жоқ  жолдасымнан,Сый көрді не бір сараң мол ҚасымнанЖолдастың жүзін қайта алдым жинап,Айрылсам ала көңіл он досымнан.

10-жұп

Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,Бақытын ойламаймын  құр басымның.Тымырсық  түнек болсаң – дұшпаныңмын,Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.

Боламын ақын Қасым әлі де мен,Өлеңін  бөбегіндей  әлдилеген.Қанатын қағып жылдам келер жылдар,Бәрін де қарсы аламын ән – күйменен.

11-жұп

Бір күні от өмірім қалса өшіп,Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп.Торқадай жамылып ап топырағын,Жатармын өз жерімде бір төмпешік.

Дариға, о дариға,шіркін дәурен,Басымнан таярмысың бір күн дәурен.Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.

12-жұп

Тоқтамас өмірімнің сағатындай,Жүрегім енді қанша соғар тынбай.Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып,Мерт болған балапанның  қанатындай.

Түсірген ой сәулесін шар тарапқа,Ақылдың  алтын оты сөнген шақта.Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім.Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.

13-жұп

Сондықтан ап кел бері домбырамды,Кеудеме күй қанаттықондыр әнді.Берейін өмірімнен өлең жасап,Шашайын оңды – солды сол мұрамды.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,Олар да бұл Қасымды бір байқасын.Өртке тиген дауылдай өлеңімдіҚасымның өзі емес деп кім айтасың!

Бағалау критерийі:

  • Көркемдегіш құралдарды таба алады;
  • Автордың көзқарасын анықтай алады.

Ж

Тапсырма№2

Автордың стилі

Сен қалай өзгертер едің?

Сабақтың

соңы

5-7 мин

Сабақты қорытындылау:

  • Бүгін біз өттік .....
  • Бүгін біз үйрендік ....

Үйге тапсырма: Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттап келу.

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Бас бармақ әдісі арқылы

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік ережелері

АКТ.

Құндылықтар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу